САҢЛАҚ СӨЗДІҢ АҚЫНЫ

( Бердібек Құржықайұлының өлеңі хақында)

Қазақ поезясының аса танмыал уәклдерінінің бірі, саңлақ сөзді ақын, Бердібек Құржықайұлының өлең өнеріне, үңіле қарап көзқарас айтудың да ,өзіндік мәні мен мағынысы бар...

Бұл күндері Бекең , өмір шындығын бойлап, терең тамыр тартқан филосопиялық талғамы, көркедік көкжиегі кең сыршыл лирикасы, өзіне тән оқшау истил тәбйғатымен де ,оқырман жүрегінен жол тапты.

Бекең ,отыз неше жылдық өлең сөз өнер- өлкесінде өнімді жасампаздық жаратты. Оның бұлтартпас айғағы- " үиядан қияға" , " Күре тамыр", жыр жыинақтары мен " Көзқарас", " Қазақ қандай ", " Темір қазық", " Қызыл таңба" сынды лирикалық дастандары . Бұл туындылар оқырмандардың қастерлеп , сүйіп оқыитын рухани азығына айналды.

Көп жүртты түнеп өтіп қотандары,
Оралды алыстағы отар малы.
Алдынан осылардың шығу үшін,
Кеудемде бір өлең түр от алғалы.

( " Үиядан қияға" , 4 - бет)

Бекең о баста поезия есігін ашқанда - ақ жоғарыдағыдай жыр маржандарымен өзінің талант тәбйғатын танытты. Сел сезім, мызғымас мығым сенім серпілісін көрсетті. Өлең -өнер майданына өзіндік бйіктен келіп қосылды. Өз үні , өз дауысы, өз жазу машығымен , ешкімге үқсамас арынды тебінімен келіп ілесті. Ілескен жоқ .Топ ортаға тоқ ете қалды. Быраз қаламдастары селт етті, Бекеңе алғашқы өлеңінен- ақ қүрмет осылай басталып та кетті.

Әне, отыз бес жылдың алдында ,үиядан түлеп ұшқан тірнек бүгінгі таңда, қазіргі сәтте өзі айтқандай " Ақындықтың жолында , түз түйген келсаптай" басы ағарды. Тарлан тартты, адуын сөзді , арда аға ақынға айналды.

Жа, Бердібек Құржықайұы сонау тірнек шақтан , ақ басты баршынға, арда аға ақынға бірден, өлең жаза салып ,айнала қалған жоқ. Сан қыиын, күрделі күрмекті күрең белдер мен белестерден асты. Қара қүйынды қүйтырқы мәдениет төңкерісін басынан кешті. Тар есік там босағылы түрменің қыл көпрінен өтті. Ұлтшылдықтың қара қалпағын киді. Өлең- өнер сапарында да , өрнекті сөз өлкесінде де күрделі бүраң жолдарды басып өтті. Қыиын асуландан асты. Ауыр сын тезінен, қатал уақыт көзінен өрмелеп өтті. Қоғамдық өмір арпалысы тудырған ізгілік пен жауыздық тартысында сынға түсті, шыңдалып шықықты. Сан құбылған мақтаулар мен саиқал мазақтар ортасында өнер жолын жалықпай, жасымай жалғады.

Иа, осындай қатпары қалың өмір ортасы оның өлең - өнер талантын өсірді.Соның нәтижесінде ол не жазса да, не айтса да , әр кез жалаң жазбады, жадағай айтпады. Қайта өмірдің ашты шындығын айшықтай беинеледі. Оны ұшқыр сөз, тапқыр теңеулер арқылы көркем образбен әсем өмір кәртинасына айналдырды.
Сөз расын айтсын, ақын өзі жырласын:

Өн бойымнан өсектің,
Оғын теріп отырмын.

Мынау екі тармақ жыр жолында жымы берік жымдасқан шымыр шындық жатыр. Тауып айтқан тамаша сөз, еріксіз таңдай қақтырады." өн бойынан өсек оғын теріп" қаннан қаперсіз отырған, ештемені елең қүрлы көрмеген ақын образы адамды қайран қалтырады. Аз сөзге нәрлі ой сыиғызып, сом түлғалы образ қүдіретімен қоғамдық өмірде өсек оғын боратқан сүрқияларға тіл найзасын түйреиді.

Онымен тынбайды.
Қараңғы көр кеудеден өріген, қызыл тілімен үріген өсек атты бүралқы қаншықты өліріп індетеді. Сүйтіп ,өсектің түп тамырына балта шабады, қайта өсек айтпастай етіп өкіндіреді.
Оқырмандарына да ,ұлағатты ой салады. Парасат айын туғызады, кеуделерін сүттей жарыққа қарық қылады. Міне бұл Бердібек Қүржықайұлы шығармаларындағы аса күшті тәрбйелік мәннің мағынасын танытады.

