Нұрила Қызыұанқызы. Оның мысығы (әңгіме)

Нұрила ҚЫЗЫҚАНҚЫЗЫ 1951 жылы наурзда Алтай ауданында дүниеге келген. Өздігінен үйреніп жоғары мектеп мағұлматында болған.
1979 жылы тырнақ алды туындысынан әзірге дейін: 500ге жуық өлең, 5 фоема 1 баллада, 5 повест, 49 әңгіме, және қоғамдық әлеуметтік тақырыптармен әдеби сын мақалалардан 20ның үстіндегі туындыларын әр тұрлы басылымдарда жариялады. Етнографиялық мазмұнда қазақ ұлтының аңшылық мәдениетімен оию-өрнек, тұрмыс-салттарынан зерттеулерден «Аңшылық хикаяттары», «Ең соңғы аңшы (қытайшаға аударылған) », «Қазақ аңшылық мәдениеті», «Қазақ оию-өрнектерінің құрлымы» қатарлы кітаптармен бірге бір қанша зерттеу мақаларын жариялап оқырмандардың қарсы алуына ие болды. Сонымен бірге өлең, әңгіме-повесттер жыйнағынан «Ана жыры», «Солтүстік үйек жарқылы», «Ауыл әуендері», «Ертістың ар жағынан», «Бақыттың иісі», «Қыял қыйындылары» қатарлы жыйнақ топтамалар кітабы жарық көрді.
Нұрила қызықан қызы «Тыйаншан әдебиет көркемөнер сыйлығы» «Қазақ-қырғыз тұлпар сыйлығы»11-кезекті мемлекеттік аз ұлт әдеби жасампаздығы «Дүлдүл сыйлығының» иегері.
Мемлекеттік аз ұлт жазушылар қоғамының мүшесі.
Шинжяң жазушылар қоғамының мүшесі.
Шинжяң фолклор қоғамының мүшесі.

Оның мысығы
(әңгіме)

Оның мысығы сүйкімді да жуас еді. Сұр қояндай Ширақ та ебдейлі дене ٴбытымы, жұмсақ та жылтыр ٴжұны бар. Әсіресе қарашығы құбылып, көз алмасы жарықта бозғыл тартып, қараңғыда оттай жанып көрінетін. Ол туғаннан бері осында өскендігінен үй адамдарын айнытпай танумен бірге, жарық бөлмелер мен қараңғы қалтарысқа дейінгі дүние – Мүліктің ٴтұр – түсы, орны мен пайда болған уақытына дейін әбден білетін еді. Бұл мысықтың әр күнгі әрекет дағдысы: орнынан түрегелгенде салданған бойын соза керіліп бір – Екі рет керілу, онан соң бұйырған тамағына тойып алып жайлы орынға орнығып бетін сілекейімен жуған болады да, үйдегі адамдардың қимыл – Әрекетін көзінің астымен бағып отыру болатын.
Оның көзінен қағыс қалатын нәрсе жоқ. Ол бәрын көретін орайға ие. бірақ, көргеннің Барлығын жете түсіне бермейді де, қабағын самарқау ғана қозғап, «Быр – Быр» етіп отыра береді.
Кезінде ол қыран мысық еді. Тығылып жатып әлде нені тықыр еткізген тышқанды тұрған орнынан тырып еткізбей басып алатын алымырдың ٴозы болатын. Ал, қазір мырзасы сыйлы бола бастағаннан бері күйлі болып шыға келіп, тышқан ұстауға ендігәрі зауқы соқпайтын болып, жуандай бастаған сайын ٴжобы – Жөкімге көз қырын салмайтын болып паңдана бастады.
Дүниеде азу, озгеру дегендер осылай басталады екен – Ау. Жаратылыс дүниесіндегі жан иелерінің барлығы әуелгі тұрінен біртіндеп өзгерген дейді ғалымдар. Табиғат ортасына үйлесу, бейімделу барысында, нелер алып хайуанаттардың – Диназаварлардың соңғы ұрпағы да құртымдай бауырымен жорғалаушыларға айналғаны сияқты, аңыздарда «Мысықтың арғы тегі жолбарыс» дейді екен. Рас болса, азулы жолбарыстың тұқымынан ٴбыр мезгілден соң тышқанға ғана шамасы келетін жұдырықтай ғана басы бар, сүйемдей ғана Сирағы бар «Мысық» атты жан иесі шыққандығы күлкілі – Ақ. Тегінде ٴтұз айуандарына жататын мысықтардың арғы атасын адамдар қашан, қай заманда қолға көндірді екен? ал бұл мысық қолға көнгенде қандай, ٴтыпты ыммен жүгіреді десе де болады. Ол иесінің алдында ٴозының мысық ٴұнын де артық шығаруға батылдық ете алмай, «Пыш» десімен шоңқиып отырып қалатын.
