Дәнеш РАҚЫШҰЛЫНЫҢ әні "Аққулар қош болыңдар"
Сөзы: Мұқағали Мақатаев
Орындаған: Әбдібақыт СҰЛТАНБЕКҰЛЫ
Дәнеш РАҚЫШҰЛЫ (1.5. 1926, Алматы облысы Райымбек ауданы Талды а. – 6.7.1992, Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр а.) – әнші, композитор. Қазақ КСР-інің халық арт. (1986). Р-тың алғашқы өнер мектебі көркемөнерпаздар үйірмесінен басталады.
1944-45 ж. Шығ. Түркістандағы қазақтың жас әншілері құрамында ел аралап, өнер көрсетті. 1945 ж. Құлжа қ-ндағы (ҚХР) ұйғыр-қазақ театрының актері болып орналасып, Әбдірахман (Б.Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М.Әуезов “Еңлік-Кебек” пен “Қалқаман-Мамыр”), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946-49 ж. осы театрдың қазақ бөлімін басқарған. 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағы “Октябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды. 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды. М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Р. репертуарында: Үкілі Ыбырайдың “Аңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Р. “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т.б. әндерін шығарған.
6alash ұсынды