" ТӘБИҒАТ - ӨЛЕҢ " ( Мұқағалй Мақатаевтың тәбиғат өлеңдері туралы )

БОЛАТ БОПАЙҰЛЫ

ТӘБИҒАТ - ӨЛЕҢ

( Мұқағай Мақатаевтың тәбиғат өлеңдері туралы лирикалық толғанысы)

Тәбйғат, жаратылыс туралы ойланар болсақ, біздің көз алдымызда ,бар бақытын адам баласына силап, бар ырысын йіп беріп, нәр құтын үйіп беріп, бар жақсылығын жыйып беріп ,ұлы жер -ана ,жалпақ жаһан- жаннат алақанын Кең жайып ,көркем көрнісімен көсіліп , көңіл тойғызып ,көз алдымызда жатыр. Басымызды Жоғыры көтеріп қарасақ, айнадай тұнық, көк жаһұт алып аспанды көреміз.
Рас, адам баласының табаны жерден, аузы судан, мұрны ауадан бір сәтке де үзілмейді, Тәбйғатпен біте қайнайды, бірге тыныстайды, бірге туысады.
Бірге туысатыны сол- Төрткіл дүние -От, Су, Топырақ, Ауа ( жел ) сынды төрт қырамнан тұрады. Адам тәні де ,осы төрт заттан жаралған. Адам мінезі де төрт дүние - Топырақ , От, Су , Жел,(Ашу, Қайғы, Қуаныш, реніш ) сынды төрт жұлдыздық жарасымнан жарастық табады.
Адам тәнінде де- жерде, ауада , отта, суда қанша қырам болса ,сол қырамдардың барлық жыиынтығы бар. Сондықтан Адам - тәбйғаттың тірі пендесі, тіршілікті йесі ,жердің қырамдас қүрамы.Бақытты баласы, саналы үрпағы.
Атам қазақ " Жер - ана" деп атайды. " Отан- ана" ," Ел - ана "деген сөзі тағы бар. Мөлдіретіп сөйлеген тілін де " Ана тілі " дейді. " Ата тілі" деген тіл жоқ. Жер мен Отаннан , Ел мен тілден басқаны "Ана " деп атамайды. Анасына теңеп баламайды. Үйткені біздің қазақ жоқ, жалпы адам баласының ең заңғар ұғымдарында АЛЛАдан кейін ,анадан жоғары, анадан ардақты бйік ұғым жоқ. Болған да емес, болуы да мүмкін емес. ЖЕР, ОТАН, ЕЛ, ТІЛ деген , қасйетті ұғымдар ана ұғымымен тетелес ұлы ұғымдар. " Ата- асқар тау, ана- сайялы орман, бала- балбұлақ" міне ,оының өсірушісі, өндірушісі Жер- ана. Адам баласының астына тақ, басына бақ болып қонып, құтты қоныс, жаннат мекен болып отырғаны да , сол Жер- ана.
Жер- ана - Ерді де ,елді де , баланы да, ананы да, дананы да , тіпті тіршілік атаулыны да ,алып құшағына сыиғызады. Аиялы алақанында әлдилейді, өзегін талдырмайды, еш уақытта қыйындыққа қалтырмайды. Басындағы бағында баптап бағып келеді. Ықылым ғасырлардан тұқымымын жоғалтпай сақтап келеді. Сол құшағы құтқа толы " Жер- ана" . Жер- ананың асыл қасйетін ар бйігінен ерте таныған , атам қазақ құтты жерді, ардақты мекенді -"Жер-Ана" деп атап, бар бақыттың алып анасына балады. Оны баршамыз жақсы біеміз, терең түсінеміз.
Ал бар өнер туындысын ел мен жерге арнаған , өмір бойы ел мен жерін сүйіп жырлаған , мәйекті мәнді жырын сыйлаған . Біздің бір туар, ақ йық ақын, Мұқағай Мақатаев көп өлеңінде тәбйғатпен, жер - анамен сырлас , сыилас болып кетеді:

Кең дүние төсіңді аш мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйра бұлттар бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар бусанып терлегенім.

