Шалап САУДАГЕРҰЛЫНЫҢ толғауы
Орындаған: Сайраш ЖАРМҰХАМЕТҰЛЫ
Әңгімені арыдан ауылдан бастайын. Ен Ертіс пен ерке Қыранның ең бірі шұрайлы тұсына, екі өзеннің аралығына орналасқан Сарқусын деген Шәкене ауыл бар. Ауыл адамдары шымқай қазақ. Жалғыз дүңген Мажауды - Мәкең, жалғыз қытай Жаң Шуечіңді ауыл адамдары Жәкең деп атайды. Берекесі бұзылмаған, бірлігіне тірлігі сай осы ауылда Қоянбай, Омар, Сейтақын, Байқұл, деген, Мүтән, Шайқазы, Қабытай қатарлы жүз жасаған асыл қарттар болды. Қара таудай қазыналы қарттарым-ай! Біреуің бір саялы бәйтерек ең ғой...
автордың апасы: Зали Абдықапарқызы
Сол сарқусында әр жылдың қазан айынан басталған торқалы той, сәлиқалы басқосулар келер жылдың наурыз айында елдің жарымы мал төлдетіп сайыр тауынан ары асқанда барып, бір-ақ ақырласатын. Апамның қалқасында жаңағы әз аталармен той сайын табақтас болып, ықыласпен ұсынған құлаққа тойып алып, томпиып отырып дана қарттардың келелі кеңесіне құлақ қоятынмын. Сонда ғой «Малым-жанымның, жаным-арымның садағасы» деп білетін көкірегі құйма алтын қарттардың ел деп еміреніп, ұрпақ деп толғанып ауыл райынан ауарайына дейін төгіле әңгімелейтін. Сосын кешкісін жаңағы той болған үйге өңкей өрімді қыз-жігіттер толып алып, «Ой ахауға» басатын. Тоқанай, топен, Мәжит деген жігіттер алдымен ән салып, соңында жырға алмасып, қыздар жағы қара жорға биіне басса, кейі күй тартатын. Ауыл жігіттерінің көбірек білетіні- «Шақабай шалап» күйі. Кешкі тойда біз балаларға үйден орын тыймейтін. Кіріп алсақ та Қажатбек қатарлы асабалар көтеріп апарып есіктен шығарыпЖіберетін. Сонымен сарқусынның сақылдаған сары аязында екі аяғымыз тоң болып, терезеден телміріп, есіктен сығалап жүріп ел тарқағанда біз де қайтушы едік...
Солайша ауылдың ыстық құшағында енді ес біліп, етек жаба естіген күй сарыны көкейге мықтап орнады. Сол сарқусында руы шақабай, алтыбай Ахымет ұлы деген жездем бар. Жасынан көммунәнің көп еңбегіне шегіліп, тоған қазып, керпіш құйып, тартпа тартып қашан көрсең қара қайысы шығып, қанжылык қара тер болып өзгеге өзін арнап жүретін жан болатын. Бастауыш оқып жүрген кезімде, жездемнің міндетті керпіш құиюына анда-санда көмектесіп, қалыбын көтеріп беретінмін. Кешкісін домбырасын алып өзінше «Шақабай шалапты» тартып, «Біз шақаңдар шетімізден шебер домбырашымыз» деп күндізгі шаршағанын күймен басып ептеп шалқып алатын…
1978-жылдан бастап әйгілі домбырашы дәулет халық ұлының орындауымен «Шақабай шалап» халық күйі деп шинжяң халық радио станциясынан беріле бастады. Сонымен аядай ауылға әбден таныс әсем күй өз кеңістігіне шығып,Өз тыңдармандарының жүрегінен жол тауып жатты...
1997-жылы тамыз айында Алтай қаласында тілшілік бабымен жүріп, бірде Шірікши ауылына арнайы ат басын бұрдым. Осы ауылда ұзақ жыл ағарту жұмысымен айналысқан, көпті көрген, көкейіне көп дүниені тоқыған танымал күйші, бақытқан тағай ұлы ақсақалмен ұзақ әңгімеде болдым. Бақаң қария күйге өлердей ғашық адам екен. Өзінің қиқу-қиқу кешірмелерін, басына қиын күн туып, не бір қақпай-соқпайларды көрсе де күйге құмар көңілінің еш суымағанын әңгімеледі. Сол солақай жылдардың сүргін тоқайында жүріп-ақ, алтайдың асқарында қой бағып жүрген күйші тайырды тауып, күй өнері жайлы, халық күйлері туралы сыр бөлісіп, сұхбат жасағанын көзіне ыстық жас ала отырып айтып жатты. Бақаң қария халық күйлері жайлы әңгіме өрбітіп отырған бір әредікте:
– «Шақабай шалап» деген халық күйі бар, бұл туралы не білесіз? -дедім.
Бақытқан күйші әңгімені арыдан бастады...
