ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ОҢ» СӨЗІНІҢ КЕРЕМЕТІ
Қазақ халқының сөз өнері – бұкіл өмір- тіршілігінің шарайнасы. Жарқырап жанып тұрған жан дұниесінің құпйя сырларының құлпын ашатын алтын кілті деуге болады.
Қазақ тілінде ауызша және жазбаша қолданылған әр сөздің мағынасында маржандай меруерет айдарлы, ұялы ұғым ұйып жатады. Мақсатсыз, мағынасыз, мәнсіз, мәнерсіз жарты тамшы сөз қолданбайды. Бір сөз айту үшін де он ойлап, жұз толғап барып ауыздан шығарады. Ойсыз, нәрсіз, дәнсіз, дәмсіз сөз айтуды намыс санайды. Содықтан да «көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» деп кесіп айтады, кертіп жеткізеді. Есті айт, ақылды сөйле деп ескертеді, еске салады. Тарыдай сөзге таудай ұғым ұялатып айтады, жетелі жеткізеді. Тыңдармандары да түймедей сөзден тұйедей ұғым алып, алтын ақылына салып, арлы жүрекпен қабылдап кете барады...
Жә, адамның жаманы – сөз ұқпаған, ақыл қабылдамаған адам деп біледі. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыстың көкесі осыдан қалған. «Басқа пәле қызыл тілден келеді», «бал тамған тілден у да тамады» дегенді бекер айтпаған ғой.
Сөз шылбырын ұзартпай тақырыпқа оралайын. Қазақ халқы «оң» сөзін күллі өмір-тіршілігінің жақсы, жағымды, әдемі, бақытты шақтарына арнап қолданады. Атамзамандардан бастау алған «оң» сөзі әлі күн түп мағынасынан айырылған жоқ. Әу баста қалай айтылса, қазір де сол мағынасында қолданылып келеді. Мен «оң» сөзінен біразын тізбектеп жазып көрейін. Бәріңіз тәңертең, түсте, кеште, түнде тәулік бойы қолданып жүрген сөздеріңіз.
Оған таң қалатын, тамсанатын дәнеңе жоқ. Бірақ осы сөздердің арғы алыс астарында алтындай жарқырап жанып жатқан, шырақтай маздап сәуле беріп жатқан марқа мағынаны, маңғаз ойды аңғарасыздар ма?
Ал кеттік:
1. Оң жақ
2. Оң ірге
3. Оң босаға
4. Оң табалдырық ( табалдырықтың оң жағы)
5. Оң маңдайша (маңдайшаның оң жағы)
6. Оң жақ төр
7. Оң жақ шаңырақ (шаңырақтың оң жағы)
8. Оң жақ сырт (үйдің оң жақ сырты)
9. Оң жақ алды (үйдің оң жақ алды)
10. Оң қол
11. Оң қол уәзір
12. Оң қолмен тамақ же
13. Оң қолмен есік аш
14. Оң қолмен киім ки
15. Оң қолмен амандас
16. Оң қолмен жұмыс баста
17. Оң қолмен жазу жаз
18. Оң қолмен ұста (затты)
19. Оң қолыңа тапсыр (сенімді адамыңа)
20. Оң аяқпен кір
21. Оң аяқпен теппе
22. Оң аяқты терістікке сермеме
22. Оңға бағын
23. Оңыңды айыр
24. Оң сөйле
25. Оң жамбастап жат
26. Оң қырыңнан жатып демал
27. Оң жолмен жүр
28. Қамшыңды оң босағаға таста,
29. Тоыныңды оң босағаға іл
30. Жүрер жолыңды оңа
31. Қаруыңды оң босағаға қой
32. Оң жағыңды қызарат (келін түсір)
33. Оңға айнал
34. Оң күнді таңдай біл
35. Оң қолың сол қолыңа арашашы болсын
36. Оңнан айың тусын
37. Бәрі оңына айналсын
38. Оңға қарай ыңғайлан
39. Оң жамбасына келтірді
40. Оң жамбасына алды
41. Оң батасын берді
42. Оң тілегін алды
43. Оңға келді (жөнге келді)
44. Оң жолын тауып келді
45. Оң бетін сүйді
46. Оң көзімен қарады
47. Оң жолды екен
48. Оңына бақты
49. Оңалды
50. Оң жағы сол жағын таныды
51. Оң мен солын айрды
52. Денсаулығы оңалды
53. Оң бетін берді
54. Оң қырына жетті
55. Оң қабағын түйді
56. Оң қанатын жайды,
