Шаймұрат ҚАМЗАҰЛЫ
Жұтпа тұзақ
Құз қиялы жартастың үлбіреген төбесінен садақ қанат сары шегір ұшып шықты. Зуылдаған қанаттарымен кеңістікті тіліп еркін самғап барады. Сеңгір шоқылардың серек басын құйындай айналып, оның бауырындағы шөкпе бұлттарға сүңгіп шығады да, кейде бетімен жүзіп алып таудың алыстағы қойнауларына көз жүгіртеді. Анда-санда шалғысын кере жазып, мойынын оңды-соңды бұрап, қанталаған екі көзін жоғары-төмен кезек төңкереді. Енді бірде тегеуірінді тұяқтарын салалап, төбе шашын тұкситіп бауырына қарайды. Кейде екпіндеп барып аунап түсердей, керме иығын жарқ еткізіп кілт бұрылады да, алдындағы кеңістікті тастай беріп, серек тасты нар өркешті қиялардың астымен қапталдай ұшады. Бауырына суық өткізіп, денесінің қызуын басатындай ақ бас шыңдардың орқаш мұздарына кеудесін жалатып қауырсындарымен сипап өтеді.
Зеңгір көкті шарлаған даланың болат тұяқ түз қыраны ерекше жаратылған өткір көзімен жер бетіндегі қыбыр еткен қимылды қалт жібермеді. Оның баққаны да тіріЖанның жыбыры еді. Тіпті, сонау алақандай алақандай көртішқанның түртектеткен топырағы дам топты қарақоңыздың домалатқан құмалағы да елбең етіп көзіне еркін түсті. Осындай ұшқыр қанат, отты көздің көріп жүргенінен көрмегені тіпті де көп еді. Жер бетінде аспандағы айдынды батырдан қорғалап тұрған арқар, Құлжа, марал, елікті көрмеді. Тіпті, таудың ең биігіне шығып алып, кейде бауырының астында жатқан қасқырды да ол көрген жоқ. Оларды көруі үшін жануарлардың өзінен бұрын жіті қимылы керек еді. Тегеурінді аспан серісіне жанды мен жансызды парықтайтын сана бітпепті. Тәңірім оған берген зейіннің барлығын екі көзіне құйып, оның артқы миына қоспай қойғанына Таң қаласың. Бұл кемістігіне бола ол кенжелік көрмейді. Өйткені, тіршлік қимылсыз жан сақтай алмайды. Ол аспаннан келіп алатын мақлұқ. Оның алдында жасырынудан басқа амал жоқ.
Жер бетінде өзінің терін көтеріп, тең тіресетін жануарлардың қимылы байқалмаған соң, алып аспанның қоңыр желімен теңселіп үлкен шеңбер салып айналды. АйналғанСайын шеңберін кішірейтіпөзі биіктей берді. Биіктеген сайын Ұлытау бұйраланып, бауырының астына келді. Ол ең соңғы шарықтау шегіне жеткенде дөңгеленетін көлемі шаңырақтай ғана болып, бейне жер бетінен көнус тәрізді бұрандалы сызық салып шықты. Бірақ, мөлдір ауа оның ізінен белгі қалдырмады. Енді оның отты көздері жалтылдаған нұр шашып, жер бедерін бұлдыратқан жоқ. Қайта оның жазығы мен қойнаулары қағаздағы суреттей айқын алдына келді. Ол өзінен басқа күшті жоқ, осы әлемнің жалғыз иесіндей айбарланып шәңк-шәңк етті. Осы бір түз тағысы Ұлытауды әр күні осылай шарлайды. Бұдан запы болған даланың сумақы қу түлкісі де, адырдың қоңыр киігі мен зеңгір жартастың тауешкісі де бұққан орнында қимылсыз жататын болды. Тіпті, қанаттылардыңпыры қаршыға да, тұйғын мен лашын да оның қарасы өшкенше дым болды. Десе де тынымсыз тіршліктің мәжібүрлеуі оны аңдып отыруға мүмкіндік бермеді. Бір-бірден жем болып оның жұдырықтай бөтегесіне түсіп қортылып жатты. Ол қортқан сайын кеңіп нысапсыз Қорқауға айналды.
Өзінен басқаның бәрін жымқырып, айбатына ай жасырынған аспандағы батырдың алдынан айқасқа шыққан жалғыз ақсақ, соқыр шал болды. Ол жанына кішкентәй немерсін ертіп, қолына бір кесек етті ұстап қорымның етегінен өрледі.
– Ата, қайда барамыз? андағы етті не қыламыз? − деп сұрады бала.
– Осы таудағы әлгі қыран құсты ұстаймыз,-шал аспанан күн сап қарап шоқша сақалын шошаң-шошаң еткізді.
– Оны қайтып ұстаймыз?
– Тұзақ құрамыз.
