Мына суреттегі бұйымдар атақты құсбегі Тіней мен оның сары құсына қатысты бұйымдар. Анау Тінейдің аңға шыққанда асып жүретін киіз сумкасы, ал жанындағы сол кісі ұстаған мылтықтан сақталған бөлшек. Қасындағы былғары – сары құстың томағасын салып тіккен үлгі қалып. Мұны Құмыл қаласында тұратын Тіней ұрпақтарының әспеттеп сақтап отырған жерінен суретке түсіріп едім. Осындай мұраның бар екенін естіп, арнаулы барғанымда, әзер көрсетіп еді. Себебі олар мұны құнды мұра ретінде сақтап келеді, көп ешкімге көрсете бермейді. Бұл мұраның жүз жылдан астам тарихы бар.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ
6alash ұсынады