Қазақ халқы, әсіресе есепшілері бағзы заманнан тіршілікке, шаруашылыққа ауа-райының тигізер ауыр зардабының алдын алу, сақтану мақсатында табиғат құбылыстарын ұзақ уақыт зерттеп, мол тәжірибе жинаған.
Натижесынде ол құбылыстардың өзіндік заңдылықтарын анықтап, ауа-райының аумалы-төкпелі, қолайсыз жағдайларының жыл ішінде соғар мезгілдерін жеті кезеңге бөліп, оны "жеті амал" деп атаған. Амалдар наурыз айынан басталады.
Күннің тоқырауы – күн мен түннің ең ұзақ мезгілдері. Жазғы тоқырауында (21-22-маусым) күн ұзарып, түн қысқарады. Ал қысқы тоқырауында (21-222-желтоқсан) түн ұзарып, күн қысқарады.
Ай тоғамы – айдың үркермен тоғысуы. Айдың бір жаңасындағы үркер жұлдызының тұсына жақын келуі – "тоғам", дәл тұсына келуі – "үй қонды", басып өтуі – "өріп шықты" деп аталады. Тоғыс кезінде үркер мен ай бір-біріне қашық тұрса, онда есепшілер "Мыналар бір-біріне салқын қабақ танытқан екен, мал-жанға залалы тыйер" деп алдын-ала қам жасайды. Ал, үркер мен ай бір-біріне таяу көрінсе, онда есепшілер "Мыналар жақындаса қалған екен, мал-жанға жайлы болар" деп жорамалдайды.
Қарашаның қайтуы-жазғы жайылым тозып, сиреген шөп басы қурап, дала сұрқай өң алған шақ. Бұл мезгілде құстар жылы жаққа қайтып, ауа-райы құбылмалы болады.
Мұздың қатуы – "қазан суығы "ұрған күндерден басталады. Су беті мұзбен қабыршақтанып, алғашқы жауған қар тұрақтанып жатар кез.
Қыс тоқсан-қараша қары мен наурыз айының аралығы, шаруа үшін "жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер "кезі.
Киіктің матауы-күн үрлесін болып, төңірек көзге көрінбей бұрқасындатып тұратын кез. Он жеті тоғысқа (қыркұйектің аяғы, қазанның басына) сәйкес келеді. Бұл кезде киіктің (ақбокен, қарақұйрық, киік т.б) текесі үйірге түседі. Елік құралай лағын сәуірдің басында өтетін 5-10 күндік салқында оргызеді. Құралайдың салқыны үш тоғысқа сәйкес келеді. Он бес тоғыста (қазанның аяғы, қарашаның басында) өтетін жауын-шашынды 5-10 күндік амалды есепшілер бұғының мойын жуар амалы деп атаған. Бұл кезде бұғы маралмен насай-топыр (үйірге түседі) құрады. Таутекенің тауешкімен, құлжаның арқармен үйірге түсетін кезінде (қарашаның аяғы) өтетін амал-теке бұрқақ (бұрқылдақ). Қаңтардың қарлы бораны он бір тоғыста (желтоқсан) өтетін амалдан соң, тоғыз тоғыста (қаңтар) өтетін аязды күндерді ай мүйізді алты күн немесе ақпан-тоқпанның аязы деген амалға жатқызады.
Үркердің батуы-үркердің мамыр айының 10-жұлдызында батып, маусым айының 20-жұлдызына дейін көрінбейтін 400 күн аралығы. Есепшілер "үркер жерге түспей жер қызбайды", "үркер суға түссе, жаз жаңбырлы болады" деп болжаған.
Жеті амал кездерінің қай-қайсысы да ауа-райының тіршілікке, шаруашылыққа төтен әсер етпей өтпеген. Олардың алдын алар шара қолданудың жолын іздеген есепшілер ауа-райын болжап, жұртшылыққа ақыл-кеңестерін беріп отырған.
6alash ұсынады