Жүктілік кезінде УДЗ – УЗИ бірнеше рет жасау зиян ба?

Әдетте жүктілік кезінде ультрадыбыстық зерттеу үш рет жасалады:

– 12-14 апта: эмбрионның құрсақта дұрыс орналасуы;

– 20-24 апта: дұрыс дамып, жетілуі;

– 32-34 апта: баланың жарыққа шығуына дайындығы бақыланады.

Егер мынадай жағдайлар болса:

  • Аналық безде ісік пайда болса;
  • Ананың созылмалы аурулары;
  • Көпұрықтық жүктілік;
  • Іштегі балада созылмалы гипоксия (оттек жетіспеушілік);
  • Ананың инфекциялық аурулары;
  • Жатыр мойнындағы мәселе;
  • Жатыр түтіктерінің өтімділігі мәселесі;
  • Қан кету не қан аралас сұйықтық;
  • Бала жолдасының төмен орналасуы;
  • Жатырдан тыс жүктілік;
  • Іштің төмен тартып ауыруы;
  • Ананың қоршаған ортадан (радиация, улану, инфекция) зиян шегуі.

Дәрігер анаға кезекті түсірілетін 3 реттік УДЗ-ден бөлек, бірнеше рет УЗИ жасатуға кеңес береді. Осындай мәселелердің алдын ала алмай, сан соғып қалғанша, гинеколог кеңесіне құлақ түріп, бірнеше рет УДЗ жасатудың зияны тимейді.

massaget.kz