57. Оңнан соққан жел жаман
58. Жүзі оңалды
59. Оң жақ төрің оң болсын
60. Оңқай асықты тастама
61. Асығы оңнан тұсті
62. Оң жақ бүйірден келді
63. Түс оңалмай, іс оңалмайды
64. Оң көзіңмен қарап жүр
65. Оң көзіңе тапсырдым
66. Оң көзіңмен бағала
67. Оң ыйығына алды
68. Оң бұйірі бұрылды
69. Оң қол сарбазы
70. Оң құлақпен тыңда
71. Ниеті оңалды
72. Оң беті қызарды
73. Оң қанаты сынды
74. Кірісі оңалды
75. Оң босағаға бақ қонды
76. Оң босағаға оң ыйықты соқпа
77. Оң қолмен асты дәрет алма
78. Оң қолмен жас сәбиді ұрма
79. Әйеліңнің оң жағына жат
80. Оң аяқпен үйден шық
81. Оң аяқпен үйге кір
82. Әжетханеға оң аяқпен кірме
83. Сапарда жолдың оң жағымен жүр
84. Баланың маңдайын оң қолыңмен сыйпа
85. Садақаны оң қолмен бер, сол қолың бімесін
86. Оң бүйірді таянба
87. Оң жақ босағаны таянба
88. Оң ыйықтан жүк тұсті
89. Оң қолың қысқармасын
90. Жортқанда жолың оң болсын
91. Оң жақтан балқып бақ кірсін
93. Оң жаққа отырып ас іш
94. Оң істі оңымен баға біл
95. Оң жаққа төсек сал
96. Оң езуіңнен енші бөл
97. Оңнан берсін тілеуін
98. Оң қолыңды қойныңа тықпа
99. Аяқты оңнан бастап ки, оңнан бастап шеш
100. Күнің де түнің де оң болсын.
Міне қызық. Қызық емес. Осынша көп «Оң» сөзінің мағыналары бір тамырдан көктеу алып өрбіп, өркен жайып жатыр. «жақсы болсын», «дұрыс болсын», «мәнді болсын», «жолды болсын», «бақытты болсын», «жаман болмасын» деген ұғымдар аясында қолданған. Кесіп айтқанда «оң» сөзі қазақ тіліндегі киелі сөз, иелі сөзге айналып кеткен. Бәрі тұтас жақсы болсын, оңына бағып тұрсын деген жағымды ұғымды білдіреді.
Біз мынаны білуіміз керек, «оң сөзі» киелі болса, «сол» сөзі киесіз деген ұғым шықпайды.
Бірақ ықылым замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз жер де, аспандағы күн, ай, жұлдыздар да, тіпті көзге көрінбейтін мөлдір ауа да оңға айналады. Сондықтан адам баласының оң жақ мүшелері үлкендеу болады деп топшылаған. Оң құлағы шыңылдаса, жақсылық хабар, ал сол құлағы шыңылдса, өлім яки қайғылы хабар естиміз жеп ырым еткен. Сондықтан бәр ісінің оң болуын қалаған қазақ халқы не тілесе де «оң болсын» деп тілеуді салтқа айналдырып, дәстүрге терең сіңіріп жіберген. Ұзақ ғасырлар қолданғандықтан жұрт санасына ана сүтіндей сіңіп, тіл мәйегіне кіріп жағымды да тартымды үйреншікті тілге, киелі сөзге айналып кеткен. Кім естісе де жатырқамайды, құлағына майдай жағып жүрегіне жылы тиіп, көңіліне қуаныш сыйлап кете барады. Оң сөзнен жаман әсер алмайды.
Қазақ тіліндегі «оң» сөзінің түбірінен көктеп көгеріп, өрбіп өсіп шықан сөздер аз емес. Мысалға туындаған сөзден де біразын жаза кетейін:
1. Оң+ ай (оңай)
2. Оң + тай (оңтай)
3. Оң+ ғақ (оңғақ)
4. Оң+ аша (оңаша)
5. Оң + баған (оңбаған)
Әне осыдай сөздер әрі қарай туындай береді.
Біз бұл жерде бір ғана ұғымды мақсат етіп айтып отырмыз. Ол қазақ тіліндегі «оң» сөзінің ұлттық мінезге сонша әсер еткен ұғыдық төркінін жеп-жеңіл түсіндіру, түсіндірмесе де түсініті жай. Деседе арттан ілесе өсіп, өркендеп келе жатқан көгенкөз ұрпақтарымызға айта кету, айғақтай кету ғана. Біле жрген ұрпақ білікті болар.
Жазушы, этнограф Болат Бопайұлының
«Көңіл – қазы, көз – таразы» кітабынан
6алаш ұсынды