Аспаныңдай кей сәтте кұрсінемін,
Жас талдай жауһазын бұршік едім.
Кең дүние керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.

Байтақ ел, балауса тау,бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған.
Кең дүние кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбйдей мазаңды алам.

( Мұқағалй Мақатаев)

Мұқағалй Мақатаевтың мына өлеңі өзінен бөлек екі ақынды еске еріксіз тұсіреді. Бірі Маяковский " Ей, аспан қалпағыңды ал мен келемін" десе, Олжас Сұлеймен " жер - адамға табын" деп өлеңнің көкжал мінезін көрсетеді.
Жа, тыңдарман тұсінбей қалуы да ғажап емес. Біреуі аспаға айһайлайды " Қалпағыңды ал" деп, біреуі " Жер - адамға табын" дейді...
Бұл не сөз.
Тәйғатқа бұлай тіл қату -қай санаңа сыияды, қай ақылыңа қонады, қай талғамың қалай таразылайды. Өлең өзегіндегі өрмекті өнер өркешті өзендей ойыңды үрлап ағызады, белгісіз йірімдерге тартып тоғытып кетеді.
Аспан сөз тыңдай ма, Қалпағын ала ма?
Жер ақылыңа бағына ма, адамға табына ма?
Міне, әңігіменің терең тұпсіз шыңырау йірімі де, бөгеу бермес бөлек бөгенайы да осы жерде жатыр.
Өлең- өнер. Сөз- патшасы. Жүректегі кұшті күдікті толқынысты, ойдағы ормандай нулы тартысты ,сезімдегі селкеусіз сенімді , қиял қайғына отырғызады да, Өмірді өрнекті өнермен өрбітеді. Күмілжіп тұрған күмәнді жойяды, сенімді бекітеді. Оның бәрін өнер өрісіне көшіріп өлең етіп жазады. Өлең тіліне тән - Әсірелеу , салыстыру, теңеу, шенеу, шендестіру, балау , ұлғайту, кішірету, астарлау, Т.Б . лар өлең тілінің көркемдеу тәсілдеріне жатады. Ақын сол тәсілдерді тәртіпті тәрбйелі қолданады. Сол арқылы ойын ұтықты ұқтырады. Біз соны білуіміз шарт. Теңеу, әсерлеусіз өлең жаза алмаймыз, өлең ойын тұсіне бермейміз.
Міне, өлеңнің бар қүпиясы мен қазыналы қасйетін бойына толық тартып, нәрін әрімен әндетіп сіңірген Мұқағалй Мақтаиев та " Кең дүние төсіңді аш мен келемін " ,- деп күллі әлемге жар салды, найзағай отындай жарқылдап ән салып келді. Бұл бір ауыз сөзде бойын көк тіреген алап ақ йық ақын Мұқағалй Мақтаиев бейнесі- көз алда маңдайы жарқырап қасқайып тұр.
Тұрағанда да, Мұқаң образын әлем сұлулығынан ойып алып, ой тереңінен жасап , ақыл жетпес заңғар тұлғаға айналдырып тұр. Сынық сүйем сөйлемде ақиық ақын бейнесі анық айшық тауып тұр.
