Қазір жұрттың бәрі қонағасыға көп баратындықтан және жұмысы қарбалас болғандықтан уақытында тамақтана алмайды. Аалайда мұның асқазан-ішек жолы ауруларына шалдықтыратынын көп адам біле бермейді. Асқазан-ішек жолы ауруларының алғашқы белгілері қандай? Қандай әдеттер асқазанға зиян келтіреді? Күнделікті тұрмыста нелерге көңіл бөлу керек?
Асқазан-ішек жолы ауруларына шалдыққан адамдарда үнемі запыран құсу, жүрек соғу, кекіру, ентігу, іші кебу, құсу, іші өту, асқазан қышқы арту, асқазаны ауыру, сондай-ақ ас қорытуы нашарлау сияқты белгілер байқалады. Бастапқы кезде анда-санда жайсыздану болса, ауру асқына келе күн сайын мазалайтын хәлге жетеді. Сондықтан мұндай жағдайда дұрыс тамақтанбау әдетінен арылып, дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал. Тиісті тексерулерден өтіп, уақытылы емделу керек.
Ендеше қандай әдеттер мен тұрмыс салты асқазанға зиянын тигізеді?
- Қобалжу. Қатты қобалжу, мазасыздану, ашулану нерв жүйесіне әсер етіп қана қалмай, асқазан мен ішек қызметінің бұзылуына әкеледі.
- Дұрыс тамақтанбау. Көптеген адамдар тамақтану тәртібіне мән бермей, бірде тоқ, бірде аш жүре береді. Қарыны ашқан кезде асқазанда қышқылы артады да, асқазанның кілегей қабатын бүлдіреді. Ал тоя тамақтанған кезде асқазанның өзін қорғау қабілеті оңай бүлініп, асқазан зақымдалады. Кей кісілер ащы және суық тағамдарды ұнатады. Мұндай тітіркендіргіш азықтықтар да асқазан кілегей қабығын тез зақымдайды.
Тамақтанудың дұрыс әдетін қалыптастыру үшін:
- Уақытылы тамақтануға және астың қалыпты мөлшеріне мән беріңіз. Қандай қарбалас болсаңыз да тамақтануға уақыт бөліңіз. Тамақты асығып және тоя жеу де асқазанға қысым түсіретінін ұмытпаңыз.
- Қауіпсіз тағамдарды тұтыну. Тапсырыс арқылы сырттың тамағын жиі жеу асқазан-ішек жолы ауруларына оңай шалдықтырады. Оңай қорытылатын, дәрумендерге бай көкөністер мен жеміс-жидектер – асқазаныңыздың дауасы. Тамақтың түрін көбейтіп, сұйық асты жиі ішуге көңіл бөліңіз.
- Тазалыққа мән беру. «Ауру астан» деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Тамақтанудың алдында қолды сабындап жуу, сырттан тамақтанғанда да асхананың тазалығына қарау керек.
- Көтеріңкі көңіл-күйді сақтау. Көңіл-күйдің тұрақты болуы ас қорыту жолдарының зақымдалуының алдын алады. Ерте ұйықтау, салауатты өмір салтын ұстанып спортпен айналысу, демалысқа көңіл бөлу де өте маңызды.
6alash ұсынады