Қыран құс дегенде бала елең ете түсті. Атасы көкке қарап тамсанып тұрғанын талай көрген болатын. Оның қанаттарынан ысқырған дауыс шығып, түйіліп, еңістеп, көлбей ұшқанда бейне екпінімен кезеңдердің тасын ұшырып бара жатқандай алып күштің иесі сезілетін. Ол ұстаған аңдарын көтеріп аспанға алып шығады дегенді естігенде, бала жүрегімен өзі де қолды болып кетуден қорқатын да, атасының етегіне тығылып көз айырмай қарап қалатын. Қыран ұшқан сайын биіктеп, қарасы нүктедей болып зеңгір көкке сүңгіп кеткенде бейне аспанның аржағында мекен қылатын Осы әлемнің ерікті періштелеріндей елестейтін. Ал, енді тұзақ деген сөз естілгенде оған құрылатын қандай тұзақ екенін мөлшерлей алмады.
Өйткені өз маңайындағы кекілік, шылдарға тұзақ құрғанда, алдымен күнбүрін жемге дәндетіп шырғаға түсіретін. Олар күнделікті жем шашылған топырда бейғамдасып болғаннан кейін сол жердің қаралтқым өңі сияқты қылды Ширатып, сансыздаған сабақты ілмектер бекітетін. Кекіліктер шашылған жемді әдетінше таласа-тармаса жеп жүргенде абайсызда біреуінің аяғына ілінеді. Ал, қарға мен сауысқан тұзақ баспайды. Ұстау өте қиын. Сол үшін жерді шұңқырайтып кішкене темір қақпан құрып, оның үстін және аумағын бұрынғы жердің өз беті сияқты етіп жасап шығу керек. Оны жасауда шебер болмасаң бәрбір біліп қояды.
Ал, енді мына алып қыранды ұстайтын тұзақ қандай болмақ. Бала үшін қыран басқа қанаттылардан керемет болғандықтан, оның тұзағы да сондай керемет болатындай сезілді. Тіпті, оның күшімен салыстырғанда өзінің бір көзі соқыр, таяқпен келе жатқан ақсақ атасынҚорашсынғандай болды. Ең қызығы атасының қолындағы жіп өзінің кекілікке құратын тұзақ жіптерінен де жіңішке екен. Кекілік те үзіп кететіндей. Ал, мына күш иесіне қандай тұзақ болмақшы. Бала зейіні бұған жете алмады. Ақсақ шал үлкен жалпақ тастың үстіне келді де, қолындағы етті бөлек-бөлек қылып турады. Барлығын бір жерге үйіп, ең соңғыбыр кесек етке ұзын жіңшке жіпті шыжым етіп тақты да, бір ұшын бұтаға мықтап байлады.
− Бұл қалай тұзақ? − деп сұрады бала таңырқаған бейнеде.
− Балам, «Жұтпа тұзақ» деген осы. Бүркіт келген соң алдымен үстіңгі шыжымы бар етті жұтады. Оның артынан қалған еттерді бітеудей жұта береді. Сонымен шыжымы бар ет кептеліп қалады, − деді. Аңыра қалған бала:
− Ата, ол күшті емес пе, үзіп кетеді ғой.
− Жоқ, балам, тұзақтыбыр нәрсенің жүрегінентүсіру қиын. Егер, жүрегінен ілінетін болса, әрқандай күш иесі оны тарта алмайды.
«Недеген оңай» деді бала ішінен. «Тұзақты өзі жұтады екен, осындай айбарлы алып қыранның қолға түсуі осынди оңай болғаны ма» . Міне, енді ақ бұлттың аржағындағы қарамықтай ноқат болып көрінген түз еркесі, аспан пірінің көзіне екі адамның қимылы мен жалпақ тасқа қойылған қызыл ет түсті. Ол топшысын иіп еңіске қарай құдия еңкейді де, секі тастың Найза ұшына келіп обырланып отыра қалды. Мойынын қылжырайта шолып қарап, қанаттарын таранып, үшкір имек тұмсығын тасқа Қайрап-Қайрап алды да, шал мен бала ұзағаннан кейін ешнәрседен тартынбай, еттің төбесінен келіп баса қонды. Ең алдымен үстіңгі етті асағанда шуатылған жіп бөтегесіне етпен бірге кірді. Жүректі батыр оның не екенін ойлаған жоқ. Оның артынан соңғы еттерді қорқаулана жұтты. Ұзын жіңішке жіп етпен бірге жиырылып кіре берді.
Тұзақ оның аяғынан емес, басы мен қанатынан емес, дәл бөтегесіне шырматылып байланды. Оны өзі әтей жұтты. Сахара патшасымын деп жүрген қас батырдың осындай мылқау екенін кім білсін! иә, әкең қарағай менмін деп жүрген Арыстандардың да ақымақтығы жоқтығына кім кепіл.
6alash ұсынды