Әне , Мұқағалйдың әр тамшы сөзі нар жүкгін арқалайды. Ұлы ұлағатты ұғымдарды еншілейді , сол толағай жұктерді түйедей көтеріп, оқырмандарына да ентікпей жетеді . Мұқаң ,қолданған сөздер- қүрыштай қортылған , ар нүрымен сомдалған , сезім маржанына оранған ,қыдыр қиялына қондырылған , алтынмен қапталған, армен апталған арғымақ асау сөздер. Көреген көзді , көркем көсем сөздер. Қанжығасы майлы , ойы жайлы , қазынасы қамбалы, қоржыны тоқ, сезімі шоқ, ұғымы ұтымды , үпайы үтықты сөздер.
Біз жоғарыдағы өлең тармақтанда таранып , тармақталып , таралып таңдайы тақылдап тұрған теңеу сөздерді сөйлетіп көрейікші " Бүира құм" , " Бура бұлт" ," Балауса тау", "Бозаң дала" деген метафуралар ақынды бір сәт бүтіндей тәбйғат дүниесіне айналдырып жібереді. Бүйрат құмындай бұйығып шөлдетеді, бура бұлтындай бусанып терлетеді. Еді бір сәтте кең дүние ақынның жүрегіне айналады, кеудесінде лүп- лүп соғады. Сүйтіп ақын бейнесін беу дүние пішініне өзгертеді .Тағы бір сәтте " Байтақ ел, балауса тау, бозаң дала" ақынға жапақ- жапақ қарап тұрады. Ақын оның сәбйіндей " Кенде етпе сыбағамнан" деп шыр - пыр болады, бал тіл емізіп бағасын алады, еншісін сүрап есін кетіреді. Осылайша ақын тәбйғатқа , тәбйғат ақынға айналады .Көз алдыңда тамсанар таңғажайып тамаша бейнелі сыр ойнайды. Сүйтіп ойланнып оияу отырған оқырманын оқшау образдың орда төріне бастап алып кіреді. Одан ары ойлануға жебеп жетелеп кетеді.
Содан не болады?
Содан соң ары қарай ақ жауындай нөсерлете төгіле жөнеледі. Нөсерлеткен түстарында ,астарлы ой ағыны ақ бұлаққа айналады. Бар ойын тәбйғат сырына суарады. Суарып отырып , қүпия мәнді бедерлі беделді бейелер сомдайды, Сол бедерлі бейнелермен оқырман жүрегінен жол табады. Бұл Мұқағалй өлеңдерінің бір сырлы қатпары деп тану қажет. Мүндай тәбйғат сұлулығына шомылып, қүпия сырмен толығып толғатып тұратын бейнелер Мұқаң өлеңінен кең өрісті өрнек тауып отырады.
Кереметі сол- ондай бекзат бейнелер бірін- бірі жарқын ,бірінен- бірі сылқым, сыры бөлек, сыйпаты сұлу тұрде жолығады. Бақыты басқа- басқа , бағыбан ойдан сүйкімді сыр туғызады. Ұлы ұғымнан үлағат ұларын үшырады. Осы сөзіміздің дәлеліне ақынның " Жаңбырда " атты өлеңін сөйлетіп жіберейін.
Бұл өлеңінде ақын , Мұқаң , жаны таза, жарқын жүзді, құлын мұсін қылықты , ерке назды бір құрбысына мұнарлы күнде жолығады да, оған сан- сапа Риторикалық ( Шешендік) сүрақтар қоияды:

Айялдай тұр , мына күнде ашылар,
Келші мына ықтасынға , қасыма.
Ақ жүзіңнен алқымыңа жосыған,
Жаңбыр ма, әл де, жанарыңның жасы ма?!
Жаныма кел, жасыма да ,шошыма,
Жағыдайыңды түсіндірші ,досыңа.
( Мұқағалй Мақатаев)

Бұл сүраулардан ақынның жалын атқан ішкі пискикалық йрімін аңғаруға болады. Өлеңнің әр тармағын бажайлап бақсақ, ай далада , мүнарлы жаңбырда қүрбысы үшін құлай берілген ақынның ақ жүрек, хақ нйетін көреміз. Шүрайлы сезімді ақын мүнарлы мүңды сұлу далада , жападан жалғыз тұрған аруына ұп еткен жел, мөлт еткен жабыр тамшысын тигізгісі келмейді. Оған бар ынта - ықыласымен , ардан жаралған жанымен қорған болғысы келеді. Олай да ,бұлай да арып -таласып жол іздейді. Бырақ айнала толы қара бұлт, еңіреген тұпсіз аспан , шаңытқан туман, нөсер алдындағы дала. Еш жол жоқ, еш амал жоқ, қарап тұруға болмайды. Осындай сын сәтті ,әрі тәтті қас қағым аралықта тапқыр ақын, ой талғардан жол табады. Оны қарымды қаламымен, қас сұлу шеберлігімен мүсінді бейне жасайды да , Өлең нөсерін ары қарай төге жөнеледі:

Еңіреп тұр ,күз аспаны бүлыңғыр,
Бұлыңғырда адасқан бір құлын жұр.
Мына өлкені кетіп еді ,шаң басып,
Қара нөсер ,жуындырсаң жуындыр.
( Мұқағлй Мақтаев)

Ғажап тапқырлық, әлгінде жаңбырлы далада жол таппай тұрған ,ақынның қүрбысы соңғы шумақта " Құлын бейнесіне" кіре қалды.Тарғалаң тар уақытта , жұрісінен еш жаңылмай , жөні сараң жөпелдемеде ұланасыр ой табады. Ақлдан ағыл-тегіл сөз сауады. Бйік парасаттан бақ бетін парақтайды.
Қараңыз . Ой жұгіртіңіз , бір шумақ өлеңнің төрт тармағында кесек- кесек төрет сурет, төрт кәртина жатыр. " Аспан еңіреп жылап тұр"," Жерде адасқан бір құлын жұр", сіз ең әуелі мүңмен езілген, бұлыңғырмен адасқан құлынды көресіз. Көресіз де ,қылдай нәзік үзілер сезіммен үпітіп, аспанмен бірге егіліп, құлынмен қоса адасып кетесіз. Әп сәтен соң барып, осы мүңнан қүтылудың жолы - әнеу аспандағы қара бұлт екенін сезінесіз. Сонда барып жаныңыз жадырап сала береді.Енді сол бұлттың тез- ақ нөсерлеп төгілуін тақат таусыла күтесіз. Ол қара бұлт төгілді болды , күллі әлем лезде айығып, жер беті жуынып -шайынып жарқырап шыға келеді. Ауа да тазарады,мөлдіреп түнжырай қалады. Сонда барып жаның жай табады. Тәнің рахатқа кенеледі.
Міне, бұл Мұқағалй өлең өрнектерінің кең өрісті кеміл тұстарының керемет қыры. Тасқынды жырларының ағысты өткелдерінің өрнекті сыры. Ақын мүндай шалқар шабытты шақтарында әлем дүниесін, төлежіп тұрған тәбйғатты оқушының жан сырына айналдырып жібереді. Тілсіз тұйсіктерге тіл бітіреді, үнсіз дүниені уілдетіп сөйлетеді. Оны тарғалаң тар кеуденінің қыспағынан алып шығады да, көркем өмірдің таза самалына өпкізеді. Айналаның бәрін сұлулық шұғыласына шомылдырады.
Бұл не?
Бұл Мұқағалй Мақтайев өлеңдірің тәбйғатпен біте қайнап , бірге туған толғақты тұстары. Мазмүн мен пішін жақтан жаңа истил қалыптастырған керемет кеміл кезеңі еді; Өрлеу дәуіріндегі өнердің өр бйігіне өр серпіп кең құлаш жайып бара жатқан, шалқар шабытты шақтары еді; Өлеңінің сері сырларын сергіте жырлаған , туса түздықты түстары еді, майлы да жайлы кең маңдайлы , майлы мағыналы тұстары еді.
Мұқағалй Мақтаевтың талант табйғатын тануға орай , қазақ өлең сөз өлкесінде сыңар көзді, сырт айтылып , шыр айналып келе жатқан , жағы талмай таласқан таласты пікілерге де соға кету артық емес- ау , деймін...
Өлең тарихында тәбйғатты жырламаған ақын кемде- кем. Оны қай ақын болса да ,өз әлімен , өз әнімен , өз мәнімен , өз нәрімен, өз әрімен ,өз сәнімен жырлады. Өз қарымымен айтты, өз дарынымен жазды. Тәбйғатты - өлеңге өң беретін сұлулықтың қайнар көзі деп таныды. Бұл дағды ,бұл әдет сонау ауыз әдебйетінен бастау тауып, бүгінге дейін үрдісін үзбей өлең өнер көшіне ілесе көшіп келеді.
Йә, бүған талас жоқ, тартыс жоқ, қарсылық та жоқ. Адам баласының тәбйғаттан , жаратылыс дүниеснен алатын лаззаты ең бай, ең қуатты ,ең сұлу сымбатты лаззат. Оған да шек келтіріп ,шеке қарауға болмайды.
Сіз ,не айтқалы отырсыз дейсіз ғой...