Оның иесі жақынғы жылдардан бері талай адамдармен достасты. Тағы ٴоз қажетыне қарай талай достарынан ұзақ өтпей жатып ат кекілін кесісіп кетті. Және ٴұш рет қоныс озгертіп, ٴұй жаңалады. Жабдық – Жиһаздары да жаңаланып, сәулеті біріне кейін ٴбыры асып ٴтұсып отырды. ٴбырақ осы мысығы ғана өзгермей ілесіп келеді. Оның себебі – Иесіне тыйттей де зияны тыймегендігі. Онда еститін құлақ, көретін көз болғанымен, айтатын ٴтылы жоқ. Иесі оның осы ерекшеліктерінен әбден пайдаланып келеді. Сыр сақтағанға келгенде бірде – ٴбыр досы ондай сенімді бола бермейді екен. ٴтыпты келіншегі біле бермейтін құпиялықтарына дейін осы мысығы көзімен көріп ٴжұрыпты. Егер ол мысық болмай, кәдімгі адамдардың ٴбыры болған болса, ахуал жандай болып кетер еді? мысық иесінің аса ٴбыр қошаметті адам екендігін сезінетін. Ол иесінің тағы қандай адамдарды қалай қарсы алатындығына дейін біле қояды. Келген адамдардың ٴбыр ٴболымының қолындағы көтеріншектерін көргенде иесі де қауқалақтай бастайтын. Мұны байқаған мысық та дереу барып иесінің балағына сүйкене «Қуанышыңа ортақпын» дегендей мияулай бастайтын. Иесі де оған пейілін көрсетіп, «Сенің де іздегенің осы шығар» деп ٴдамды тағамдардан ауыз тыйгізеді. ٴтыпты қазы, шұжықтардан қол басындай қылып асата салатын. Оның кей кездерде иесімен «Қуаншықа ортақ болмай» қалатын жағы да бар. Себебі, келген нәрселер үнемі ішпек – Жемек бола бермейді. Жылтыраған ыңғай ٴбыр әдемі нәрселер: көздің жауын алатын алқа, дүзіктер, электронды ٴұй жабдықтары, әсем қолонер бұйымдар, қызылға оралған ала қағаздар болушы еді. Місекең мұндай сауғаттарды көргенде «Маған бұлардың не қатысы бар» деп аяңдап орнына барып «Пыр – Ыр – Пыр – Ыр» әуеніне салып отыра беретін. ٴбыр күні тағы бірнеше Адамдар кіріп келді. Олар жайғасып отырғаннан кейін, мысық әдеті бойынша орнынан тұрып бұраңдай басып иесінің қасына барып отырды. Бұл жолы келгендер бұрынғы кісілердей оның басынан сипап еркелете қоймады. Сөмкаларінән басқа емес, табақтай – Табақтай нөмерлі құжаттарды алып шығып жатты. ٴсоз екпіндері де тіктеу. Солай болсадағы иесі аса ٴбыр ٴылтипат көрсетіп құрақ ұшып жүрген сияқты. Атақты маркалы қымбат темекілер ٴбыр тал ٴбыр талдан күйіп күлдікке ٴтұсып жатты. Мысық келген адамдардың сұсынан жасқанып, иесінің қолтығына тығыла отырмақ болып еді, иесі тосын мінез байқатып, «Сенімді серігін» «Мырыш» деп есік жаққа ٴбыр – Ақ лақтырды. Мысықтың қабырғасы қатты нәрсеге ٴтиып ауырып барады. ٴбырақ, оның «Мен не қылдым» деп қарсы келуге қауқары қайдан жетсін. Иесінің илеуіне бұрынан көніп келе жатқан мысығы бұл жолы да қыңық қыла алмады. Иесі мысығын әшейін жайдары жүрген жайлы күндерде ғана еркелететін. Ал, қарбалас, қабағы түскен күндерде қарап та қоймайтын. Мүмкін, басына күн туса Мына сүйкімді мысығын да құрбанға шалатын шығар. Оған мысқтың көзі жетпейді. Табиғаты оған ٴоз ٴомырын ٴбыр күн – ٴбыр күннен ғана ойлауға, ٴбыр күн қарны тоқтыққа қанағат етуге жазған. Бүгін етім ауырсынса, ертеңім не болады деп ойланатын мысық па? жығылған орнынан түрегеліп, денесін күржите сілкініп – Сілкініп ٴжұнын дүзеп алды да, ٴсал Қираңдаған күйі дыбысын шығармай орнына барып отырып, айтылып жатқан сөздерге құлақ ٴтұрды.
