Құрманәлі Оспанов 1924 жылы туған. «Батырларша алға» атты тырнақ алды туындысы 1944 жылы баспа бетін көрген. 1950 жылы гөмөрө басшылығындағы үйірмемен бірге Полшаға барып, дүние бейбітшілігін қолдау жиналысына қатынасқанда жазған «Күркешеден күллі әлемге» атты дастаны жақсы баға алып, кейін 1962 жылы Қытай тілінде жарық көрді.
Құрманалының «Оның өңі мен түсі» атты балладасы 1981 жылы аз ұлттар әдебиет сыйлығын алған.
Құрекең азаматтық ар-намыс пен адамгершіліктің туын биік көтеріп өткен, ұзақ жыл басшылық қызметте болған көрнекті қоғам қайраткері, ардагер ақын еді.
Ақын 1999 жылы өмірден озған. Енді ақынның өлеңдері назарларыңызда болсын.
Не бердім
Дүниеге келдім түнде қырау қабақ,
Кедейлікке тағы бір құрау жамап.
Ер жете аңсап күткен таңды көрдім,
Қандырды мейірімен күн аймалап.
Күн айға, айлар жылға жалғап қолын,
өмірдың баса бердім талғап жолын.
Артыма енді міне мойын бұрсам,
Көрсетті жарты ғасыр жалғап жонын.
Аз екен өткенімнен өтер жолым,
Таяудай дүниеден кетер кезім.
Ал мұнда әлдилеген, әлпештеген,
Халқыма қадірменді не беремін?
Не еді сүбелісі берерімнің?
Әрине, отты жолы өлеңімнің.
Мендегі өлең ғана, оны дағы,
Құйғансың көкірегіме халқым ٴозың.
Кешкейсің қадірменді халқым менің,
Ұяттымын борышым ауыр еді.
Өткізіп күндерімді күйбеңменен
Бермедім, бере алмадым бар дүниені.
Бермедім, бере алмадым, бергенде де
Мардымсыз ауыз бармас бердім деуге.
ٴдариға – Ай борышымды ада етпесем,
Өмірге азамат боп келгем неге? ! . . .
ٴолу бар, жаратылыс заңы жақын,
Мен емес абыржитын, аһ ұратын.
Өлеңім бірге озыммен кетпесін деп
Ақынмын жыр ٴпырысын шақыратын.
О, алып ана отан, ұлы халық,
Қолдай ٴтұс, қолдаушымсың ٴозың анық!
Берейін борышымның бодауына
Жыр толы жүрегімді ٴбырақ жарып.
Қалып қойды
Бал мінезді, балғын ٴжұзды қара көз,
Сезілуші ең өзгеден де маған ٴоз.
Кездескенде тулап жүрек лүпілдеп,
ٴтыл ұшында қалып қойды айтар ٴсоз.
ٴтыл ұшында қалып қойды айтар ٴсоз,
Ауашада тағы, тағы келші кез.
Ауашада тағы, тағы келші кез,
Жан тірегі жар жүрегі ٴмолдыр көз.
Айта алмадым жаным жайын, қарадым. . .
Сездің, жарқын күлімсірей қарадың. . .
Сол күлкіні ٴсұйысудың бағалы
Тат баспайтын алтын кілті санадым.
Сол күлкіні алтын кілтке баладым,
Сол алтын кілт қалап қолға саларым.
Құрбым, тағы, тағы күле қарашы,
Жан сүйсінте жарқыл қағып жанарың.
Таң әуені
Ақ маңдай таң тамылжып күле қарап,
Көтерілді жиектен алтын табақ.
Қызғылт шуақ қырандай тілеп ұшқан –
Ұлы отанды аймалап қақты қанат.
Жасыл манат жамылып, жасарып жер,
Тақты сәндеп шұғынық төсіне кер.
Қағыр дала қаракөк теңіз болып,
Тапты өзіне балама меруерттен тер.
Хуаңхы, Тарым – Қос ішек, іле – Перне,
Домбырамыз жаңаша шертілді де.
Таң әуені шырқалды шың басынан
Жаршысындай жаңа, жас, жарқын дүние.
Әуеніміз әуелеп кетіп жатты,
Шар тарапқа шарықтап жетіп жатты.
Қосылып күй күмбірлеп көк өзендей,
ٴби екпіндеп, Жібек жел есіп жатты.
Айдын көлге айналып шаттық шалқып,
Асыр салды жүректер қаз боп қалқып,
Талықтыра аңсатып атқан таңға
Шашты шашу әжейлер, жаны балқып! . . .
Таң нұрында, тамаша жаңа лебіз-
Қаланды да, теңеліп тереземіз.
Асан қайғы арманы «Жер ұйқта»
Ірге теуіп, «Алға. . . Лап» ٴбізкелеміз.
Төне ٴтұсып, түнере басқан ұзақ
Тұннен тартқан күйзеліп «ٴтыры тозақ»-
Елміз ғой ٴбыз, білеміз таң қадырын,
Таңнан тайсап, тарту жоқ қайта азап.
Таң, нұр – Шұғыла, таратып шүлен шуақ,
Аймалай бер отанды жазбай құшақ!
Таңның, шүлен шуақтың қайнар көзі-
Күн ٴбыздың ٴсанды, ٴманды зор болашақ! . .
6alash ұсынды