Ұялы телефонды қалтарыста қолдану радиация қуатының артуына себеп болады.
Көбінесе адамдар телефонда жасырын сөйлесуге тура келгенде, жұрт көзінен таса орындарды таңдайды. Әсіресе, ғимараттардың бұрышы, баспалдақ және лифт сияқты жабық орындарда телефонның сигналы әлсіз болатындықтан, радиация қуаты арта түседі.
Телефонмен сөйлескенде бір орында тұрмау және жүріп келе жатып телефон қабылдау сигналдың өзгерісіне әсер етеді.
Ұялы телефонмен бір орында қозғалмай тұрып сөйлескен абзал. Өйткені, адам қозғалысына қарай телефон сигналы да әртүрлі болатындықтан, радиация қуаты да арта түседі.
Телефонды қарсы жақ қабылдаған соң ғана құлаққа жақындату керек.
Ұялы телефон әлі жалғана қоймаған кезде радиациясы өте күшті болатындықтан, қарсы жақ телефонды қабылдағанша күтіңіз.
Ұялы телефонның сигналы әлсіз болған сайын құлаққа жақындата ұстау радиацияның миға әсерін арттыра түседі.
Көп кісілер телефон дұрыс естілмеген сайын құлаққа жақындатып ұстайды. Сигнал әлсірегенде телефонның электромагниттік толқындары күшейетіндіктен, радиация мөлшері де еселене береді.
Ұялы телефонды қалтаға салып немесе мойынға, белге тағып жүру адам ағзасына зиян.
Телефонды жақын ұстау радиацияның адам денесіне сіңуін арттыра түсетіндіктен оны сөмкеге салып жүрген жөн. Әсіресе, жүрегі әлсіз кісілер телефонды төс қалтаға салмағаны дұрыс. Ал, телефонды белге байлау көбею жүйесіне кері әсерін тигізеді.
Ұялы телефонды ұзақ уақыт бір құлақпен тыңдау миға кері әсер етеді.
Ұзақ уақыт ұялы телефонмен сөйлесуге тура келген жағдайда екі минут сайын екі құлаққа кезек ауыстырып тыңдау немесе құлаққап қолданған дұрыс.
Телефонды иық пен құлаққа қысып сөйлесу ишемиялық инсультқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Адамдар қолы босамаған жағдайда телефонды иық пен құлақтың ортасына қысып сөйлесуді әдетке айналдырған. Бұндай әрекет миға қанның дұрыс бармауынан ишемиялық инсультқа шалдықтырады және мойын омыртқасын да зақымдайды.
6alash ұсынады