"Алтайдың ар жағынан келген ару" әннің тарихы...

орындаған: Сәкен Қалымов


Тәттілігі тати ма тамсануға,
Кеттім екен арман боп қайсы аруда?
Мен қыздардың көзіне ғашық болдым,
Ғашық болып алдымен ән салуға, - деп жырлаған тамаша таланытты ақын Тынышбай Рахым өлеңдерімен де, әндерімен де күллі қазақтың мақтанышына айналған тұлға.



Қазақтың көрнекті ақыны, сазгері Тынышбай Жаңабайұлы Рахым 1946 жылы 12 қыркүйекте Өзбекстанның Ташкент обылысы, жоғарғы Шыршық ауданында дүниеге келген.

Республикалық дәстүрлі әдеби жабық конкурстарының екі дүркін жүлдегері. І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты болған ақынның жалпы оннан астам кітаптары жарық көрген.

Ақын өзі жүргізген танымал телевизиалық "Кеш жарық" авторлық бағдарламасы арқылы да елдің көзайымы болды.

Т.Рахымның елге кең таралған "Алтайдың ар жағынан келген ару", "Мөлдірім", "Боз орамал", "Күт мені", "Қымбаттым", "Алтайдан сәлем"›› т.б әндері көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды.

Осыдан 25 жыл бұрын "Алтайдың ар жағынан келген ару" әні жылдың үздік әні аталған екен.

Әминә Еркешқызы

Қанша орындалса да тыңдармандарды әлі күнге дейін жалықтырмай келе жатқан бұл ән 1991 жылы "Кеш жарық" бағдарламасына қатысуға келген, Қытай халық республикасы Шинжияң телевизиясының дикторы Әмина Еркешқызына арналып, ағалық, бауырмалдық сезімнен туған ән екен. Бұл әннің бағын ашқан әнші Сәкен Қалымов болды.

Қ.Жолдасов

6alash ұсынды