Иа, Бердібек Қүржықайұлы шығармаларындағы мүндай сатира тонына оранған тәрбиелік мәнді өлеңдер ақынның аса ашынған айбарлы ой арыстанына мінген түстарынан көп рет көрніс табады:

Жамандық жақсы жырмен ұшықталсын,
Жауыздықты жатырда үсік шалсын.
Ақылдының ай - күні толып туып,
Ақымағың түсік болап түсіп қалсын.

Әне, осындай ашты толғаныстың баиыбына барған сайын, жетесіне жеткен сайын дүиім оқырман сатира тіліндегі қылпылдаған өткір қандауырдың қасиетін түсінген үстіне түсінеді.
Жоғарыдағы өлең тармақтарына үңіле қарасақ,
Өмірдегі жақсылық пен жамандық ортасындағы бітпес күрестің көркем көрнісі - сатираның қыл көпіндегі тікенді майданда , тіпті тірлік түғыры жатырда алысады.

Қандай айтқыштық. "Жамандық жақсы жырмен ұшықталады", " Жауыздық жатырда ұшықталады" әуелі жарық сәуледен садаға етіп, қарасын бырақ өшіреді. " Ақылдыны " толғағы толық өмір сәулесімен жарық дүниеден күтеді.

Ол ғана емес.
Жақсылық пен жамандықты жер мен көктей , от пен судай алшақтатады. Жамадықты жатырда жайратып, жан дүниеңде жанар таудай қопарылыс тудырады. Сүйтіп " жатырда үсік шалған жауыздыққа", " Тамүқтағы тамшы түсікке" жирене қаратады.

Жақсылықтан жаныңа жылу береді , өмір үмітімен рахаттандырады. Бекең өлеңдері оқырманын бір жандырып, бір сөндіріп отырған сыиқырлы сыр- оның өлеңдеріндегі тікенекті тілдің арбауымен жасалған жағымды және жағымсыз образдардың тағдырлық беинелрі. Сол беинелердің тереңге тамыр тартып жатқан эстетикалық тәрбйелік мәні.

Сіз ,Бекең өлеңдерін ойлана да ,толғана да оқыисыз, оқып отырып, жаттап та аласыз. Өлеңнің сізді, оқырмандарын сонша ынтықтырып құмарта баурап алыуы, қызықтыруы кейіпкер харектрінің ( Мінезінің) түп тамырдан түтас ашылуы мен қайшылықтардың көркем көріс тауып шешілуінде жатыр. Ұғымдардың бәрі нәрлі әрі жұғымды.

Біз бұдан Бердібек Құржықай поезиясындағы қуатты ой, қүдіретті сөз парасатының әсемдік әлемін танимыз. Беинелеу өнеріндегі сөзбен салған суретінің шалқар шалымдылығын байқаймыз.

Ол ғана емес.
Ашты шындықты ашына айтатын, айыбын айямай бетіне басатын, қара қылды қақ жаратын нағыз жауынгер поезия екеніне екіленбей иланамыз, селкеусіз сенеміз.

Бердібек Құржықайұлының назды лирикалық өлеңдерінде керімсал керемет көркем көріс, сұлу образ, мөлдір сезімді беинелеп қана қалмай, оған терең тәрбйелік идеиялық ағымды астар дарытады. Филосопиялық қуат бітереді. Қарапайым өмірдің өзінен өркені кең өрнек төгеді. Кішілік пен кісілік танытады. Шындықты жалтақтатпай, жаутаңдатпай , жетімсіретпей , өгейсітпей ,қаз қалпында , қабырғасын қақыратып ,бырақ айтады. Адамдық ар мен ақыл- парасатты асқақ арман шыңына көтере жырлайды. Ұлттық рухты ұлттық боияумен , қазақ қара тілімен жыр нөсеріне айналдыра төгеді:

От ауызды , орақ тілді , құлқым бал,
Қайсар халық - қазақ дейтін ұлтым бар.
Оның жаны - туған тілі түмауыраса,
Бәрі ауырып төсек тартып ыңқылдар.

Оңғаны жоқ , тілді тірі көмгеннен,
Қүдірет жоқ, тілге еш тең келген.
Мен ойлаимын тілім кеште жойылса,
Ертеңінде елең- алаң өлген жөн.

