Табиғаттан туып, тал бесік тербеткен тәтті әуен
Әнші, сазгер Ермантай Нүсіпұлы 1964.2.15 Қытай Шыңжаң өлкесі Алтай аймағы Бурылтоғай ауданы Қарамағай ауылыында туған. Орталау мектеп бітіргеннен кейін ата кәсібі шопандық жолына түскен Ермантай 1986 жылдан бастап, сырнайлы өзен, тау самалындай тамаша әндерін шығара бастаған.
Ауыл, аудандардың түрлі шараларына қатынаса жүріп, аймақтық облыстық ақындар айтысында жарыстарда туындыларымен жүлдені жеңіп алып, әнші, сазгер атанған. Буырылтоғай аудандық саясыи кеңес мүшесі болған.
Алтай аймақтық бейзаттық мәдени мұра қорғау мекемесі жағынан қазақ ұлтының халық әндерінің уәкілдік мұрагері атағын алған. Шыңжаң өлкесіндегі қазақ халық әндерінің бейзаттық мұрагері.
2017 жылы отбасымен ата жұртқа қоныс аударған. Қазір шығыс Қазақстан обылысы Тарбағатай Үржар ауданында тұрады.
Інісі Мұрат Нүсіпұлының сөзіне жазылған әндері: «Қазақтың сол қыздары-ай», «Аналар-ай», «Қазағымның әндері-ай», «Ырғайлы сай», «Қайран жер», Тоқтаған Көкейұлының сөзіне жазылған: «Қарағым-ай», «Бағым-ау сені іздеймін», Гүлден Мүлікқызының сөзіне жазылған: «Келесің қашан», Қинашкен Қамзиннің сөзіне жазылған «Құстар қайтып келгенде», Қымбат Түтекеұлының сөзіне жазылған: «Ауылдың сырлы әні», Өжет Дәлелханұлының сөзіне жазылған «Гүл дәурен» қатарлы 30 неше ән бар.
Ермантай әндерін орындап кең таратқан, қытай қазағынан шыққан әйгілі термеші марқұм Әсемхан Ғибадатқызы болатын. Сазгердің туындылары аудан, аймақ, обылыс, өлкедегі үлкен консерт кештерінде орындалып аса кең тарап, халықтың ыстық ықласына бөленді.
«Қазақтың сол қыздары-ай»
Орындаған: "Дос өнер" тобы
«Аналар-ай»
Орындаған: Әсемхан Ғибадатқызы
«Қазағымның әндер-ай»
Орындаған: Әсемхан Ғибадатқызы
Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ
6alash ұсынады