А. Байтұрсынұлының «Шаруалық өзгерісі» тұңғыш рет ғалымның өзіне тиесілі еңбек ретінде өзінің академиялық жинағында толық (табылған бөлігі) жарияланған еді
Кітапшаның бет-бейнесіне қарап, бұл еңбек қазақ басылымдарының ішіндегі өңді-суретті басылымдардың алғашқы қарлығаштарының бірі деуге болады. Себебі, басқа арыстар мен зиялылардың еңбегін айтпағанда, Ахмет Байтұрсынұлының көзі тірісінде жарық көрген ондаған кітабын түпнұсқадан зерделеген азамат ретінде, бұл қазірге дейін табылған Ахаң еңбектеріндегі жалғыз-ақ өңді-суретті басылым екенін кесіп айтамыз.
Міне осы сөйлемдердегі жиі қайталанып отыратын тіркестер үш мақаланың да авторы бір адам – А. Байтұрсынұлы екеніне тиянақ болады. Оның үстіне ғалымның жиі қаузаған тақырыптарының бірі өркениетті ел болу, ғылым мен өнер арқылы ұлтты ағарту, озған елдер қатарына жеткізу болғандықтан, осы салада жиі ізденгені байқалады.
Айнымал – бұл сөз ала бұлтты немесе күн бірде ашылып, бірде жауындатқан тұрақсыз ауа райын бейнелеуге арналған. Халықтың тілінде де айнымал сөзі айнығыш, тұрақсыз, тұрлаусыздықты бейнелейтін сөз екені баршаға аян. Алматының ауарайы мүмкін осы айнымал сөзіне дәл келсе керек. Алақандай ғана мәтіннен Алаштың ұлт ұстазы салған сара жолдың әлдебір бөлегі көзге шалынғандай болады. Аталған мәтінде қыстың ауа райын «ашық», «қар», «бүркеу» және «айнымал» деп төрт-ақ түрге бөліп көрсетеді «жаңа құралдың» авторы сол кезеңнің жеткіншектеріне.
А. Байтұрсынұлының тұтас сөз әдісімен жазған «Әліпби. Жаңа құралының» жеткіншектерге қазақ әліппесін үйрететін бірінші сабағынан осындай мағлұматтарды байқай аламыз. Айналасы бірнеше беттің ішінен ғалымның осыдан ғасыр бұрын жазған оқулығындағы заманауи білім берудің ең қызықты әрі озық тәсілдерін жасаған байқампаздығын, шеберлігін және теңдессіз парасатын көре бастадық. Оқулықтың келесі беттерінде кездесетін қызықты мәліметтерден бұл ойымыздың онан әрі дәлелдене түсетініне сенімдіміз. Себебі, Ақымет Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы еді.
Ақымет Байтұрсынұлының «Әліпби. Жаңа құрал» атты оқулығына өзі жазған бір жарым беттік алғы сөзінен көрген-білгендеріміз. Келесі жазбамызда ғалымның «Жаңа құралындағы» әрбір қыстырма суреттер мен сөз-сөйлемдердің сырын ашып, оқырманмен ой бөлісетін боламыз.
Мінеки, қадірлі оқырман, біз бүгін ұлт ұстазының «Әліпби. Жаңа құрал» атты оқулығының мұқабасы мен алғашқы екі бетінде кездесетін ресми ақпараттарға талдау жасап, сіздерге ұсынып отырмыз. Келесі жазбамызда А. Байтұрсынұлының аталған оқулыққа өзі қолданысқа енгізген аса құнды терминдерін және көнерген тіркестерді ортаға саламыз. Сондай-ақ, Ақаңның ұлы ағартушы екенін онан әрі дәлелдей түсетін әйгілі әдіскерлік қырымен таныстырамыз. Сөз жоқ, А. Байтұрсынұлы әлемдік деңгейдегі көшбасшы ғалым.
АЛМАТЫ кімнің қаласы немесе отбасынан озбаған дүниетаным
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжандардың көрегендіктеріне таң қалмасқа шарасыз қаламыз. Мағжан «Мен жастарға сенемін» деп жырласа, Ахаң мен Әлихан жасы өздерінен екі мүшелге жуық кіші, ізбасар інілері Елдес Омарұлы бастаған буынды «еркелете жетектеп» отырады. «Қазақ» газетінің жазуы болған «Төте жазуды» ендігі жерде «Қазақ» емлесі, «Қазақ» жазуы деп атап кеткен сол тұстағы зиялылар, Ахмет Байтұрсынұлының осы тапқырлығын қолдап, бірі аға бірі іні, бірі жаға, бірі жең болды.
Ғасыр бұрын ұлттың төл баспасөзінің бірегейі болған «Қазақтан» көзімізге шалынған, биыл бір жарым ғасырлық мерейтойы Юнеско деңгейінде аталып өткелі жатқан, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жалғыз жапырақ жазбасынан осыншама ой қозғап, қалың елі – қазағына ұсындық.