Біз Абай заманында ғұмыр кешкен тұлғаларды тану арқылы хакім айналасын біліп, «Жұмбақ» Абайдың өзіне жақындай түсеміз. Ақын танымының ойшылдық деңгейге жетуі қазақтың байырғы халық ауыз әдебиетімен сусындауы болатын. Ол халық арасында кең тараған ертегі, жыр-Дастандарды тыңдап, өз дәуірінде жарық көрген кітаптарды оқумен дүниетәнімін байыта түсті. Әжесі зере мен ел арасында кеңінен танымал ертегіші-жыршылардың, айтқыштардың өз аузынан тыңдағаны – Оның келешекте ақын болып қалыптасуына үлкен әсерін тыйгізді. Абайтану ғылымының білгірі мұхтар Әуезовтің сөзінше, құнанбай баласы тек қана жыр-Дастан тыңдаумен шектелген жоқ. Өз заманына дейінгі би-шешендердің де сөзін құлағына құйып өскен. Сондай сөзге Ділмар, өзі дүлдүл шешеннің бірі – Жанқұтты ботантайұлы. Сонымен, атақты шабанбай биден бата алған жанқұтты кім? құнанбайдың замандасы әрі жақын сырласы болған жанқұтты шешен туралы архив деректері не дейді? енді осыған тоқталсақ, көненің көзіндей,Көмескіленген сөзіндей болған тарихтың ақтаңдақ беттерін ақтарсақ…
Жанқұтты ботантай ұлын ел арасында «Жақсы жан құтты» дейді екен. Халық ішінде «Жақсы» етіп, осындай лақап беруі – Оның жақсыға жақ, жаманға қастығынан болса керек. Жақсы жан құтты 1810 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы аумағындағы, аиюлы тауының баурайында өмірге келген. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады. 1824 жылы әкесі жанқұттыны Қарқаралы қаласындағы медресеге оқуға береді. Медресені бітіргеннен кейін ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына араласады. Жанқұтты шешен шабанбай бидың:
«Тәңірге жағам десең – Азанды бол,
Ағайынға жағам десең – Қазанды бол.
Халқыңа жағам десең – Әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Аймағың суат болсын,
Сөзің халыққа қуат болсын! » – Деген батасын алып, тәлім-тәрбиесін көрген. Заманында ел басқарған құнанбай өскенбай ұлы, алшынбай тіленші ұлы, Құсбек төре сынды ел жақсыларымен тығыз қарым-қатынаста Болған жан құтты шешен екі мәрте 1850, 1873 жылдары қасиетті қажылық сапарын өтейді. 1873 жылы мекке шаһарында қайтыс болған.
Жанқұтты ботантай ұлының алғаш жұртқа танылуы – Жамантаймен жауаптасуы болатын. Қарқаралыға аға сұлтан болып сайланған жамантай төре елдің игі жақсыларын жинапты. Сол жиынға бала жан құтты да барып қатысады. Мұны көрген жамантай: «Бұл қатын-қалаш, бала-шағаның өсек айтатын жері емес, алқалы топтың бас қосатын мәжілісі емес пе, мына бала кім? » – Депті. Сонда жанқұтты: «Ғафу етіңіз, кеше келгенде бір үйге қонақ болып дәм таттық, бір ақсақал «Еті арық екен» деп тыжырынып отырған-ды. Бүгін мені көріп сіз тыжырынып отырсыз! сонда бұл қалай? «Адам алжыса – Астан шошиды, төре алжыса – Жастан шошиды» дегені осы ма? болмаса, «Асыл Тастан шығады, ақыл Жастан шығады» деген аталы сөзді аттап кеткеніңіз қай сасқаныңыз? » депті. Жамантай төренің қасындағылардың бірі: «Сөзін қара, болайын деп тұрған бала екен! » дегенде, жамантай төре жұлып алғандай: «Болайын депЕмес, болып тұрған, төрт құбыласы тең түсіп, толып тұрған жас екен, бұдан былай біздің өкругтің ішіндегі дауға қатысты мәселені осы шешетін болсын» деп шешім шығарыпты. Ел арасында кеңінен таралып, бізге жеткен әңгіме – Осы.
