АҚШ-тың «Денсаулық» сайты Американың бүйрек аурулары ғылыми қоғамы бір жыл бойғы зерттеуінің нәтижесінде қантты сусындарды ұнатып ішетін адамдардың бүйрек ауруына шалдығу қаупінің жоғары болатыны дәлелденгенін жариялады.
Ғалымдар Жапонияның жоғары оқу орнындағы қызметкерлерге жүргізген тексеруі арқылы мыналарды байқалған: әр күні 2 стақан қантты сусындарды тұтынатын адамдарды қантты сусындарды аз ішетін немесе мүлде ішпейтін адамдармен салыстырғанда, олардың несебіндегі ақуыз (белок) өте жоғары болған. Ал несепте ақуыздың жоғары болуы бүйрек зақымдалуының алғашқы белгісі болып саналады.
Зерттеушілер 21 мыңнан астам ЖОО қызметкерлерінің несебінде ақуыздың бұрыннан бар-жоқтығына тексеру жүргізген. Үзбей 3 жыл тексеру арқылы әр күні қантты сусындарды ішетін қызметкерлердің 11 пайызының несебінде ақуыз анықталған. Ал қантсыз сусындарды ғана тұтынатын немесе қанты бар сусынды күніне бір стақан ғана ішетін адамдардың несебіндегі ақуыздың салыстырмасы 8.4 – 9 пайыз болған.
Мұндай тәжірибе тышқандарға да жасалған. Нәтижесінде жеміс шырынын тұтынғанда, бүйректегі тұздың тепе-теңдігін реттейтін ақуыздың сезімталдығын жоғарылатып, бүйрек жасушасының тұз бөліп шығаруын тездеткен. Міне бұдан қарттар қантты сусындарды тұтынғанда, қант диабеті, семіздік, бүйректің әлсіреуі, давление сияқты сырқаттарға шалдығу қаупі артатынын көруге болады.
Зерттеуге қатынасқан мамандар: «Қантты сусындар бүйрек ауруына шалдығу қаупін арттырғанымен, бүйрек ауруына шалдығудың басты себептері емес» деген қорытындыға келген.
6alash ұсынады