«Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!» - деп аманаттапты алғашқы қоғам қайраткері Дүзелбай Жеңісхан.
Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеген Моңғол елінің әйгілі қолбасшысы Маршал Х.Чойбалсын.
1940 жылы Баян-Өлгий аймағын өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың бірі де бірегейі Д.Жеңісхан 1968 жылы еңбек демалысына шықанымен артында елін басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерімен ұлтын халқын сүюді және халқының ерен ерекшеліктерін жастардың құлағына құйып аманаттаған әңгіме ғибраттарын сол замандағы жазушы-журналистер өз дәуірінде талай жазғанды. Соның бірі Қ.Махбуздың «Патша балам» кітабында қоғам қайреткері Д.Жеңісханмен сұхбатын әңгіме жанырымен жазып қалдырыпты.
Қ.Махбуздың Д.Жеңісханмен болған сұхбатында айырықша есте қалған бір естелік былай еді:
Моңғол елінің әйгілі қолбасшысы Х.Чойбалсан 1939 жылы қазіргі Баян-Өлгей аймағындағы мекен етіп жатқан қазақтардың өлкесіне арнайы келіп аралап танысып қайтыпты. Моңғолдың батыс өңірінің орталығы Қобда аймағына қайтып барған соң, Қобда аймағында батыс өңірдегі моңғол, қазақтарды басқарып отырған басшылардың бәрін жыйып алып мәжіліс жасап қортынды сөзінде былай депті: – «Келесі жылы қазақ аймағын орнатамыз. Сендер (моңғолдар) қазақ халқын «бага ястан» (ұсақ сүйектілер) деуді, «хасаг» деген атауларды тоқтату керек. Қазақ ұлтының моңғол ұлтынан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ халқы моңғол мемлекетінде өзінің ұлттық тілінде мектебі бар, баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады. Мемелекеттік 8-съезге қазақ халқының өкілін көптеп сайлап келтіру керек. Осыны Д.Жеңісхан, Қаби сендер жақсылап ұйымдастырып әкеліңдер. Мен қазақ халқына арналған арнайы сапарымда қазақ халқының бірталай жақсы дәстүрлерімен әдет-ғұрпын, ерекшеліктерін аңғардым. Сендер жазып алыңдар» - дейді, Маршал Чойбалсан.
Қазақ халқы жайлы өзі ұнатқан ерекшеліктерді белгілеп жазып алғандарын оқи бастады. Басшылармен бірге бізде қалыспай жазып алдық, -дейді, Баян-Өлгейді өз қолымен орнатушылардың бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы Маршал Чойбалсанның азғана қазақ шоғырланған Баян-Өлгейдегі сапарында түйген ойлары:
- Қазақ халқы ежелден еңбек сүйген халық. Олар қолға алған ісін тындырмай қоймайды.
- Қазақ халқы талапкер, не нәрсені тез үйренеді, тез игереді. Оқуға барған қазақ азаматтары бір-екі жылда моңғол тілі мен жазуын үйреніп, моңғол тілінде оқып білім алып шығып жатыр. Мына отырған Қаби, Жеңісхан, Әжікендер бұған дәлел.
- Қазақ халқы мал шаруашылығын, өнімін жақсы пайдаланып келе жатқан халық. Олар тек малдың сүтімен көп түрлі тағамдар жасайтынын мен көзіммен көрдім.
- Қазақ халқы ою-өрнекке, тоқымаға, кестеге шебер екен. Қай үйге барсаңда әшекейлі түскиіз, алаша басқұр тұрады. Бұл дамыта беретін өнер.
- Қазақ халқы тазалықты мирас етіп келе жатқан халық. Қандай үйге барсаң да қонаққа арналған көрпе-жастық жыйнаулы тұрады. Үй іштері жинақы, ыдыс-аяқтары таза, қол жумай тамақ ішпейді, қолдың майын, суын сүртуге арналған орамал бөлек-бөлек тұрады.
- Қазақ халқы жасқанбайтын батыл, ержүрек халық.
- Мен қазақтардың өлген адамдарының бейітін көп жерден көрдім. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр. Өлгендерді көміу өте дұрыс іс деп көрдім.
- Қазақ халқы көп жасайтын халық. Олар темекі тартуды, арақ ішуді әдет етпеген. Тамақты баптап ішеді. Қазақтар бір-екеу болсада бие байлап қымыз ішеді. Қымызды жақсы баптайды.
- Жасы үлкенді құрметтеу қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі. Олар қарт адамдарды аттан түсіріп, атын байлайды, есік ашып үйге кіргізеді, төрге отырғызады тамақты үлкен адамдардан бастап ішеді.
- Қазақ халқында аңшылық кәсіптің бір саласына айналған. Бүркіт салу арқылы көп табыс табады. Бұл ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан кәсіп.
- Қазақ сауықшыл халық. Оларда айтыс, өлең, домбыра шерту, сыбызғы тарту машыққа айналған. Біз мұны жаңа дәуірге сай мейлінше дамытуымыз керек.
- Қазақтар өзінің ой арманын бүкпей айтатын халық. Жүз бес жасқа келген Зымыра «Маған өлгенде мола қажет» деп ашық айтты. Дінге бірден шабул жасауға болмайды. Біз оның негізгі өсіп өнетін бір тамырын жойдық. Сондықтан ол бірте-бірте тозып жоғалады.
Мен қазақ халқының бұл ерекшеліктерін көзіммен көрдім. Мұның бәрі жаңа өмірге сай дамыта беруге болатын жақсы дәстүр екенін естеріңнен шығармаңдар! - деп тапсырды дейді, Маршал Х.Чойбалсын.
Д.Жеңісхан артындағы аймақ басшыларына «Өз халқыңды жан тәніңмен сүйе білуді Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!» - деп осылай аманттап кетіпті. Бұл оқиға 1939 жылы Моңғолдың батыс өлкелерінің әкімшілік орталығы Қобда аймағында болған.
Қазір Моңғолия қазақтары Д.Жеңісхан бастаған алғашқы қайртакерлері жарғақ құлағы жастыққа тимей құрып берген әу баста Маршал Чойбалсын өзі -ақ батасын беріп, өле өлгенше өсіп өркендеуін қадағалап кеткен Баян-Өлгей қазақый салт-дәстүрін сол қалпында сақтап, Моңғол елінде жеке ұлттық нақышта бір аймақ болып, дәуірдің не бір ыстық суығын бастарынан кешіріп өсіп-өніп, салт-дәстүрін қаз қалпында сақтап келеді.
2018 жылы Жеңісханмен бірге Баян-Өлгейдің тұңғыш әкімі болған қайраткер Қаби екеуінің кеуде мүсіні вймақтық орталық музейінің ауласына орнатылды. «Маршал Чойбалсынның аманатын қаз қалпында сақтап, қазақы ұлттық нақыштарыңды жоғалтпай шат-шадыман өмір кешіп, қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!» - деп аманаттап тұрғандай сезіледі, қос мүсін...
Жанарбек АҚБИ, 1998 жыл.
6alash ұсынады