– Үшінші жалпы мәжілістен кейін ауамыз тазарды, халық Масайрады, 1982-жылы Алтай ауданыӘбитән ауылында октабр мерекесі байланысымен бес күн бойы ақындар айтысын оздырды. Он жылдық ескеуілден ес жиған халық өнерпаздәрі бас қосып бір жасап қалдық. Бірде мен әйгілі боздақ дүзбенбет ұлы ақсақалдан осы- «Шақабай шалаптың» тарихын сұрадым. Сонда боздақ ақын:
«Біздің шақабайда домбырашылар көп болған, малма жәңгір, менің әкем дүзбенбет те жүзден астам күй білетін. Шалап деген адам аты, руы шақабай, бірақ әсілі бұл күй шалаптың бірге туған ағасы шабақтың күйі. Шалап, шабақ екеуі де күйші болған екен. Шабақтың 18 жастағы зәурен атты қызы жазғытұрым Ертіс пен қыран қосылып жер-көк көк теңіз болып су тасып жатқанда, суға кетіп дүние салыпты. Жалғызынан айрылған шеркеуде әке өкінішін күймен басып, «Зәурен-ай» деген зарлы күй шалыпты. Сарқусын ауылының шығысында «Шабақ қара суы» деген тоқтау су бар. Сол судың жағасында шабақтың дөңгелек қорғаны бар. Зәуреннің сүйегі де әкесімен бірге сонда қойылған.
Онда күй неге шалап атымен тараған десеңіз-шалаптың дөңгелек дәулеті барБолған соң үйіне келімді-кетімді адам көп болған. Ағасының зарлы күйін шалаптың үнемі шертіп отырғанын көргендер бұл күйді «Шалаптың күйі» деп атап кеткен әрі шабақ ертерек дүние салған. Ал шалап кейін шіңгіл жеріне барып қайтыс болған. Сондықтан да шабақ есімі ұмыт болып, «Шақабай шалап» болып ел ішіне тараған деді.
Менің білуімше, асғат Қасенов ертеректе тұңғыш рет «Зәурен-ай» деген Дастан жазған болатын, сол Дастанда:
«Зәурен жан, өзің үшін елден келдім,
Сен жүрген Сайран дала жерден келдім.
Басыңды бір көтерші тым болмаса,
Бетіңнен бір иіскейін деген едім»-деп ел қара төске қайқайғанда шабақ қайтып Ертіске келіп, қарасу бойындағы қызының топырағын құшақтап осылай зарлайды Дастанда.
Бұл күй ел ішінде «Шалап» күйі деп қанат жайып кетті. Дәулет халық ұлы «Шақабай шалапты» өте құлпыртып шерткен. Құлпыртып шертсе зарлы емес, әншейін асқақтаған бір күй болып шығады. Менің білуімше «Шақабай шалапты» дамытып, толық күй қып жасап шерткен тайыр белгібай ұлы еді. Тайырдың Шертісінде зәуренді жоқтап тұрған ауыр мұң бар. Күйдің басқа вариянты тіптен жоқ, менің өзім «Шабақтың зары-зәурен» деп былай шертіп жүрмін...
Бақаң қария бар тұлғасымен беріліп күйге ауысты. Таспаға жазып отырған менің көз алдыма жас қабырды құшақтап көз жасы көл-көсір болып жылап жатқан қыз әкесінің ауыр тағдыры келеді. Қатпарына құпиясын терең сіңірген күй құдыреті қиялымды алыстарға жетелей берді...
2004-жылы наурыз айында шинжяң қазақ тіл-мәдениет қоғамының Үрімжіде тұңғыш кезекті «Құтты болсын, наурыз» атты көлемді теле-сауық кешін өткіздік. Осы көнсертте Шіңгіл ауданынан келген белгілі домбырашы Сайраш жәрмұқамет ұлы шалап саудагер ұлының күйі «Зәурен-ай» деп алғаш рет шертіп шықты. Күй сарыны дәулет халық ұлы радиода шерткен нұсқамен ұқсас екен. Алайда, Телевизиә мен радиодан сауық кеш таратылған соң ешбір жан «Шақабай шалапты» неге «Зәурен-ай» деп шерткенін сұрап жатпады...
2005-жылы құрбан айт мерекесі орайымен Туған ауылым сарқусынға бардым. Ауыл жаңа, Ауыл тірлігі тіптен жаңа. Тек күн санап қатары сиреп бара жатқан қарттарға қарап көңілім босап, көкірегіме ашты бір мұң тығылды.
Қуанышбай Қабытайұлы
Сәті түскен бір күні көненің арты, ендігінің қарты, ел ағасы қуанышбай ақсақалмен әңгімеде болдым. «Шақабай шалаптың» тарихын қукең былай сабақтады:
– Алты есентәйдің бірі шақабай. Әдетте қосан, қоске, жанбала, қалықбай, балықбай болып бөлініп бес шақабай деп атайды. Бұлардың ішінде қалықбай шақабай өте іргелі, ықпалды болып, «Төрт би төре» тұсында да белгілі орын иелеген. Ал қалықбайдың ұлы жарқынбай батыр болған кісі екен.
