Қожыкен ШОТАЙҰЛЫНЫҢ әні "Тауларым"
Орындаған: Әсемхан ЫБЫРАЙҚЫЗЫ
Қожыкен ШОТАЙҰЛЫ 1939 жылы қарашада Алтайдың Шеміршек ауылында дүниеге келген. Шіңгіл ауданында, Алтай қаласында әкім болған. "Өскен ел" қатарлы 40 неше ән шығарған. 2004 жылы 64 жасында қайтыс болған.
Қожыкен ШОТАЙҰЛЫ
Әсемхан ЫБЫРАЙҚЫЗЫ
Әкімдердің мектебі
(Қожыкен Шотайұлына)
Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ
Бүркіт қабақ сол әкім,
Домбырасы қолында.
Жиі мұздап тоңатын,
Ел басқару жолында.
Аю соққан жасында,
Балуан еді білекті.
Батыр елге расында,
Батыр әкім керек–ті.
Алтын ұлдан іздер көп,
Әуелейді "Өскен ел".
Даласы тұр күмбез боп,
Даласынан көшкен ер.
Тәні ғана кеткені,
Әні, жаны тірі әлі.
Әкімдердің мектебі –
Сабақ беріп тұрады...
2008 жыл
6alash ұсынды