1. Орнынан тұра сала көрпе жинау. Бір түн ұйықтағаннан кейін адам денесі көп мөлшерде бу бөліп шығарып, көрпе түрлі деңгейде дымқылданады. Адамның демі мен терінен 145 түрлі химиялық зат бөлініп шығады, денеден шыққан тер буланғанда 151 түрлі химиялық зат бөлінеді. Көрпе сумен газды өзіне сіміреді, егер құрғатпаса көрпе химиялық заттан ластанады.
2. Таңғы асты ішпеу. Таңғы асты ішпегенде дұрыс тамақтану дағдысы бұзылып, оңай қалжырап, басы айналып, дәрменсіз күй кешесіз. Бұл әдет ұзақ уақытқа жалғасса адам ағзасында қоректіктің жетіспеуі, қаназдық (анемия), иммунитеттің төмендеуі, ұйқы безі қызметінің әлсіреуі, өтте тас пайда болу сияқты ауруларға кіріптар етеді.
3. Тамақтан соң дереу ұйықтау. Тамақ іше салып ұйықтағанда үлкен мидағы қан асқазан бөлігіне қарай ағып, қан қысымын төмендететіндіктен үлкен миға оттегі жетіспейді. Сөйтіп адамда әлсіреу, қалжырау, кеудесі қызу, ас қорытуы нашарлау белгілері пайда болады және бұл әдет тез семіруге жола ашады.
4. Тоя тамақтану. Тамақты тойып жеу есте сақтау қабілетін төмендетіп, зейінің шоғырлануына кері әсерін тигізеді. Әсіресе, кешкі асты шамадан артық жеу қандағы майды арттырып, үлкен ми қантамырларында тромбтың пайда болуына әкеледі. Сондай-ақ өтке тас пайда болу, өт қабыну, қант диабеті сияқты ауруларға шалдықтырады, қартаюды тездетіп, ғұмырды қысқартады.
5. Үстелде жантайып ұйықтау. Көп адамдар үстелге жантайып ұйықтағаннан кейін көзі бұлдырайды. Бұл көз алмасының қысымға ұшырауынан болатын жағдай. Сондай-ақ ол көз мүйіз қабығының пішінін өзгертеді. Егер әр күні осылай болса, көзге түсетін қысымды арттырып, көру қуатын әлсіретеді.
6. Көп ұйықтау. Көп ұйықтау уақыт ұзара келе үлкен ми қуатына ықпал жасап, түсіну және есте сақтау қабілетін әлсіретеді. Сондай-ақ иммунитетті төмендетіп, дененің биологиялық тәртібін бүлдіреді, бойкүйездікке әкеледі. Көп ұйықтау бұлшық ет, буын және несеп жолы жүйесіне де зиян. Қан айналымын тосқауылға тап болып, зат алмастыру нашарлайды. Түнде есік-терезе жабық тұратындықтан бөлменің ауасы ластанып тұмау, жөтел және тыныс жолы ауруларына тез шалдықтырады.
7. Ыстық суда ұзақ жуыну. Хлороформ мен 3 хлорлы винил суда зиянды зат пайда қылады. Суға түскенде су тамшылары ауада осы екі зиянды заттың мөлшерін молайтады. Сондықтан ыстық суда ұзақ уақыт жуынудан сақтанған жөн.
8. Құмар ойнау. Құмар ойыны адам денсаулығына өте зиян. Өйткені ол адамды еліктіреді, ұзақ уақыт құмар ойнағанда орталық нерв жүйесі үнемі қарбалас күйге түсіп, гормонның бөлінуі тездейді. Қан тамырдың тараюы, қан қысымының жоғарылауы және жүрек соғысы мен тыныс алудың тездеуін келтіріп шығарады. Құмар ойнау жүрек-қантамыр ауруларына тез шалдықтырып, асқазан жарасы мен бас ауруына кіріптар етеді.
9. Қарбаластық – иммунитетті әлсіретеді. Ой еңбегімен шұғылданатын және саудамен айналысатындар физиологиялық және психологиялық жақтан қатты қысымға ұшырайтындықтан оңай күйзеліске тап болады және иммунитеттің төмендеуінен аурушаң болады.
6alash ұсынады