Шәмшабәну Қамзақызының өлеңдері

Ақын, ұлағатты ұстаз Шәмшабану ҚАМЗАҚЫЗЫ 1940 жылы Шәуешек қаласының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Шинжияң иниституты әдебиет мамандығына оқуға түсіп, 1959 жылы Үрімжі өнеркәсіп – қатынас техникумында оқытушылық сапарын бастайды. Бір мезгіл Шинжияң жастар өрендер баспасында қызмет істеген ол 1970 жылдан 1978 жылға дейін боратала обылысы Жың ауданы Дахиянзы ауылы орта мектебінде тіл–әдебиет мұғалымы болады. 1978 жылдан 1984 жылға дейін Үрімжі қалалық 14 орта мектепте мұғалым, 1984 жылдан бастап Шинжияң оқу ағарту иниститутында әдебиет мұғалымы болып, 1998 жылы дотсент атағымен зейнетке шығады.

1956 жылы «Тау бұлағы» атты өлеңімен әдебиет алабына аяқ басқан ол сонан бері көптеген жыр жинақтары мен прозалық шығармалын жинақ етіп жариялады. Кейбір танымдық еңбектері халқарлық сыйлық еншілеген. Шамшабану мемлекеттік жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік қаламгерлер қоғамының тұрақты жорасы, Шинжияң қаламгерлер қоғамы төрағасының орынбасары, Үрімжі қалалық саяси мәслихат кеңесі 5-6 кезекті құрылтайының екі кезек мүшесі болған. Есімі еліміздегі көптеген томдарға енгізілген.

Көктем келді

Табыстың басы көктем де келді,
Құлпырар дала кілемдей түспен,
Тасыған шабыт кеудемді керді,
Тамаша менің жерімде өскен.

Арнаға симай әлкүрең тасқын,
Құздардан құлап, белдерді асқан.
Көк жүзін шарлап, тамылжып жақсы үн,
Күлімдеп көктем құшағын ашқан.

Ағыздық суды, тоғанды жөндеп,
Дихан дос жүрген өңірге қара.
Жабдығыңды алып Еңбекке кел деп,
Күледі атыз бусанып қана.

Поезде

От арба-менің көлігім,
Ойқастатып баса бер.
Мейірі ыстық отаным,
Құшағыңды аша бер.

Терезеден сырт жаққа,
Қарап келем қызығып.
Сәнді қала, сары дала,
Қалып жатыр тізіліп.

Кең байтақ өңір керіліп,
Көрінеді көсіліп.
Көгендеулі көп вагон,
Келеді елді көшіріп.

Жүрген сайын аптығып,
Соғады жүрек екпінмен.
Соғуын жүрек отанға,
Махаббаты деп білгем.

Қызығыңды отаным,
Тамашалап келемін.
Аңсаған арман лебізі,
Қағады көңіл елегін.

Жүйткиді пөйез күркіреп,
Таулардың сесін тыңдамай.
Аузынан ақ бу шашады,
Көмірді қылғып турамай.

Жүрген сайын арынды,
Тынар емес солғындап.
Ақбас тау Боғда артымда,
Қала берді қол бұлғап.

Қалып жатыр қаз – қатар,
Тарлан белдер талпиған.
Құла түзде кешегі,
Шарықтап бүгін шалқиды ән.

Жатқан жер бар әлі де,
Құла құмы есіліп.
Құм құшақтап құтыра,
Соғады желі есіріп.

Жол жағалай дихандар,
Жүрсе егінін өсіріп.
Жарасар еді көрікті,
Көк орман жатса көсіліп.


6alash ұсынды