Бір сөзден тіріліп, бір сөзден өлетін " От ауызды, орақ тілді, құлқы бал, қайсар қазақ" ," Ана тілімен бірге ауырып, бірге ыңқылдайды" деп ана тілін көз қарашығындай қастерлейді. Жанындай аиялап қорғайтын халықтың пискикалық тереңін танытып, сөзді арыдан қозғайды. Ойды ойға жалғап , теңіздей толғайды. " Ана тілі кеште жойылса, ертеңінде елең- алаң өлген жөн" деп ана тілін одан ары ардақтайды. Ар бйігіне шығарады, парасат шыңына қондырады. Тіл жойылса, ұлт бірге жойылады. Бұдан асқан қасірет жоқ деген ұлы үндеу тастайды. Ол үндеуді үрандатпайды, арсыз айтып айһайлатпайды. Сап - салқын , сабырлы сарбаз сөзбен ғана жетелеп жеткізе салады да , ары қарай:

Қазақ халқын қатарынан қатырмай,
Ана тілі көтеріп жүр арқалап.
Х Х Х Х
Тізгіні тіл, көңілі жүйірік көк дөнен,
Шата сөзді шаптырмаған көлденең.

Ұлтым, тілім, халқым, қазағым деп туған, ұлт тағдырының асыл арманын қуған , арда ақын ақ жал өзендей өркештеп "тілім" деп жылап түрып жыр төгеді. Ұлтым, тілім , халқым дегенде көркем көкірегеннен жап- жарық күн көтеріледі. Қараңы тартқан көңілге сүттей жарық ай туады. Жаны жасарып , сезімі жып- жылы күйге өтеді. Жүректен от ала сөйлеп те кетеді, тілді жоиямыз дегендердің " Шата сөзді шаптврмаған көлделең" деп түп қараңғысын қақыратып та , жарқыратып та кетеді.

Міне, Нағыз поезия өмірді осылай жырлайды. Бекең - өлеңдері ұлттық рухты көтеріп , адам жанына таза тас бұлақтай тасытып қойяды. Ана тілінің арымен , семіп бара жатқан сенімді оиятады. Ана тілінің мөлдірлігін параспты бай тіл екенін мақтан етеді. Тілдің жойылмауын , жоғалмауын артқы үрпаққа аманаттайды.

Бәрінен керіктісі - Тіл, діл ұғымын үқыптап үтықты ұқтырады. Ұлт тағдыры - тіл тағдыры өте өзекті мәселе ,мәнді мәйекті мәселе .Тіл- ұлтты тіреп түратын алтын діңгек, ұлттың ұлы рухының жарық шам шырағы.Тіл жоғалса, жойылса, ұлт бірге жойылады. Жанған жарық шырағы бірге сөнеді деген тағылымды тарлан сөз өнерімен терең түптеп түсіндіреді. Мән - мағынасын , маңызын да , мыққты мық тамырдан тарамдап тантады.

Бердібек Құржықайұлының өлеңдеріндегі тағы бір қызық сыры, кыикімет қыры - оның лирикалық өлеңдері тәтті леппен тыныстап түрады. Таза сап алтын сөзбен үзіліп сөйлеп түрады. Қазақтың дархан даласына , қүнарлы қойнауларына қонықтап , қомақты , қомды ойларға бастап кетіп жатады. Әр кім ойнына келтіре бермейтін тілсім ой табады, тың , соны сөз табады. Су жаңа сылқым сырмен сылаңдатып ,оқырманын тариық қойнауына арбап алып кетеді:

Ешкімнің еті - ерменің,
Марқамның майы- жусаның.
Бәтима пірім жер менің,
Басына туса ауыр күн.

Боияған гүлмен қанатын,
Көбелегіңнен түс алғам.
Қарағайды жұлып алатын,
Қара аюыңан күш алғам.

Бауры сүтті тауымды,
Иіген нардай сормын.

Жасыл жоныңнан жауынды,
Ел үшін жылауды ұғынғам.

Бәле, ақын тәбйғат дүнйесінің сырт сұлулығына сұқтанып отырған жоқ. Қызығып көз тоияттап отырған жоқ. Жан жылуымен түсінген , сезім дірілімен қабылдаған қасиетті көрністерден ұлы дала тариқын көріп отыр. Райсыз разы болып қабылдап отыр. Сол өзі қабылдаған ғаламат дүниені өнермен өрнектеп , өлеңмен өріп жеткізіп отыр.

