Серік Қапшықпаевтің өлеңдері

Серік Қапшықбаев 1935 жылы Толы ауданы Барлық тауы баурайында өмірге келген. 1953 жылдан бастап қолына қалам алған ол «Өмір ойлары», «Ерікті сөз», «Жылдар арасында», «Жылқы ішінде ала жүр», «Күн шығыс» қатарлы өлең дастандар жинағын, «Зардап» атты әңгіме пиессалар жинағын, «Жоқ» атты романын баспадан шығарды. Ол Жуңго жазушылар қоғамының фолколоршылар қоғамының мүшесі, Жуңго аз ұлт жазушылар ғылыми қоғамының мүшесі, мемлекеттік, райондық сыйлықтардың иегері. Жуңго қазақ әдебиетінің поезия жанырында тамаша жаңалық ашқан әлуетті қаламгер. Серік Қапшықбаев 2018 жылы қаңтарда өмірден озды.

Ай

Кештім түнде пішендікті,
Суықсырап санымнан мен.
Көк пішеннің нілі жұқты,
Сыбдырлатқан қағып тізем.

Ұйықтап сәуле құшағында,
Ақ тұманға тау оранып.
Қалың жұлдыз ұқсап құмға,
Шеміршектей тұрды ағарып.

Керіп құжыр бұлт арасын,
Жол түспеген шың секілді.
Өтіп тағы жарқылдайсың,
Жас үмітке жандай мұңлы.

Екеу болып жүрсек көрім,
Қасыңа ептеп шықсам мен де.

Бақытым бар бірақ менің,
Сорым да бар жер бетінде.

Тияншань

Қара көзім талықты,
Тілім-тілім жалыңа,
Сөйлеткім келді тарихты
Өзіңіздей шалыма.

Сөкпе балаң сұрағыш,
Сөйлетіп тарих қашанғы.
Тартқан пәтес шылауыш,
Өзіңіздей апамды.

Жердің күміс кілтісің,
Ашқан көктің құлыбын,
Жұлдыз бен айдың бұрышын,
Жамылған төбе, иығың.

Себебі келген жоғалмай,
Үстіңде салған ұясы.
Тарым менен жоңғардай,
Алыптың жағырапиясы.

Әншейін бір тыйаншан,
Тау емессің әукелі.
Кереметке ұмтылған
Жетпеседе дәулеті.

Кешке жақын тұр шалып,
Жарты әлемді көлеңкең.
Құздарыңды айналып,
Күн шығады тәңертең.

Күн апарып қасына,
Еріте алмай мұзыңды.
Аппақ аяз басыңа,
Соның көңілі бұзылды.

Қандай болса ұлы аспан,
Сондай сенің ٴтосың де.
Аумайды сыртың Жуастан,
Айбарың бар-ау ішіңде.

Болса да бойым қысқалтаң,
Қол созатын адаммын.
Сені ғана ұқсатам
Ойына үлкен заманның.

Үстінде ту желбіреп,
Гранитты жотаның,
Бір көл жатты мөлдіреп,
Көзіндей күңгірт ботаның.

Көрдім сіміре тартуын,
Бес мың жылқы суаттан.
Таудың мешеу ақ нуын,
Малшылар қолы құлатқан.

6alash ұсынды