«Ызғұтты, қылан, жарқынбай,
Олар да өткен тартынбай.
Солардан алған бір құдай,
Кім қалады артында-ай»,-деп апаларымыз жоқтау айтқан дейді. Сол жарқынбайдан саудагер туған, сәудәгерден-Айраш, шабақ, шалап, мешел, тұқыш, жаншуақ, күншуақ, байшуақ, қатпашуақ деген 9 ұл туыпты. . .
«Атамның әтік, қасқар басы жатыр,
Ақшиы саудагердің деген жайда» деп белгілі тарихшы шайқасын жәңгір ұлы жырға қосқандай. Саудагердің мекені осы сарқусынның Ақши өңірі. Ағайынды шабақ пен шалап екеуі де күйші болған. Өйткені бұлардың шешесі ел ішінде белгіКүйші болған адам екен. Шалаптың жалғыз қызы зәурен жастай қаза болып, қызына арнап «Зәурен-ай» деп күй шығарған дейді. Ал онда бұл күй неге «Шақабай шалап» атанған дегенге келсек:
– Ақ орыс төңкерісінен ілгері қалықбай шақабай түгелдей шіңгіл жеріне қоныс аударған. Өйткені олардың тары би, жапар тайжы, назыр тайжы деген ықпалды адамдары Өр Алтайда болған соң, қолдарында билік тұрған олар өз ұрық-жұрағатын бір жерге жинаған.
Ел шіңгілге орналасқан соң бұл зарлы күйді кімдікі деп шерту керек дегенде «Шақабай шалаптың» күйі деп біреуден-біреу үйреніп шертіп, әуелгі «Зәуен-ай» деген аты ұмыт болған. Ал шабақтың қарасуы осы Сарқусын ауылында. Күні бүгін қайтыс болған адамдарды шабақтың Зираты бар сол қарасудың қасындағы дөңге қояды. Бірақ шалап шіңгіл жерінде дүние салған. Сондықтан да «Шақабай шалап» күйі өрәлтәйға кең таралған.
Мен бұл тарихты әкем қабытайдан естідім. Әкеме ұлы атамыз сымайыл деген кісі айтып беріпті. Біз шақабайдың 9-ұрпағымыз,-деп қуанышбай қарт Әңгімесін аяқтатты.
Мен жуықта Күйтің қаласында тұратын күйші дәулет халық ұлының үйіне телефон беріп:
– «Шабақай шалап» күйі жайлы қандай деректер білесіз-дегенімде дәукең:
– Мен «Шақабай шалапты» 1958-жылдардан тартып жақсы білемін. 1970-жылдардың соңында өңдеуден өткізіп радиоға бердім. Ел арасындағы үлкендерден естуымше шалап саудагер ұлы ұзақ уақыт бала көре алмай, бала үшін төрт бірдей әйел алған екен және өзі дәулетті адам болса керек. Кейін зарығып көрген жалғыз қызы зәурен дүние салып, бұл күйді сол баласына арнап шығарған деп айтады,-дегенді айтты.
Я, халқымыздың музика мәдениетінің ішінде маңызды орын алатын күй жанры тарихымыздағы сан-қилы өмір белестерін жіпке тізіп көрсететін көне шежіре. Ол ғасырлар бойы бір орындаушыдан екінші орындаушыға, бір қолдан бір қолға ауысып, екшеліп, сұрыпталып ең құндылары ғана біздің дәуірге жетті. «Ақылдының сөзіндей ойлы күйді тыңдағанда көңілдің өсері бар» деп ұлы абай жырлағандай, адам жан сезімінің нәзік қылын шертетін не бір ғажап Күйлердің тарихы қына басқан тарих қойнауында ұмыт болып барады. Әр күйдің өз тарихы бар. Жоғарыда біз сөз еткен «Шақабай шалап» күйінің де күңіренген мұң тілі домбыра шанағында қанша жылдар бойы «Зәурен-ай» деп зарлады десеңізші!
Демек, тобықтай түйінін айтар болсақ, біз шалап саудагер ұлының күйі- «Шақабай шалап» немесе «Зәурен-ай» деп атасақ та болады. Өйткені, тарихта Дайрабайдың күйі «Дайрабай», соқыр Есжаннің күйі «Есжан» және Темірбектің төкпесі «Шерниәз» деп өз есімдерімен немесе екі атпен аталатын күйлер көп. Шалап саудагер ұлының мұнан басқа да «Өмір толғауы» атты үлкен күйін іле облыстық ән-би үйірмесі өркестірге түсірді. 2003-жылы бұл күй радионың алтын қорына енгізілді.
Қорытып айтқанда, туған халқымыздың ән-күй тарихын біреу болса да жинап ертеңгі ұрпақтар еншісіне қалдырсақ, көлге тамған тамшыдай музика тарихымыздың алтын қоры молығары баршаға түсінікті ақиқат.
6alash ұсынды