Ақын, жазушы Көбен Асқарұлы

Көбен Асқарұлы Қытай жазушылар одағының мүшесі. Белгілі ақын, зерттермен, жазушы. Ол 1938 жылы қарашада Алтай қаласы Қыран өзені бойында дүниеге келген. 1946-1958 жылдары Алтай аймақтық 1-орта мектептен толық орта бітіріп, 1958 жылы Шинжияң университетсінің химия факултетыне қабылданады. 1985 жылы Алтай аймақтық мәдениет басқармасына қызметке шығады. 1998 жылы тете аға редакторлық кәсіптік атақ алған.

Қаламгер 2000 жылы зейнетке шыққан. Оның тұсау кесер өлеңі «Жыл келді» 1954 жылы «Алтай халқы» газетынде жарияланғаннан бастап, тынбай ізденіп, тамаша туындылар жазып келеді. Қазірге дейін түрлі басылымдарда, қоспа жинақтарда неше жүздеген өлең, 10 неше баллада, дастандар жариялаған. Қаламгердің «Ақ Айша», «Найзағай - жыр-Найзағай» атты дастандар, «Бал бала», «Көктем қызы» атты балладары оқырман қауымның ыстық ықыласын алған шығармалары саналады. Көбен Асқарұлы «Ел қамқоры - Шәріпхан», «Төрт би төре және Әлен уаң ордасы» қатарлы көлемді мақалалары, ғылми зерттеулері газет-журналда басылды. Ақынның «Көктем қызы» атты балладасы 1983 жылы автономиялы район бойынша 2-дәрежелі туынды сыйлығына ие болса, «Хош бол, достар» ән текісі 1984 жылы Шинжияң халық радио станциясы ән текістін бағалауда «Үздік туынды» сыйлығын алады. «Қажынаби Досқайұлын еске алғанда» атты туындысы 2000 жылы Шинжияң «Дүлдүл әдебиет-көркемөнер сыйлығына» қатынасып жүлделі болса, 2011 жылы «Шұғыла» журналында жарияланған бір топ өлеңі 2-рет, 2015 жылы «Найзағай - жыр-Найзағай» атты дастаны 3-рет қазақ-қырғыз «Дүлдүл әдебиет» сыйлығын алды.

Есімі мен еңбектері «Осызаман Қытай қазақ әдебиет қаламгерлер сөздігі», сынды томға кірген Көбен Асқарұлы Шинжияң жазушылар қоғамның, Шинжияң фолкоршылар қоғамның, Іле облыстық жазушылар қоғамның, ауыз әдебиет қоғамының, Іле қазақ автономиялы облыстық 8-кезекті саяси-маслихат кеңесінің мүшесі.

Көбен Асқарұлының «Шәріпхан», «Бүркітбай батыр» кітабы, «Ер кешуі» атты мақалалар жинағы, «Жыр-махаббат», «Алқа» атты екі өлеңдер жинағы, «Шолпан» атты драмалар жинағы, «Ұлыдан қалған ұлағат» атты эсселер жинағы баспа бетін көрді. Жеті жинақтың авторы Көбен Асқарұлы сексеннен ассада халқының әдебиеті, мәдениеті және мұрасы үшін барын арнап келеді. Және «Тырау-тырау тырналар» атты дастандар жинағы баспа тағанында кезек күтуде.  

Асау Ертіс жағасында көк терек

Асау Ертіс жағасында, көк терек!
Қимас досым қиялыма көп келед.
Туған жердің тұнығынан нәр алып,
Туған жерде тамыр тартып көктеп ек.

Асау Ертіс жағасында, көк терек!
Көктем айы көркің қандай Бек бөлек!
Бірімізден біреуіміз мәуе алып,
Жаз айында бойлай-бойлай өскен ек.

Асау Ертіс жағасында, көк терек!
Қара құйын айқасқанда жекпе-жек.
Жапырағыңды төгіп-шашып тұрғанда,
Қайсар жаның қасарысып өсті ерек.

Асау Ертіс жағасында, көк терек!
Көктем айы табысқанда бетпе-бет.
Сұлу далам сеніменен толықсын,
Жапырағыңды жайқалдырып төкші ерек!
1981-жыл. Алақақ

Батпырауық

Көктем лебі келді елге, біздің де алыс ауылға,
Балалардың мұрсасы жоқ шай ішіп, дем алуға.

Нұр көктемді аңсайды олар, сезеді олар күн бұрын,
Ұшырады тым асығыс жүрегінің бір гүлін.

Шықты аспанға батпырауық, көгәршін не көбелек.
Дәл сол кезде жас жүрекке одан артық не керек?!

Олар қандай, күн нұрына бойын созған Гүл қандай!
Өздері де құштарымен бірге ұшқалы тұрғандай.

Аталар ғой, әжелер ғой, әкелер мен аналар,
Шаттық сезім бойын билеп күлімдесті әне олар.

Қуанғаннан бір-біріне берер емес сөзге есе,
– Осы заман баласының ойыны да өзгеше.

Біздің кезде шыр айналып, «Соқыр теке» ойнаушы ек,
Кейінгілер мылтық алып хұңуибиң боп айдаушы ед.

