Қытай қазақ әдебиетінің сын жанрының бірегейі, аты аңызға айналған ақын, жазушы, тағылым-тәрбиесі күшті ағартушы, баспагер, Қабденұлы Бажаев Әбденбай (1938-2019) Қытайдың Алтай аймағы, Алағақ ауылының түлегі.
Шығармалары: "Бөгеу бермес", "Тау бұлағы", (өлең, дастандар), "Күн өз кеудеңнен туады" (проза), "Жасампаздық орбитасы", "Дәуір жане әдебиет" (сын, зерттеу).
Өзіммен өзім
Байқаймын
Мен де бір тау шоқысымын,
Шықпайды шамырқанбай оқыс үнім.
Әйтеу жаным әрең жылынады
Жалының өзегінде-от ішінің.
Жанбайды өзегім де текке менің,
Арамза кешуге жоқ кекке бейім.
Ал менің кеуде есігім ашық жатыр,
Жұртыма "жүрегімді ал текке "дейім.
Мен бағызы жылып аққан жайдақ өткел,
Торпағын
Лайлайды айдамаққа ел.
Үлкенін арамдықтың берме маған,
Кішісін адалдықтың
Майдаңды-ақ бер.
Коргемін сел де болып, сең де болып,
Әлкеуде толқындарды теңге бөліп.
Жүретін менің жылы бала жырым,
Ғашықтар арасына жеңге болып.
Адаммын,
Дәл осы зормақтаным,
Адамның арлылығын ардақтаймын.
Хандардан қарашаны кем көрмеймін,
Алтынды атағыма теңгермеймін.
Өлімге өр кеудені қия ма адам,
Өлмесе жер бетіне сия ма адам.
Уақыт та құрта алмайды
Есімдерді-
Парасат биігіне ұялаған,
Күндестікпен басы күлге тірелген.
Адамзаттың баласымын,
Тудым мен,
Аз дегенде қазақ деген бір елден.
Сүтті суға, суды сүтке құймаймын,
Адалдықты
Алтын берсе қимаймын.
Миым шары глөбуспен деңгейлес.
Сондықтан да үңгірлерге симаймын.
Шындық — Жігіт!
Мен онымен егізбін,
Тура айтамын,
Я. Онымды деңіз мін.
Болғаныммен сәл таяздау қулыққа,
Парасатқа көк иірім теңізбін.
Бір айтпаймын,
Айтсам, айтпан "екі "деп,
Көн етіктің ұлтаны емес екі бет.
Ақиққаттың жеңсіүшін
Тозаққа-
Кіруге де Ризамын жеті рет...
Менің тегім-
Тегі асыл сананың,
Сүйгендерім үшін отқа жанамын.
Осыны егер кемшілігім демесе,
Барынен де әділетшіл данамын.
Шығып кеттім биікке
Жоғарыға.
Жоғарылауды шам жоқ доғарлауға.
Ешкімнен де көрмеймін,
Қалған өзім өзімнің обалыма.
Дер шағымда дес бермей жұла қаштым.
Өзім шыққан биіктен,
Құласам да құрдымға жыламаспын.
Өмір деген өкінш сұрақ ерген,
Келе жатыр жосылып жырақ өрден.
Тасбақа боп жүргенше,
Қыран болып мың артық құлап өлген.
2001 жылы
Бұл адамдар бостан-босқа шөлдейді,
Шөлдеп жүріп бұлаққа мән бермейді.
Өйтетіні дәриялар мен өзендер
Бұлақтардан құралғанын білмейді.
Бұл адамдар қателеспей жүрмейді,
Бірді сан деп көздеріне ілмейді.
Өйтетіні миллиондар мен мыңдардың
Бәрі бірден басталғанын білмейді.
Бұл адамдар бірін-бірі күндейді,
"бірлік "десе, құлағына кірмейді.
Өйтетіні барадамның тұрағы
Бір ғана жер екендігін білмейді.
2000 жылы
Табиғатпен етене далалық ген,
Алдамайды түйсігін қаралықпен.
Құзырланып ынтықса күнге гүлдер,
Гүлге қарай ұшады ара біткен.
Құлшындырып іштей бір күш талабы,
Ызыңдауы-сезімін ұштағаны.
Жыгерлісі-шешектен бал сорғаны,
Ынжықтары-ыңырсып ұшпағаны.
Басылмайды сонда да бала желік.
Аруларды көргенде аққу мүсін,
Жігттер де ұшады ара болып.
Жасасаң да сексен жыл дана болып,
Басылмайды әйтеусөл бала желік.
Қалуға да Риза бір сол үшін,
Қара жолдың үстінде арам өліп.
Бір сезімге бірсезім тұншғады.
Тұншықса да түбінен үн шығады.
Жігіттерді көргенде аты шыққан,
Арулар да ішінен бір тынады.
Айта алмайды
Бірақ та айтаалмайды,
Апасының мінезін қайталайды.
Бала сүйіп,
Жар құшып,
Алдау сырап,
Аласатқан жүрегі орталайды.
Тірлік-өзен тірілген тығырыққа,
Сүрініп те жүресің жығылып та.
Бір-біріне шие боп байланысқан,
Тағдыр-шынжыр,
Шешімі-шығырықта.
Ұсақтар мен ұсақтар үндеседі,
Үндесіп ап бір атқа мінгеседі.
Таланттылар өз жолын таңдағанда,
Талантсыздар таласып күн кешеді.
Қарақшының қайғысы-ғарып қайғы,
Жабылған соң жалғыз ат арықтайды.
Таланттардың артынан тас лақтырып,
Таласудан сонда да жалықпайды.
2003 жыл
6алаш ұсынады