Есек арам дегенің мүлде өтірік

Есек арам дегенің мүлде өтірік, 
Көрдік есек арбада бірге отырып. 
Ұрсаң да, боқтасаң да қыңық етпейді, 
Бір үйлы жан артына сүйретіліп.

Шәйтан бар деп жүргенің жалғаншылық, 
Шәйтан түкте қылған жоқ ардан шығып. 
Шәйтан бар деп жүргенің өзіңдегі, 
Арсыздық пен аярлық, алдамшылық.

Біреуді иіт деп қорлауда надандығың, 
Иіт қорғап жүр қораңның амандығын. 
Жуынды шайындыңа ақ ыразы боп 
Иесіне көрсетер адалдығын.

Ақ сарбас деп атайтын тойға да ұдай 
”Хаиюан“Деп ат қоямыз қойға былай. 
Пышаққада тамағын түсейтұғын, 
О, Жануар момақан қойларым ай. 
Адамның арсызынан тойғаным-ай!

Құрманбек ЗЕЙТІНҒАЗЫ

6alash ұсынады