Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Өлшем бірліктерін білдіретін қазақтың көне сөздері өте көп кездеседі. Қазақ халқының мақал–мәтелдерінде де өлшем сөздер жиі кездеседі. Мәселен: «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек кез болар».
Ұзындық өлшемдері:
Ұзындық және қашықтық өлшемдері мүлде екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол (1;5см), екі елі, үш елі..., тұтам, сынық сүйем (14–15см), сүйем (17-18см), қарыс, кере қарыс (20-22см), кез (50см), аршын (75см), құлаш (1,80-2м), т.б.
Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70 – 80 см - ге тең (дәлірек айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі;
Елі – сұқ саусақтың екінші буынының еніне тең өлшем:
1 елі ≈ 2 см;
Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. «Сүйем» сөзі монғол тілінде «соом» тұлғасында, ал тунгус – маньчжур тілдерінде «суум» дыбыстық құрамында көрініп, бұларда да қазақ тіліндегі мағынада қолданылады. Бірақ осылардың бәрі сөздің алғашқы тұлғасы мен тұңғыш мағынасы емес. Оған себеп – қырғыз тіліндег «соомей», тунгус – маньчжур тілдеріндегі «суу» сөздері біздің тіліміздегі «сұқ қол» дегеннің орнына жұмсалады. Сондықтан «сүйем» өлшеміне саусақтың қатысы барлығына орай, осы сөздің тууына негіз болған деген ойды түйіндеуге болады. 1 сүйем ≈ 18 см;
Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі 14-15 см;
Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.
1 қарыс ≈ 23 см;
Құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының аралығына тең өлшем.
1 құлаш = 8 қарыс = 2,5 шариат кезі = 167,5 см.
2 таяқ тастам жер = 1 құлаш;
Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық, метрге тең өлшем, кез. Аршын – заттың көлемін аршынмен өлшеу, мөлшерлеу, яғни 75 см.
Қашықтық өлшемдері:
Адым – жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы 1 м;
Таяқ тастам жер – тым жақын жер, яғни 10-15 м;
Дауыс жететін жер – 250-300 м;
Шақырым – 1шақырым;
Иек астында – 4-5 шақырым;
Қозыкөш жер – 5-6 шақырым;
Көз ұшында – 6-7 шақырым;
Тайшаптырым – 4-5 шақырым;
Құнаншаптырым – 8-10 шақырым;
Бір көш жер – 10-15 шақырым;
Атшаптырым – 25-30 шақырым;
Өте алыс жерлер – жер аяғы қиянда, жер түбі, жер мойны қашық, қиыр, ит өлген жер, ит арқасы қиянда.
Салмақ өлшемдері:
Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген.
Қадақ – Шығыс елдерінде көп қолданылған салмақ өлшемі. Қадақ ескіліктегі жазбаларда жиі ұшырасады. Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Ол 200 грамға тең;
Батпан – салмақ өлшемі. Бір батпанда 200-300 грамм ауырлық бар. XIX ғасырларда Ташкент, Шымкент қалаларында бір батпан 10,5 пұт, яғни 171,99 кг, Әулиеатада 12 пұтқа тең келген, яғни – 196,56 кг-ды құрайды;
Мысқал – 25 грамға тең салмақ өлшемі (бір қадақта 96 мысқал бар);
Шөкім – бес саусақтың шөкіміне іліккен заттың өлшемі;
Пұт – салмағы 16 килограмға тең ауырлық өлшемі. 1 пұт – 40 қадақ;
Қолтық – кісі қолын бүгіп бүйіріне жеткізгенде қолтығының астына сыятындай көлем;
Шымшым – ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына қысып ұстағандағы сыйымдылық өлшемі;
Қос уыс – қос қолдың алақанын біріктіре қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі;
Уыс – қолдың алақанын қобылай ұстағандағы сыйымдылық өлшемі:
Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Уақытын анықтау өлшемдері
Қазақ халқы жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқан).
Мезгіл өллшемдері:
Сол уақыттың бір сәтін ғана айқындайды. Мысалы:
Елең-алаң;
Түс-кеш;
Түн ортасы;
Қыс, көктем, жаз, күз – мезгіл өлшемдеріне жатады.
Мерзім өлшемдері:
Бір сәт 1 секунд;
Қас қағым, ә дегенше (1 сек);
Сүт пісірім 5 – 10 минут;
Бие сауым 1,5 сағат;
Ет пісірім 2,5 – 3 сағат;
Бір түн, бір күн 24 сағат;
Апта 7 күн;
Ай 30 – 31 күн;
Тоқсан 3 ай;
Жыл 365 күн;
Ғасыр 100 жыл.
Адам өмірі өлшемі:
Жас (1 жыл);
Мүшелмен 12 жыл;
1 мүшел 13 жас;
2 мүшел 25 жас;
3 мүшел 37 жас;
4 мүшел 49 жас т.с.с. бөлінеді.
Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы: елең-алаң, құланиек, таң сәрі, құлқын сәрі, таң бозара алакеуім, таң біліне, таң ата, күн шыға, күн қызара, күн қыза, күн көтеріле, күн арқан бойы көтеріле, түске жақын, тал түс, шаңқай түс, талма түс, сәске түс, түс ауа, түс қайта, бесін, екінді, кеш, көлеңке басы ұзара, күн бата, ымырт, іңір, апақ-сапақ, жөппелдеме, намаздыгер, ақшам (намазшам), ақшам жамырай, бей уақыт, қас қарая, түн қараңғысы, ай туа, түн ортасы, жұлдыз сөне т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тіл қабілетінен жоғары тұрғанын дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған.
6alash ұсынады