Жанқұтты ботантай ұлы абайдың әкесі құнанбаймен тізе қосып, ел басқару ісінде де үлкен Еңбек етеді. Бұған 1847 жылы құнанбайдың қарқаралыда ғылым іздеген қыр баласы көзін ашатын медресе-мектеп тұрғызу, ел ішінде шариғат жолын берік Ұстанып мешіт салдыру ісін қолға алған кезеңде жанқұтты ботантайұлының есімі алдымыздан шығады. Бұл құжатты абайтанушы мұздыбай Бейсенбәев алғаш тауып жариялаған, 32 парақтан тұратын «Қарқаралы селөсіндағы мешіт құрылысы жөніндегі іс» деп аталатын архив қаттамасы. Құжат Қарқаралы қаласында құнанбай бас болып, іргетәсін қалаған мешіттің салыну тарихына қанықтыра түседі. Дәл осы құжатта жиырмаға тарта билер мен болыснайлардың тізімінде әлтеке-сарым болысынан жанқұтты ботантай ұлының есімін кездестіруге болады.
Құнанбайдың аралас-Құралас болған адамдарының ішінде өзінің өлер күнін сәуегейлікпен айтатын небір атақты әулиелердің өткенін жақсы білеміз. Бізге жеткен әңізәңгімелерге сүйенсек, құнанбаймен сыйлас болған «Найманның шәкісі» атанған шәкі би де Қажы ауылына соңғы келген сапарында: «Құнанжан, менің осы ақырғы келуім шығар, маған да уақыт таяу сияқты» деп сездірсе керек. Сонда құнанбай шәкіге: «Би, сіздің дүниеден өткеніңізді қалай білем? » деп сауал тастайды. Сонда «Найманның шәкісі» : «Ерте дәретке тұрғаныңда, төбеңнен үш аққу ұшып өтеді, содан білесің» дейді. Содан бірнеше ай өткенде, айтқанындай бір күні ерте дәретке шыққан құнекеңнің төбесінен үш аққу ұшып өтеді. Мұны көре салып: «Найманның шәкісі дүниеден өткен екен ғой» – Деп ауыр мұңға батып отыра кетеді.
Осы тектес әңгіме жанқұтты шешен мен құнанбай қажыға қатысты да айтылады…
Ел арасында құнанбай мен абайға қатысты адамдардың қажылық сапарын өтегендері туралы да өте көп айтылады. Атақты «Абай жолы» роман-епөпейәсінда айтылатын өндірбайҚалпе (кейбір дереккөздерде әндірбай) қажылыққа үш мәрте барған адам есебінде айтылады. Соңғы қажылық сапарын өтеу кезінде сол жақта бақиға көшкен делінеді. Енді бір құнанбайға қатысты осындай адам – Жанқұтты ботантайұлы да екі рет қажылыққа барған деседі. Соңғы барарында құнанбайдың келесі жылы барайық деп қолқа салғанында: «Келер жылға қарар едім, ажал қарамайды ғой» деп жүріп кетеді. Бұл шамамен 1873 жыл болса керек. Сол сапарында меккеде қайтыс болған.
Ал, құнанбайдың бір жыл өткен соң 1874 жылы бала-шаға, үрім-бұтағымен кеңесіп, жанына өзінің өкіл бауыры ызғұттыны алып, қарқаралыдан қасына өндірбай қалпені ертіп қажыға сапар шеккені белгілі. Жанқұтты мен құнанбай арасындағы осы бір Байланыстан-ақ, жанқұтты шешеннің болашақты болжағыш қасиетінің бар болғанына, әулиелігіне тағы көз жеткізіп отырмыз. Құнанбай қажылық сапарынан қайтарда жанқұтты шешеннің басында дұға оқып болғаннан кейін: «Жанқұтты, сені жақсы деп мен айтушы едім. Құнанбай, жақсысың деп сен айтушы едің.Ақыры жанқұтты, сен жақсы болдың. Сенің сүйегің қасиетті меккеде қалды. Мен алдамшы өмірге қайтып бара жатырмын» деген сөзі Қажы сапарынан соң ел арасында кеңінен таралыпты.