Бала деме, балаларда істейді көз көргенін,
Жай, елеусіз қарай берме осылардың ермегін.

Ойын деген шынын қусаң сәулесі ол көңілдің,
Ал, көңілші? теңдесі жоқ шар айнасы өмірдің.

Көрдің бе, дос, бақытты елдің, бейбіт елдің адамын.
Мен олардыңомыр күйін көздерінен табамын.
1983-жыл

Бұлт

Кейбіреулер мекенсіз деп сындайды,
Расында оның көші тынбайды.
Онан мәңгі арылмайды мұң қайғы,
Бұлт жырласа жылап тұрып жырлайды.

Оның неге ашылмаған қабағы?
Жақындаса мынау жерге жаралы.
Адамдарға ашулы ма, тағдырға? !
Жылап келіп, жылап кетіп барады.

Жанып жатқан ормандарға төгіліп,
Күйіп жатқан шөлді көріп егіліп.
Жас бұлаған жалын атып жанары,
Қайысама қабырғасы сөгіліп? !

Адамдар-ай, жұмыр жерді бөліскен,
Бөле жүріп келіскен де тебіскен.
Бөле жүріп келешегін ұмытып,
Жәбірлеген жер ананы, өліскен...

Жерді айналып бұлттар көшіп барады,
Жазам дейме адам салған жараны.
Ал, адамдар бұлттарды ойласа
Мекенсіздеп жабады оған жаланы.

Бұлттар-ай, безіп жүріп мекенінен,
Жерді сүйіп бұлт болып кетерме ең!
Бар мейірін жұмыр жерге қалтырып,
Жұмыр жердің бар қайғысын көтерген.
1989-жыл 6-маусым

***
Бұл тауларға қарамаңыз, көздегеннің сұғы бар,
Қорқам, сұрқай ниеттерден, көңілім де суынар.
Аралама адамдардың қолдарының уы бар,
Жасыл дала сарғаярда гүл біткендер жығылар.

Шарапатты бұл таулардың бар ататын киесі,
Ал, бабамыз, әне, осы киесінің иесі.
Мынау гүлдер, гүлді ормандар,
Оның төккен қан-теріне, еңбегіне тыйесі.

Жұлғызбайтын бір тал шөпті көктің жолы ауыр деп,
Қиғызбайтын бір тал шілік, ұлы орманға жәбір деп.
Сарғайса орман, сілкінсе жер беретұғын «Тасаттық»
Тілек етіп, ұлы таңыр берсін жаңбыр-өмір деп.

Көк аспанға бұлт айналса, күркіресе күн егер,
Деп тілейтін: уа, тәңірім, жан иеге ие гөр!  
Қапалақтап жауған қарға қарап тұрып тілейтін:
Шапағатты туған жерге, күллі әлемге тыйе гөр!

Білесің бе, ол туған жердің қабағына қарайтын,
Туған жердің жан жарасын өз жарасы санайтын.
Бұл әлемде шапағатшы бар болса, егер, жар болса,
Әне, осы менің бабам, мақсаты мен ойы айқын.

Ну орманда аң да, құс та қатар Сайран құратын,
Қарлығаштар ауласында бірге жасап тұратын.
Үйге кірген жыланғада шығаратын ақ құйып,
Жан біткеннің қорғаны адам деп білетін мұратын.

Уа, атамыз!
Намысыңмен, жаніңменен күзетіп,
Орманды тау, айдынды көл, жасыл белді Гүл етіп.
Адамдардың қолдары У деп, қолды арыңа тежетіп,
Туған жерді жараламай кетіпсің-ау сен өтіп.

Білесің бе? ата-бабам киелі адам ұлы адам,
Жерге жаңбыр, елге ырыс сұраған.
Қуанса ол берекеге, ынтымаққа қуанған,
Жыласа егер туған жердің тағдырына жылаған.
1989-жыл 7-шілде

Сексеуіл

Тауға жаймай тамырын құмға жайып,
Сексеуілдің талғамы тым ғажайып.
Жеті қат жер астына созған қолы,
Сары құмға сарғайған тұрма жайып?

Айналасы сардала-сары ғұмыр,
Жарарғалы басылмай сарығы бір.
Махаббатқа зар болып, сағыныштан-
Шапағатқа қанбаған қарығы бір.

Қаздар қонбай кетеді биік ұшып,
Бұлттар жауып келмейді түйілісіп.
От лапылдап тамызда сағымданып,
Сары құмда өмір тұр күйіп-ысып.

Дауыл тұрса құм аунап көшкенін көр,
Көшкен құмда көгеріп сексеуілдер.
Тарам-тарам тамырын суырам деп,
Ала алмаған алысып ескеуіл жел.

Ғасыр бойы тозбаған, артылмаған,
Қурамаған, тынысы тартылмаған.
Мөлдіреген тамшысын бойға жиып,
Сары құмда өмір тұр сарқылмаған.

О, сексеуіл, көк гүлі сардаланың,
Сүйерсің қара дауыл сарнағанын.
Сүйерсің от-жалынның лаулағанын,
Рахат табар бәлкім сонда жаның.

1989-жылы

6alash ұсынады