Көгімнен сен көрін, жұлдызым...
(Өлеңдер)
Дәриға Азатқызы
Нап-нәзік бейнеммен тал шыбық,
Әр таңан сағыныш аңқыды, ұқ !
Мезгілдер қойнында бүрлеймін,
Таңдайға тәтті елес қалтырып.
Көрдің бе, сүйдің бе қыр қызын?
Қырында қалтырған қырмызы үн.
Көктемнің самалы желпиді,
Көгала көйлегім тым ұзын.
Көкпеңбек секілді аспаным,
Толқындай толқиды шаштарым.
Көкпеңбек көктемнің көзінен,
Сағыныш сапарын бастадым.
Көз салып қауашақ гүлдерге,
Таусылмас сағыныш жүр менде.
Ақымақ қызбын-ау күнді іздеп,
Ай болып тығылған түндерге.
Сүйдің бе, көрдің бе, қыр қызын,
Көк шалғын қондырған гүлге ізін.
Түн болып түнере қалайын,
Көгімнен сен көрін, жұлдызым!
Қос ішегі теңшелмеген дүние-ай!
Менің мынау мұңлы бейнем сыңайлы,
Көктем бұлты көк жүзінде жылайды.
Көп елесің көкіректен Гүл ашып,
Сені үнсіз сағынғаным ұнайды.
Көктем гүлден, мен көктемнен сұраймын,
Тағдырымыз тағдырындай күн айдың.
Сағынтқаным сабырыңды сарыққанымен,
Мен де саған сағынтумен ұнаймын.
Тандыр-тандыр бұлт көзінен жаусын ән,
Жыр оқиын оралған құс дауысынан.
Сағыншпен сарғаяды-ау сәнді өлкем,
Жана-жана мен де бір күн таусылам.
Көк жүзінде қарағанмен күліп ай,
Жүрегім жүр үнсіздіктен жылымай.
Қонбай кеткен бақытымсың тұғырға,
Қос ішегі теңшелмеген дүние-ай!
Сағыныш
Ынтызар жүрегімнен өшпегенде от,
Мезгілсіз сені күттім кешке елеңдеп.
Сағынған жүрегімді жұбатады,
Ермен дәмді даламның ескегі емдеп.
Ей, мезгіл мен сүйетін ғашық көктем,
Жұпар дәмді сағынш шашып кеп пе ең? !
Жүрегімде бүр жарған бір сағынш,
Мен бірақ, айықпаймын ғашық дерттен.
Жауһазындар Гүл ашқан жанарда өніп,
Сарғайтықан сағынштан жанам неғып? !
Сарала қаз саңқылдап оралар ма? !
Сен жүрген мекеніңнен хабар беріп.
Қиқуына құстардың құлақ түрген,
Сенің балғын күлкіңді ұнаттым мен.
Көңіл бақшам Гүл ашпай тұнжырайды,
Оранса да өркеш тау, қырат Гүлмен.
Жійегінде күміс күн күлкің еріп,
Көз салдың ба тауларға бұлты бөрік.
Жоқ әлде маған келе жатырсың ба?
Бұйра-Бұйра сәуірдің бұлтына еріп.
Тербемейді такаппар таңымды үміт,
Бұлыт көшеді көгімнен ауыр күліп.
Сәуір желі сап-салқын жүзімді өпкен,
Тағы сені қойғаны-ай сағындырып.
Жаңбырлы түн
Бозамық анау сіңіріп дала таң нұрын,
Қасқалдақ тағдыр таңдайында қалғыды үн.
Секілді менің жылауық мынау жүрегім,
Тағы да көрдім даланың соңғы жаңбырын.
Тағдыр ма анау сездірмей сыйлар тамшы бақ,
Қараймын соған жаралы жүрек қансырап.
Мөлдір де мөлдір бұлттардың сұлу моншағы,
Жатады үнсіз жүрегіме менің тамшылап.
Ақ жаңбыр арман жапырақтарға жазып мұң,
Ұнынен сұлу һам өкіншті наз ұқтым.
Жапырақ жалған жанарына сіңген жазымыш,
Тамышыдай менде мөлдірмін әрі нәзікпін.
Ақ жаңбыр жаусын миллион меруерт себелеп,
Себезгісінде маздайды мендегі өлең-от.
Тоғсып тұрған аспан мен жерде тағдыр-бұл,
Сезбедің сен, не керек!
Жаңбырдың жасы аспанның шексіз тілсмы,
Жауасың жыр боп, түсінді екен кім тілын?
Бұлттаған аспан қабағың сенің түнерген,
Найрағай оты жүректің ынтық дүрсілі.
Найзағай өшті, аспаннан анау сөнді леп,
Көк шалғын жайды көйлегін желге көлбіреп.
Жапырақ жүрегің жайылды сұлу жаныма,
Алақаныңа қондым, тап-таза мұңмен мөлдіреп.
Жапырақ сонда майсып тұрды көтермей,
Көтермесе, ғайып боп мәңгі кетем ғой.
Жаныңның жапырағына, қалғыған сұлу сезімім,
Сол жаңбырдан соң,
Сағынышқа айланып,
Ұшып кеткен екен ғой!
Дәриға Азатқызы ҚХР Санжы дүген облысы Шонжы ауданында дүниеге келген. Отбасылық жағдайға байланысты жоғарылап оқи алмаса да, қаршадайынан өлеңге ауестенен ол, бүл күнде әсем жырларымен өз оқырмандарын тәнті етіп жүр. Ата-жұртқа жете алмай, алыстан аңсап жүрген жас ақынның талабына демеу болсын деген мақсатпен бірқанша өлеңдерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.