Қажылық сапарын бірге өтеуді мақсат тұтқан құнанбай мен жанқұттының өте жақын, сыйлас болғанын аңғару қиынға соға қоймас. Жанқұтты шешен бірде Құнанбай ауылына қонаққа келгенінде абаймен жауаптасып, бала абайдың болашағын болжап, батасын беріпті деседі. Ел ауызында кең тараған әңгіме былай өрбіпті: «Аға сұлтан құнанбайдың үйінде меймән болып отырған жанқұттыға ауыл молдасынан сауат ашқан, өзі алғыр бала абай сәлем бере келеді. Құнанбайдың өзі тапқыр, өлең шығаратын баласы туралы естіп жүрген жақсы жанқұтты баланы шақырып, қасына отырғызып алғаннан кейін сауал тастайды:
– Шырағым, дүние неге сүйенеді?
– Дүние үмітке сүйенеді.
– Көздің көрмесі бола ма?
– Көз қабағын көрмейді.
– Шам жарығының түспесі бола ма?
– Шам жарығы түбіне түспейді.
– Болат пышақтың кеспесі бола ма?
– Болат пышақ өз сабын кеспейді.
– Тамағына тартпайтын махлұқат
Бола ма?
– Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды.
Абай жауабына Риза болған шешен оған өлең түрінде жауап беруін сұрайды. Сонда абай:
Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
Талпынған мен балапан ұядағы.
Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,
Дүниенің жалғыз үміт тыйанағы.
Көз көруі жетпейді қабағына,
Шам жарығы түспейді табанына,
Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,
Махлұқат тартпай қоймас тамағына, – Деп жауап береді. Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін абай:
– Сізден сұрақ сұрауға бола ма? –
Дейді тағы да үзілген әңгімені жалғап.
– Е, шырағым, сұрай ғой, – Депті
Жанқұтты шешен.
– Арзан не, қымбат не, дауасыз не? – Депті абай.
– Шырағым, арзан – Өтірік, қымбат – Шындық, дауасыз – Кәрілік емес пе? жанарың отты екен – Ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – Ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол! – Деп батасын беріпті» .
Халықтың санасында жаңғырып, ел ауызында сақталып бізге жеткен ақын абай мен жанқұтты шешеннің тілдескені – Осы. Қалай болған Күнде, абай мен жанқұтты кездеспеді деген дүдәмәл пікір тумауы үшін бір ғана нәрсені айтқымыз келеді. Жақсы жанқұттының абай заманында өмір сүргені – Тарихи шындық. Бұған мұрағатта сақталған қазақтың ел басқару, әкімшілік жүйесіне қатысты құжаттары куә. Екінші мәселе, абай мен жанқұттының кездесуін өмірде болған деп топшылауға болады. Олай дейтін себебіміз, құнанбайдың аға сұлтан болған кезінде болыс болған жанқұтты ботантайұлы Қажы ауылында қонақ болмады деп айта алмайсыз. Неге десеңіз, абайға қатысты ғылыми Еңбектерде елдің бетке шығар қаймақтары Құнекең ауылында біте-қайнасып араласқаны жиі айтылып, жәриә көріп жүргенін тілге тыйек етеміз.
Жалпы, жанқұтты айтқан сөз деп бізге жеткен шешеннің сөз мұрасын бағамдай қарасақ, туындыларынан үш түрлі бағыт байқалады: бірінші – Халыққа қамқор болу, сыртқы дұшпандарынан қорғану үшін жасаған іс әрекеттері. Екінші – Ел бірлігін сақтау, ру арасындағы мәселелерді шешу барысында әділ қазылық ету. Үшінші – Ұрпаққа ұлағатты сөз Қалдыру, жастарды тәрбиелеуге айрықша мән беру.
Сөз басында айтқанымыздай, хакім абай ел арасындағы сөзге ұста шешендермен пікірталасқа түсіп, өзіне дейінгі би-шешендердің дау-шарларын да жақсы білгенін ойға тұтуға болады. Бұл – Абай құнанбай ұлының өмір сүрген ортасы туралы тағы бір тарихи шындық. Танысқанымыз – «Жақсы жанқұтты» болып ел арасында есімі қалған жанқұтты ботантайұлына қатысты тарихтың бір ұшы ғана. Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты даңғайыр даламыздың данышпандары әлі де көп-ақ. Зерттеу, зерделеу алдағы атар таңның Таразысында деп түйдік.
Қуат Қиықбай,
Абайдың «Жидебай-бөрілі» қорық-музейінің ғылыми қызметкері
6alash ұсынды