Қандай керемет көріс. Тусап түрған ту далада отырған ақынның сұлу ойна оқырман бірден ғашық оймен кіріп өледерінін дауыстап оқый береді. Өлең мәйегіндегі мәнді сөздердің төркініндегі түңкелі ұғымдарды саралай бастайды. " Қанатын гүлмен боияған, көбелектен түс алады", " Қарағайды жұлып алған қара аюдан күш алады", "Бауры сүтті тауды иіген нардай сорады" " Жауынды күндей еңіреп" ел қамын жеиді. Ақын өзі өзектеп танығын, түптеп түсінген шындықты , қүбылысты қүбылта сыртқа шығарады. Тәбйғатпен біте қайнап бірігіп кетеді. Жан сырын , жүрек нүрын, ой тереңін ақтарып таусыла айтады.
Ұқтырар ұғымын үзақ мүнарлы көк сағымға көміп , образды көрсетеді. Мұндай керім керемнт көрністер мен суретеулер Бердібек қүржықайұлының өлеңдеріне тән дара қол таңба деуге болады.

Әлеуміттік көзқарасы бөлек, бітімі өзге қырғй тілді қыран ақын қоғамдық болмыстың сан алуан тақырыбына қалам тарты. Басқа ақындар сан жырға қосқан ана туралы да ,жыр ағытты. Бырақ Бекең жырлаған ана тақырыбы басқа ақындандан оқ бойы озып алда түрды:

Дөкір ғой ердің дөнені,
Әйелдің онан тайы озған.
Ақ аю үсіп өледі,
Әйелсіз үйдегі аияздан.

Даланың соқыр түманы,
Әйелсіз үйді бүркейді.
Қорыс- қопа жүктің лаңы,
Шапқандай жоңғар сүркейлі.

Даланың жеті тамұғын,
Жеңіпті қазақ әйелі.
Әжеміз айтқан тағылым,
Әлемдік ойдың мәйегі.

Атомнан күшті жұмыр ет,
Жұбайдың бір жұп жүрегі.

Кемпірлер, қыздар, келіншектер,
Жоқ болса келер бір түрлі ой.
Соқа бас сорлы еркектер,
Торғайдай тозу мүмкін ғой.

Жа, мына өлеңді кімде - кім бей - жай қалып оқымайды. Сан қайталап оқыиды. Сан қайталап ойланады. Тоқталып Толғанады. Аналар, әйелдер, қыздар, кепірлер - бар бақыттың көзі, өмірдің өзегі, қажыр - қайраттың күші , ақыл - парасаттың өзі деп жазбайды. Әр үйдің лүп- лүп соғып отырған жүрегі - әйел, ана екеніне көзіңді әбден жеткізеді. Әйелсіз тірліктің еш мән- мағынасының жоқ екенін өте қарапайым түсінікті сөздермен- ақ айшықтай салады. Сол арқалы -ақ аналардың ақыл жетпес жетелі өмір өнегелерін өлеңмен өрнектеп үмытпастай етіп мыиға орнатып тастайды.

Рас- ау, " Әйелсіз үйде ақ аю үсіп өледі", " Әйелсіз үйді соқыр түман шалады", " Әйелсіз үй жоңғар шапқандай қорыс- қопа болады" қандай мүшкіл хал. Міскін тірлік, жан түзбес , адам айтқысыз жағыдай. Әуелі Антрактикадағы мүзды мүхита алпыс- жетпіс крадос суықта өмір сүретін ақ аюдың өзі әйелсіз үйде үсіп өледі. Мынау ,тек Бердібек Құржықайұлына ғана тән сөз саптау, ой даралау. Бұрын- соңды жазған ақындар өлеңнен кездеспейді.

Міне, осы сөзден кейін - " Әйел- ана", " Әйел- ару", " Әйел- Қүдірет күш" , " Әйел- тірлік көзі", " Әйел ай мен күн" деген теңеу, балау сөздерің ескірген көбедей көп айтылғанын аңғарасың. Ана қасиетін еш теңеусіз жүрек қалауыңмен бағасыз түсінесің. Түсінесің де, ақынның мына айтқан тағылымын оң құлақпен қайта тыңдайсың. " Даланың жеті тамүғын жеңген қазақ ана қандай", " Әлемннің мәйегінен тағылым тартқан ана қандай" деп ана қасйетін ұққан үстіне ұғына түсесің. Тіпті кереметі даралап, даналап " Қазақ ана" дейді.

