Жаңа ән "Атажұрт шақырады"

Алақай ағайын, тәуелсіздік күніне орай тағы бір тағдырлы ән дүниеге келді!

Ел тәуелсіздігінің 28 жылының қарсаңында сайтымыз арқылы алты алаш баласына жария болғалы тұрған тың туындыны сіздермен бөлісе отырып, күллі Қазақстандықтарға мереке құтты болсын айтамыз! Еліміздің іргесі тыныш, еңсесі биік, берекесі бекем болсын!

"Атажұрт шақырады" атты бұл әннің сөзін Әділет Ахметұлы, музыкасын белгілі композитор Жарылқасын Дәулет жазып, талантты жас әнші Бағжан орындаған. Сиясы кеппеген бұл жаңа туынды жақында Әділеттің тұңғыш кітабының тұсаукесерінде бірінші рет орындалып, тыңдарман қауымның ыстық ықыласна бөленді. Бүгінгі қазақтың, Егеменді еліміздің ең биік мұраты – арғы-бергі беттегі ағайынды Атажұртқа шақырып, бір тудың астына жинап, тәуелсіздікті бекемдеу болғандықтан, елін, жерін емірене сүйетін өнер иелерінің асқақ үндеуі іспетті бұл шығарма исі қазаққа тарала бергені дұрыс деп білдік.

"Атажұрт шақырады"

Жарылқасын Дәулет

Әділет Ахметұлы

 Бағжан Ерғайып

 

6alash ұсынады