Қыдырқан Мұқатайұлы 1942 жылы Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. 1956 жылдан 1959 жылға дейін Шинжияң иниститутының тіл–әдебиет факультетінде оқыған. 1959 жылдан 1986 жылға дейін Тарбағатай аймақтық 2 орта мектептің оқытушысы, ғылыми бөлім меңгерушісі, жұмысшылар ұйымының бастығы сынды міндеттерді өтеген.
1986-1988 жылдар Аймақтық оқу ағарту мекемесінің оқытуды зерттеу кеңсесінің бастығы, «Парасат» журналының бас редакторы болған. 1988 жылдан 1998 жылға дейін Тарбағатай аймақтық 2 орта мектептің шужиы, мектеп меңгерушісі қатарлы міндеттерді өтеген. 2003 жылы зейнетке шыққан. Ол бұдан сырт мемлекеттік жазушылар одағының мүшесі, Шинжияң жазушылар одағының мүшесі, Шинжияң оқу – оқытуды зерттеу қоғамының тіл–әдебиет зерттеу қоғамының мүшесі. Іле обылыстық әдебиет көркемөнер бірлестігінің орынбасар бастығы қатарлы міндеттерді өтеп келеді.
Көкпар
Көкпар, көкпар Құрбыжан барасың ба?
ٴотып жатыр баябан даласында.
Бауырынан жараған сілеусіндей,
Тұлпарлар да көмілді қара суға.
Атан серке ұшады көбелектей,
Шоқы ٴмұсын жігіттер арасында.
Намыс, қайрат, қызыл Гүл қызықтар да,
Араласып келіпті ٴбары осында.
Сурет болып қалады бұл мүсіндер,
Жүректерде, көздердің қарасында.
Кетседағы бел сүйек доға болып,
Шалдар қызып алыпты додаға еніп.
Тақымдасқан жігітке дем беріп тұр,
Қыз – Келіншек бейне ٴбыр қоралы елік.
Дес бермеді ٴбыр жігіт, сұлу қыздар,
Бұрымыңды мойнына ора келіп.
Қауқары жоқ жігіттер көкірегіне,
Кетсін бәлем қызғаныш бораны еніп.
Арман қуу қате ме?
Бір арманға жеткенде,
Үлгіртпестен өпкенге.
Тағы бірі жетектеп,
Кім ойлаған кетет деп.
Жеткеніне қарамай,
Жетпегенін қуалай,
Ашылған бір араны–ай,
Дуана – өмір, дуана–ай.
Айтатұғын әркімнің,
Бір шындығын көтерді ой,
«Қолда барда алтынның
Қадыры жоқ екен ғой».
Арманға жет. Аяла!
Тағы қуу қате ме?
Алдыңғысын саяла,
Кейінгісін мәпеле.
Әлемдік шындық
Қурау үшін,
Гүлдердің гүлдегені,
Құлау үшін,
Еменнің бүрлегені.
Сөну үшыін, күндағы нұр береді,
Соқыр, керең нысапсыз қара үңгір,
Жалмап жұтып бәрін де түн жеңеді.
Үлкен шындық әлемнің бойындағы,
Заман ақыр әркімге бір келеді.
Қызыл алма
Алдына есігімнің алма еккенмін,
Айтпадым, ешкімге де ал деп тегін.
Кім өзін жазмыш білер, сыртын сұлу,
Соншалық шын шырынды дәмді еткенін.
Ақ, қызыл, сүп–сүйкімді қабығыңды–ай,
Алғашқы таңның түскен сағымындай.
Тамсанып сілекейін шұбыртады,
Нәрі жоқ сабағының сары қурай.
Ендеше қызыл алмам, қызыл алмам,
Аз емес бір өзіңе қызығар жан.
Үп еткен жел демімен жерге түстің,
Жақсы еді–ау, сәл шыдасаң, үзіп алған.
Сезім
Сезім, сезім – жан толқыны, күй көзі,
Қартыңда да болады оның гүл кезі.
Ақыл емес, тілі бардың бәрі айтар,
Сезім тілі поезияның мүлде өзі.
Сезім – күлкі, таза – күлкі, діл күлкі,
Қасырт – мұң оның үлкен бір жұрты.
Ар – намыстар оның үлкен бір жұрты.
Онсыз мәңгі ашылмайды жыр құлпы.
Сұлулықтың, көркемдіктің тек – тегі,
Өміріңе екінші бір от тегі.
Жүрек оның туып, өскен мекені,
Жолы бұраң, қылдай ғана өткелі.
Құндылығын кеңірдекпен сезінбе,
Ол келгенде шыдай алмас төзім де,
Есірмеңдер шекер мен бал мұндай
Бұл дүниенің дәмділігі сезімде.
6alash ұсынды