Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7 сандары киелі сан болып есептеледі. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді. Көкте 7 қабат, жерді 7 қат деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды деген сөздің де өзі тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байлам! Әз Тәукеханның 7 жарғысы мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санның тектен тек тумағандығы айқын. Қауіп-қатерден аман қалған адам үшін, не анасы, не жұбайының 7 шелпек пісіруі не садақаға 7 түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «7-ге келгенше жерден таяқ жейсің», «7 атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.
Жеті ата:
- Бала;
- Әке;
- Ата;
- Арғы ата;
- Баба;
- Түп ата;
- Тек ата.
Жеті қазына:
- Ер жігіт;
- Сұлу әйел;
- Ақыл, білім;
- Жүйрік ат;
- Қыран бүркіт;
- Берен мылтық;
- Жүйрік тазы.
Жеті шәріп (жеті әулие):
- Меке шәріп;
- Мәдина шәріп;
- Бұхар шәріп;
- Шам шәріп;
- Қатым шәріп;
- Құддыс (Мысыр) шәріп;
- Кәләм шәріп (Құран).
Жеті жетекші:
- Адамның басшысы – ақыл;
- Жетекшісі – талап;
- Жолаушысы – ой;
- Жолдасы – кәсіп;
- Қорғаны – сабыр;
- Қорғаушысы – мінез;
- Сынаушысы - халық (Саққұлақ би).
Жеті ғашық:
- Ләйлі –Мәжнүн;
- Фархад –Шырын;
- Таһир –Зуһра;
- Арзу –Қамбар;
- Уәлік –Ғарра;
- Уәки – Күлшаһ;
- Жүсіп –Зылиқа.
Жеті ғалам:
- Шығыс;
- Батыс;
- Оңтүстік;
- Солтүстік;
- Аспан (жоғары ғалам);
- Жер (орта ғалам);
- Жер асты (төмендегі ғалам).
Жеті күн:
- Бүгін;
- Ертең;
- Бүрсігүні;
- Арғы күн;
- Ауыр күн;
- Соңғы күн;
- Азына.
Жеті апта:
- Дүйсенбі;
- Сейсенбі;
- Сәрсенбі (сәтті күн);
- Бейсенбі;
- Жұма (қасиетті күн);
- Сенбі;
- Жексенбі.
Жеті қат көк:
- Ай;
- Күн;
- Шолпан;
- Есекқырғын (Меркурий);
- Қызылжұлдыз (Марс);
- Сатурн;
- Мүштәри (Юпитер).
Жеті амал:
- Күннің тоқырауы;
- Қарашаның қайтуы;
- Үркердің батуы;
- Мұздың қатуы;
- Киіктің матауы;
- Қыс тоқсан;
- Ай тоғамы.
Жеті жұт:
- Құрғақшылық;
- Жұт (мал қырылу);
- Өрт;
- Оба (ауру);\
- Соғыс;
- Топан су;
- Зілзала.
Жеті жоқ:
- Жерде өлшеуіш жоқ;
- Аспанда тіреуіш жоқ;
- Таста тамыр жоқ;
- Тасбақада талақ жоқ;
- Аллада бауыр жоқ;
- Аққуда сүт жоқ;
- Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім:
- Тыңдамаған сөз жетім;
- Киюсіз тозған бөз жетім;
- Иесіз қалған жер жетім;
- Басшысы жоқ ел жетім;
- Аққу-қазсыз көл жетім;
- Жерінен айырылған ел жетім;
- Замандасы қалмаса – Бірінен де сол жетім.
Неде қасиет жоқ?
- Бал салмаса, ара қасиетсіз,
- Жанбай қалған – шала қасиетсіз;
- Әдепсіз болса – бала қасиетсіз;
- Әділетсіз болса – дана қасиетсіз;
- Көк шықпаса – жер қасиетсіз;
- Жігері болмаса – ер қасиетсіз;
- Жылуы болмаса – түбіт қасиетсіз.
Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады.
- Тұз;
- Су;
- Ақ тамақ (атық, құрт, айран);
- Ет (соғымнан қалған);
- Кеспе;
- Бидай (келіге түйген);
- Күріш не тары.
Жеті шелпек:
Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан, жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады.
Алушы: «Қабыл болсын», - дейді. Таратушы: Әумин! деп жауап береді. Оны таратып болған соң: «Ата-балаларға тие берсін», - деп ауыз тиіп, аруақтарға арнап, аят оқып, бата қылады. Сонда аруақтардың мұрнына нанның исі тиеді. Сосын жеті нан әрқашанда аруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді, - дейді. Бұл жеті санының киелі қасиеттілігінен болса керек.
6alash ұсынады