Әсет Найманбайұлының құлыптасы

Әсет Найманбайұлы (1867-1923) Қазақстан Ресрубликасының Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол қазақ ұлтының бір туар әйгілі әнші, ақын және композиторы.

Әсет НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ құлыптасы

1916 жылы Қытай шекарасына өтіп, еліміздің Іле, Алтай, Тарбағатай, Бұратала сияқты қазақ ұлты шоғырлы Қоныстанған өңірлерде өз өнерін ел ішіне таратып, иісі қазаққа танылған өнер атасы. 1923 жылы Құлжа ауданының Көкқамыр сахарасының Жалғызқарағай деген жерінде:
Арғынымын, атым - Әсет арындаған,
Арындап ән саларма дарымаған?
Дауысымның күй-қобызын әнмен ашып,
Көмейден меруерт Маржан сауылдаған.
Үйінде ғапарбайдың жатып алдым,
Алмасты кепіреш деп татып алдым,
Алланың маған берген ажалы жоқ,
Құлжадан бес теңгеге сатып алдым...», - деген ең соңғы өлең өрнектерін көкірегінен жалындатып жатып ақын көз жұмады.

Ол кезде сахарада емші қайдан болсын, бақсы-балыгерлер оның шыбын жанынада арашашы бола алмайды. Осылайша арманда кеткен жас боздақ Жалғызқарағайға жерленіп, бейіт басына тас үйіп белгі қояды. Сол белгіні негіз етіп, 2003 жылы Іле қазақ автономиялы облыстық әдебиет-көркөмөнершілер бірлестігі мархұмның басына құлыптас орнатып, еске алу салтын өткізді. 2005 жылы жоғары дәрежелі үкімет орындарындағы ел ағаларының орналастыруы бойынша қайталай құлыптас тұрғызылып, айналасын темір тормен қоршап бекемдеп әрі шағын еске алу той мерекесін өткізіп, Әсет Найманбайұлының рухын биікке көтерді.


Көркіне көз тоймайтын Көкқамыр сахарасы жанға жайлы жасыл даланың шуағына бөлеп Әсетті мәңгі бауырына басып жатыр... Жыл сайын Көкқамырдағы ақсақалды аталармен жастар қабыр басына арнаулы барып дұғаларын оқып, ақынға құрмет білдіріп тұрады.  

 Бағдәулет Батырбекұлы

6alash ұсынды