Байтік Дүйсебайұлы. Қырға барсам

Байтік Дүйсебайұлы 1940 жылы Қазан айында Алтайдың Ертіс өзені жағасындағы Қаратал деген жерде дүниеге келген. 1963 жылы Шинжияң университетінің химия факултетін тамамдаған.

Өлеңдері 1956 жылдан бастап жарияланып, қазірге дейін, «Аққайың», «Бойтұмар», «Сырластарға сыр» қатарлы өлеңдер жинағы, «Аққан жұлдыздар» атты эссе, әңгімелер жинағы баспадан шыққан. Ауыз әдебиетін жинау-реттеу қызметі үшін «Мемлекеттік үздік қызметкер» атағын алған. Қаламгердің шығармаларына алыс-жуықтағы сындарлы жұрт тәнті болған.


Қырға барсам



сөзі: Байтік Дүйсебәев
әуені: Нұрбақыт Қожаұлы
орындаған: Думан Бейбітханұлы


Жыр қайығы

Өшпесін деп
Беймаза күнім Бекер,
Мен емеспін
Сайран сап дүрілдетер,
Өткел бермей
Өмірдің көк өзені
Күнде қайық жасаймын
Мініп өтер,

Желкен керек,
Оған да ескек керек,
Барі – бәрін
Көңілім екшеп көрет.
Жүйрік болсын қайығым,
Шымыр болсын,
Салған жерден
Шығатын төстеп бөлек.

Ақынның да қымбаты ісімерлік,
Ойыстырам
Кімде кім түсінер қып.
Кейде шошып оянам
Топан судан
Нұх кемесі
Түнімен түсіме еніп.

Халық барда қам бар ма

Ежелден бар қасқа жол,
Бізде соған жалғастық,
Жетпеседе басқа қол,
Шамамыз бар жамбастық.

Таумыз десед бұл күндер,
Күн қақтаған әр төбе.
Ең дұрысы ٴбылдың бе,
Халық берген мәртебе.

Табынады ел бізге де
Достар несін ығамыз.
Хандар шыққан мінбеге
Өлең оқып шығамыз.

Халық барда қам бар ма,
Еркелетіп келеді,
Биік биік заңғарға
Қолтықтан кеп демеді.

Қарт айтады

«Елу деген ердің жасы»
Бізде онда болғамыз,
Оққа ұшсада ердің қасы
Қанжығада олжамыз.

Жүруші едік кең өрісте,
Ойхой, дүние-ай, көсіліп,
Байбішеге бөгеу түссе,
Тоқал жақта шешініп.

Дейді қартым, (жетім шалым)
Ақиықтай желпініп,
Көз алдында екі сағым,
Көңілінде жел тұрып.

Әкім мен ақын

Әкімді халық іздейді,
Мұқтажымды айтсам деп,
Ақынды халық іздейді
Өлең тыңдап қайтсам деп.

Әкімде де әкім бар,
Сөзі ағатын, ақпайтын,
Ақында да ақын бар
Айтатын да, айтпайтын.

Кер құландар

Бетбақтың
Бетпе бет кеп боранына,
Жүретін тірлік құрып өз алдына.
Кешегі босып кеткен
Кер құландар,
Жаутаңдап мекеніңе оралдың ба?
Жат жерде
Құлағыңа құр бақа ойнап,
Япырым-ай
Кімдер қалды обалыңа.

Сексеуіл,
Тораңғылы табының бау,
От шашқан
Тұяғыңнан шағыл мынау.
Қыс – қыстау
Жаз жайлауың шақырады,
Бәрінде сағындың-ау,
Сағындың-ау,
Баяғы қуғын көрген
Кер құландар,
Түсетін үйіріңмен қағың мынау.

Шаттығың шабысың ба,
Желісің бе,
Оралып желдей естің
Өрісіңде.
Жалыңа жіберейін ақтық байлап,
Аманда ақ жол тілеп келісіңе.
Үрікпеші осқырнып
Кер құландар,
Мылтығы болмасын деп жең ішінде.

6alash ұсынды