Мә ә, одан да күштісі бар. " Жүбайдың жүмыр жүрегі- атомнан күшті жүмыр ет" дейді ақын. Жүбайлар туралы жазылған талай жүмыр жырлардан мүндай соы теңеу, су жаңа ой оқып көрген емеспіз. Өлеңді оқып отып , жүбайыңа қарап қайтадан таный бастайсың.Жер бетіндегі күллі күшті тірек әйел, түқым өдіруші. Ердің бар кемістігін кешіруші періште, рух отын жандырушы екеніне көзің жетеді, аналар адам баласын аияп қана қалмай табанының астындағы қара жерді де , айялап басып бара жатқандай аияулы жан екеніне еріксіз мойын үсынасың, күнде мойындайсың.

Бекең, үлгі мен өнеге көрсете ортырып , мінезді болудың да сыр құлпын ашады:

Намысыма шоқ салмашы,
Еңбексіз құр емдік.
Түтінше ұшып жоқ болмашы,
Моржасынан өмірдің.

Жан лазаты жаннат деме,
Тәтті шарап, сұлу қыз.
Бақытыңды жалмап, неге,
Жатқандығын ұғып ал.

Иа, "Еңбексіз құр еміну","өмір моржасынан түтінше ұшып жоқ болу", "жалғанды жаннат сезіну" адам басындағы бағын кетіретін, тіршілігін оңды- солды шацқайтын , қадыр- қасиетін жойып жоғалтатын дұзақ , қақпан екенін екі ауыз сөзбен сөлін шығарып отырып ұқтырады. " Тәтті шарап - жан лаззаты емес" деп кертіп айтады. Кекеп жеткізеді, жамадықтан бір жола бездіреді.

Бекең , жырлаған тақырып оқырмандарына осқырып түрып осылай ой салады. Қараңғы санаға жарық түсіріп саңлау ашады. Жүрегіне ақылмен кіріп , жөн сілтейді. Дүрыс бағыт- бағдар береді.

Бердібек құрқықай ұлының " Қазақ қандай" атты өлеңі қазақ мінезінің кәртинасы деуге болады:

Қатты жүрсе, қоржыны тоқ атты адам,
Қазақ дей бер қулық- сүмдық бақпаған.
Қаладағы туысына келгенде,
Әрең сыйған машина өткен қақпадан.

Күштілігі тоқты етіне тоймайды,
Күрескенде екі- ақ бүктеп қоймайды.
Той күндері құнан шапса серкені,
Ат үстінен аспанға атып ойнайды.

Кедейлігі - пайдакерлік етпейді,
Бір байлығы астау- астау ет жейді.
Ауылына соғым басын бермесе,
Сол қысқы асы тамағынан өтпейді.

Кемшілігі - үнемшілік етпейді,
Еркек қойы екі асқанға жетпейді.
Атамыздың бөліп бергентеншісі,
Дастарханға бәрін үйіп төк дейді.

У тақымы тарпаңға ырық берген бе,
Қаршыға ғой қашағанды көргенде.
Кеудірі жоқ бая пұшық атанмен,
Зәрең ұшар кемпір беттен желгенде.

" Қыныңа жақ, тойдағы адам көп" - дейді,
Көп дейді де , ауыз тиіп ет жейді.
Он қазақтың шаттығына аты озған,
Кіші- кірім кей мереке жетпейді.

Алғыр мыиы, сезгір нерв жүйесі,
Жоғалса егер буазында биесі.
Алты жасар ат болғанда таниды,
Іште кеткен сол құлынды иесі.

Ел басына туған кезде қан себер,
Атпен шапқан даудың басын шаншып ер.
Ат үстінде әулиедей көрінген,
Біздің қазақ міне осынлай қамшыгер.

Ізгілік пен жақсылықты жанастыр,
Қазағымды жамандықтан халас қыл.
Жаратушы мәртебесін ұлтымның,
Дүниенің щаңғарымен таластыр.

( Бердібек Құржықайұлы)

Жа, қазақ десе қазақ .Енді оны Бекеңнен асырып айта да, жаза да алмайсың. Бұл өлеңді өлерменденіп талдау жасап, түсіндіру үият. Түсіндіретін ештемесі жоқ. Әр тармақ, бар шумақ нар түйедей түтас қазақты бырақ көтеріп түр. Сегіз шумақ өлеңмен қазақтың бар мінезін, ар мінезін, нар мінезін түгінен түбінедейін сыиғызып өріп өлмес өлең етіп тастап кеткен.

Біз, Бекеңді ,талдау жасап шаршамай- ақ , өлеңдерін әдемі мақамға келтіріп келісті етіп оқып жүрсек те , көптен- көп тағылым аламыз.

Болат Бопайұлы

01.01. 1993 жылы жазыды. Ұрімжі қаласы.
1996 жылы " Шұғыла " журналының 9 - санында төте жазумен жарық көрген.

6алаш ұсынды