– ٴсыз тарту – Таралғы қабылдапсыз. Мешін жылынан доңыз жылына дейін шұжық ***, қазы – Қарта ***, сармай ***, асыл шараптар *** мұнша, доңыз жылынан сиыр жылына дейін ту бие, қой, ту сиры *** мұнша,-деді біреуі алдындағы қағаздарға үңіле келіп. Мысық селік ете ٴтүсті. «Мұны сұрап қайтеді? қайтарып алып жүрмесін, оның қазаны құр тұрса маған қаспақ та тыймес. . . » деп сасқалақтап «Ми – Ау» деп те жіберді. Қу кеңірдек – Ай десеңші, бағана жазықсыз жәбірленгенде иесіне іштей зауал тілеп отырған ол енді жан баспасқа лаж қалмай, «Жоқ» деп дауыстады. ٴбырақ, «Ми – Ау» дегенде ٴтыл дыбысталуы дұрыс болмады. ٴары тексерушілер де мынау бірдемені ٴбылды – Ау деп елеп жатпады. ٴсойтып тұрғанда иесі жалтара жауап беріп, оның көңілін орнықтырды.
– Тарту қабылдап көрмедім. Бұл әлгі біреулердің шаптаған қарасы болуы болуы мүмкін. Бұл былай. . . -деп қиюын келтіріп түсіндіре жөнелгенде, әлгі нәрселерді көріп, ٴдамын татып жүрген мысықтың ٴозы де сеніп қала жаздады. Ол ішінен «Алғанды алмадым десе бола береді екен – Ау» деп отыра берді. Енді бірдемнен соң сұрақ басқалай нәрселерді қозғады.
– ٴсыз халық пұлы *** мұнша, заттар *** мұнша қабылдапсыз, бұл рас па?
– Суайт. Мұндай нәрселерді алғанды қойып, көрген емеспін. Бұл беделді ٴтұсырып, шалып жығып, орынды өздері алу ٴұшын жасалған қаскұнемдык! мұндай адамдар қашан да қауіпты, сіздер бұл мәселелерді кімнің қалай айтып шыққанын тез арада тексеріп маған мәлімдеңіздер! – Деді. Иесі ٴбыр ٴтұрлы ашуға басып қызарақтай сөйледі. Мысық иесінің беті бүлік етпегеніне «Мырс» етіп күліп жіберді. «ٴбыздың мырзаның алдында сенің андағы қағаздарыңдағы сөздер неге тұрады» демек болып еді, ізінше аузын жұма қойды. Келген кісілердің көзі жетпей отырған «Ұсынылған құнды заттар мен алақағаздар» ٴдал олар отырған сапаның астындағы қобдишада тығулы тұр. Ал ана сұрақшылар үстінде отырса да, астында не жатқанын сезе алмайٴұстырт қортынды шығарып жатты. Оға келгенде мысқтың көргені мен білгені артық та айқын. «Менен ұғысатын болса. . . » деп ойлады ол. ٴбырақ, аналар оны елемеді. Елесе де түсінбейді де.
Ол тағы алғаш үйге кіргенде жылы шыраймен амандаспаған әлгі кісілердің үйден шығарында қошамет көрсетіп, ٴалсын – ٴалы қол алысып, қошақтасып жатқанын көріп тұрды. Сол кезде оның көз алмасындағы ٴдоп – Дөңгелек қарашығы да озгеріп, шарасына түскен барлық көрініс суреттерін сызып тастағандай, ٴбыр қара жолақ сызық пайда болды.

6alash ұсынды