Қайрат Ахмерұлының өлеңдері

Қайрат Ахмерұлы "Әлем халықтары жазыушылар одағы"-ның мүшесі, ақын-жазушы, журналис. Ол 1962 жылы 1-ші қаңтарда дүниеге келген. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша көркемөнер институтынан жоғары блім алған. Ұзақ жыл мәдениет саласында қызымет атқарған. "Әйел намысының үкімі", "Сұлу махаббат", "Ауылдастар" қатарлы бірнеше жыр-жинақтың авторы. Көпдеген жыр мүшайраларының жеңімпазы, сондай-ақ "Темірқазық - әлемнің үздік Ақын-жазушысы 2019" дүниежүзілік онлайн әдеби байқауының ІІІ орын жүлдегері.


 АБАЙ ӨТКЕН ДАЛАДАҒЫ КҮБІР

Арманым еді
Далаңды жортып танысу,
Әмірі ұждан
Қақыңа аттан салысу.
Қазақтар үшін
Қазақша жасау ғұмырды,
Қиянда кескі
Мыңменен жалғыз алысыу.

Осылай жаным
Киелі мынау босағаң,
Шідерін үзіп
Босаған талай қашаған.
Білмедім бірақ
Кім келіп, кімдер кеткенін,
Білерім анық
Осында Абай жасаған.

Арым деп білген
Ардағым сенің арыңды,
Өзегім сен деп
Кірпігі жасқа малынды.
Сетерін сезбей
Дүние жалған жерледі,
Заман-ай заман
Кірі жоқ жамау жаныңды.

Қаруы бардың
Дәрмені болмай оқтарға,
Жасадың солай
Қиянда кескі шақтарда.
Арманды жығып
Жілігін шағып майын жеу,
Оңайда оңай
Болмаған шығар Мұхтарға.

Дыбысы қалған
Жартасың менен санаңда,
Бір адам өткен
Ардағым сенің араңда.
Дәрмені жұтаң
Қаңбақтай ғана жаным ж…


 СЕМЕЙ МОНОЛОГІ

(Абайдың 175 жылдығына)

Ау, Абай жан, Абай жан, 
Айрылдым да бөркімнен
Бөрік кетті
Сәнде кетті көркімнен
Адамдар-ай
Пендешілік дертіңнен
Неге неге
Тайғанады еркімнен
Түйме тақпай
Жетімек қыз төркіннер
Келгені үшін
Жасқанады әркімнен

О, жалған-ай, 
Қанша бейбақ кінасыз
Жазым болды сандаған
Жан болмаған аңдаған
Білмей ешкім
Неге бізді таңдаған
Момыным-ай, далаңа
Ете-алмай бір кез иелік
Жолында білмей жүйелік
Гүрсілде-дүрсіл
Атомның жойқын дыбысы
Санаңа салқын жиі еніп
Сілесі қатып шыдады
Кәрі Семей
Сіңіріне сүйеніп

Маған мысқыл
Көзіңменен қарама
Нетер едің құралақан балаңа
Өзімнен бе, 
Өзгеден бе ағайын
Салып көрші санаңа
Ел болғалы етек-жеңім жйналып
Жалғыз керпіш қаланбады қалама
Өзің айтшы
Осындай д…


 Алмас Ахметбекұлына

Басқаң басқа
Ақын жаны бір ғалам
Мен осының құдіретіне таң қалам
Көлеңкеде көпіртіп
Дүркіретіп жыр жазып
Ұлт ұждансыз
Аттамаған бір қадам
Сыртта жүрген
Тағдырында тарғалаң
Әніңді әндеп
Жалбаңдаған бір балаң

Еркектерше
Намыс десе
Өліп кете жаздаған
Көк бөрінің мнезі бар аздаған
Жетесіздің тағдырын
Тәңір оған жазбаған
Ата мекен жаным деп
Ұлт ұжданы кеудесінде маздаған
Жотасында сауырдың
Көңілі қап
Қара тастай мұздаған
Үйі қалып
Боз інгендей боздаған
Жетті білем жүрегі
Тілін, дінін бұзбаған
Жетті білем
Бабасының тонын сүйреп тозбаған

Мұнарланып қара аспан
Не бір күндер өтіп жатты алаштан
Кінәсі жоқ зәредей
Ботаңдай боздап адасқан
Тұяғың еді 
Аңсаған ата мекенін
Көтергенін жұрт білет
Сені…


 ҚАТЫУ ТАУДЫҢ БӨРІСІ немесе Жәркен Бөдеш

Құлакер еді кермеде
Құнанында басқа ұрған
Қас қақпаған
Апанында қасқырдан
Қатыу таудың ақ мылтық
Боранында ысқырған
Тыр жалаңаш кетіп барат
Бала ақын
Жәйір тауды сыйдыра алмай қойнына

Мына-ау жалған
Замананың көзінің
Қарасы мен ағына
Келгені жоқ
Шағым айтып шағына
Шекпендінің тағына
Келгені жоқ
Махаббатқа мас болып
Бір сұлуға табына
Жойқын ақын
Поезия жұмыртқалап жағына
Қаншалаған жыр жазды
Туған жерін сағына
Ол бақытын
Айырбастап жіберген
Ұрпағының бағына

Көпке аян
Аңсағаны арманы
Айға да атқан
Қолындағы шалманы
Міне солай талғамы
Арпалысқан тағдырмен
Жүздің тағы тарланы
Қаратаудың
Қарғысыз көкжал арланы

Шиырлаған
Алатаудың жотасын
Өзіне тән
Өрісі бар өрісі
Бойында бар
Поезия перісі
Әнін әндеп жататын
Шұрқырасып ел іші
Жан білмеген
Мнезімен
Жүздің тағы серісі
Айға қарап ұлиды
Қатыу таудың бөрісі

6alash ұсынады