Қазақ өлеңдеріндегі тәбйғатты жырлай қалған ақындармыздың бір қыдыруы - түрғын түман жамылған асқар - асқар тауларды, төскейден сыңырап құлаған бал бұлақтарды,алуан гүлмен безенген көз тоймас көк көйлекті ару даланы,сан мың жүдызы сайраған мақпал қара көз түндерді, шуағы шұғылалы жарық күндерді , сандуғашы мен бұлбұлы ән шырқаған жасыл ойлы орманды теңдесі жоқ сұлулық , не тіл орамы жетпес бір әсемдік Символ( астары) етіп майқалта жөнеледі. Жер мен көкке, су мен сырға сыйғызбай мақтайды. Ал қап- қар түндерді, боранды сүркей күндерді , жағымсыздықтың, сыйықсыздықтың, сынсыздықтың символына балайды. Осы кәрі дәстүрді дәл бір көнеден қалған көз түмардай қастерлеп те келеміз.
Жа, мүны айыра айтып, жария жазудың да өзіндік өзекті өртті тұсы бар. Өртеңді өкінішті кезі бар. Әдебйет оқулығына кірген тәбйғат өлеңдерінің осындай тұстарын жоғарыда айтқанмыздай талдап , талғап оқушыға тұсіндіп жатқанына сан куә болдық. Ар ашытып айтар болсақ, осындай формашылыққа байланып, орынсыз оғаш ойға бой үрып, тәбйғат суретіне адам сезімін жанай беріеміз деп , жасанды тәбйғат, жарым жан кейіпкер жасап алатын болды. Аиямай айтайықшы- Кейіпкер көңілді күліп тұрса, аспан мезгілсіз ашылады. Бар тәбйғат күн сәулесімен күле қарайды. Бұлттан лезде күн жайнап шығады, тұтас тәбйғат масатыдай қүбыла қүлпырып кетеді. Ал кейіпкер көңілсіз болса, не бұлқан- талқан ашуланса, күн көзін қара бұлт торлайды, алай - дүлей дауыл тұрады, боран соғады. Қар жауады, жаңбыр төгіледі. Күллі дүние күрсіне қарап тұрғандай суреттейді .Кейіпкер ойлана қалса болды, шырқау аспанда ақ йық қыран қалқый қалықтайды. Не көк мүхиттар шалқалады. Кейіпкер қуанса, мөлдір бұлақтар сыңқ- сыңқ күліп ақ бауыр жыландай жорғалайды. Не асау өзендер өркештеле жөнкіледі, ауа да айнадай тазарады.
Бұл әдебйетегі, өлең сөз өнеріндегі жасанды , жарымжан жартымсыз дүниелер. Осындай қолдан жасалған қуыршақ кейікерлердің көңіл - күйі мен өмір тағдырлары сахыналық шығармаларда тіпті де, жйі үшырайды. Тоқ етерін айтқанда сөз суретінің сыны мен сиқын қашыратын формашылдық. Жатанды сөз, жалған жадағай суреттер. Одан басқа тұк те емес. Тұбі бос бошалаң дүниелер.
Тәбйғат дүниесі- адам еркінен тыс , адам сезіміне бағына бермейтін жеке , дара қүбылыс . Ол өз заңымен өз қағыйдасымен дөңгелеп жатады. Адам ашуланса, тәбйғаты бұлт баспайды. Адам күлсе, күн ашыла қалмайды. Бұл жерде тәбйғат пен адам еш қатсызсыз деген ұғымнан мұлде аулақпыз. Тәбйғат жалпы жаратылыс дүниесі жыинақтап айтқанда ұлы жер- анасыз адам баласының күні жоқ. Тәбйғат көрнісінің белгілі дәрежеде , өлшемді мөлшерде кейікердің ішкі сезіміне әсері болады. Содықтан ақындар мен жазушылар , драматоргтер тәбйғат суреті арқылы кейіпкердің ой- сезімін, сыр- сыипатын ашуды мақсат етеді. Ал адам ашу шақырғанда , ашық аспан да, жайнап шыққан күн де бекер болатыны ып-ыстық шындық. Бырақ бұл сол ашуға бой алдырып тұрған кейікердің жеке сезімі. Кейіпкер сезімін тәбйғатқа орап образды береміз деп, келсе- келмес күн күркіретіп, жаңбыр жаудыып , қар боратып,бұлтсыз күні боран шақыру үият, нмыс емес пе. Шығармадағы барлық күнің бұлтын жамандыққа балап, ашық күні мен айлы аспанды жақсылыққа санап жалған , боияма жағатын, жасанды жазатын күн келмеске кетті. оның сыры бітті, заманы өтті.
Сіз ,мына бір өлеңе назар салыңызшы:

Хантаңірі жатыр еді үйқтап,
Айды жастап көк көрпесін тұйқтап.
Хабаршы сұлу сағым сылаңдап,
Жетіп келді тым асығыс бұлаңдап.
Жайлап жылжып жұрді сағым жағалап,
Хантәірінің қойны- қоншын аралап.
Кенеттен бұлт бір үріп, бір абалап,
Төкі жасын, құйды нөсер сабалап.
( Қасым Аманжол)

Қасым Аманжолдың осы өлеңін кезінде Символ деп таласқанда, белгілі қазақ әдебйетінің даңсалы сыншысы Есмғамбет Сымайлов "Кейіптеу әдісі қолданған жай тәбйғат суреті, әсерлі тілден әдемі етіп өрнек салған" деп қортынды шығарғаны бар еді. Содықтан тәбйғат өлеңдерін талдаған сыншы болсын, тәбйғатты бейнелеп жазған ақын болсын оған жоқтан ойып, жоңқадай жоынып , арзан сөзден, жалған мүсін жасап, оны "символ" деу көзсіз көпсуге жатады.
Символ - астарлы ой ағынына қүпия сыр тоғытады, тоғыз толғап, толғағын толтырады. Піспегін қанып пісіп пісіреді. Толлқыптып барып тоқ еткізіп айтады. Жан дүниені көркем ойдың көліне көміп айтарын тұбіне тұсіп оқтырады. Сұлу сезімді сылаң қатырып , бұла сөздің шұңетіне шөктіріп , ойын жасырып жеткізеді. Мүндай көркемдегіш астарлы сөз тәсілін ,екнің бірі , егіздің сыңары ойдан ойып, қырдан қырып, қызық үшін, ермек үшін қолдана беретін арзан қол теңеу емес. Символ-сөздің ішкі дәні, шұлен ойдың мәні . Жан дүниені жасырын жеткізілетін жабық сыры. Шындықты сөз қауызна орап, образдап, сомдап соғып , сөз боранын боратып жеткезетін тәсіл. Тұгі бар түйір ойды түймелеп аитатын көркем әдебиеттің сөз қолдану шеберлігі. Ойды орағытып айтатын жабық жеткізетін жасырын тұрі -" Символ" ,"Жабық баиян" деп аталады.
Жабық баянды оқырман- сөз тілінен емес, сөз көзінен ұғады. Ой жапсарынан танйды. Оған Мына бір мысал дәйекті, дәнді дәлел болады.
Төле бй, Қазбек бй, Айтеке бй ақтабан шүбырынды алқакөл сүлама заманда,
Қалмаққа қарсы соғыс бастауға бола ма ? деген кеңесті бастау керек пе ? Деген мәнді мәйекті мәселені талқылауға жыйналады. Бырақ арада сөз жеткізетін сақ қүлақ қалмақ тыңшыларының көп жүргенін сезген қазақтың үш бйі көл бойынды отырып, біріне- бірі қарап, үш - ақ ауыз сөз айтысып тарап кетеді. Оны басқа ешкім тұсінбейді. Ол сөз мынау:
Төле бй:
- Аларма еді мына көлдің қуын атып,- десе,
Қазбек бй:
- Қуын атам деп жұріп , алмаңыз суын атып, депті. Сонда,
Айтеке бй:
- екуің де сор тартасыңдар, біреудің суға келген қызын атып,- дейді.
Міне , нағыз жабық баиян. Жапсар сөздің жамбасында жатқан майлы ұғым. Соғыс бастауға болмайды , "арада араз адам бар " ,-деген ұғымды ой түбіне тұймелеп, сөз шүңетіне шөктіріп, шөкім сөзбен жеткізген.
Үш бйдің жасырын ой баияны " Символ" деп осыны айтамыз.
Жа, Сіз , мені тақырыптан алқып, басқа жаққа шалқып кетті деп отырған боларсыз.
Жоқ. Өлең тақырыбы " Тәбйғат- Өлең" Соны терең тану мақсатында мысал алып қайта айналып келдік. Біз айтып отырған тақырып та , осы "Символ" төңірегінен өрбйді. Тақырыпқа қайта оралайын.
Мұқағалй Мақатаев өзі жазған тәбйғат өлеңдерінде осы қүбылыстарды терең меңгереді, сырын кемілді тұсінеді. Тұсінгені сол- Тамылжып тамсантып тұрған тәбғйат қүбылыстарыенан өзі де Эстетикалық әсер алады, өзі қабылдаған , өзі аналған лаззатты өзгелерге де ,өлең өнерімен бере біледі. Басқа ақындар қап- қара түнді сиықсыздық баламасында алып жырласа, Мұқағалй оның қарама- қарсы жағында тұрып, қара түнді әлде бір ақыл жетпес сұлулық ажары, сымбаттылық сыры ретінде суреттейді:

Қап- қар ғажап сыиқырлы,
Қашпаңдар қара боияаудан.
Қандырып уыз үйқымды,
Қап- қара түннен оиянғам.

Қап- қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға жолықтым.
Қарасыз , сірә, мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеппін.

Жарыңның шәші қап- қара,
Көзі де шама қарасы.
Сондықтан жүзі ақ қала,
Содықтан әсем қарашы.
( Мұқағалй Мақатаев)

Әне, сөз патшасы- Мұқағалй Мақатаев өз түстастары айта алмаған сөзді тауып айтты. Ол сөзді сөлімен сөйлетті, нәрімен жеткізнді. Қабырғалас қаламдастары ойлай алмаған ойды ойнатып , оиянтып , ойлантып орнына қоияды. Қара мен ақ түсті қарама- қарсы боияулардан бірлік жасайды. Айналаның бәріне ғашық көзбен қарайды. Мұқаңның мынау өлең өрнектеріндегі көрікті көркемдік тұс- Тагордың мына бір суреттеу сөзін еске тұсіреді " Түн сұлу. Түн неге сұлу, түн қап- қараңғылығымен сұлу. Ол бейне шамды өшіріп келе жатқан әйелге үқсайды". Міне , жақын жарастық , ой қабыстық , ұламалы үқсастық деген осы.
Тагордың қап- қара түн образы мен Мұқағалй өлеңіндегі қап- қара түн образында өлшеусіз өмір үқсастықтары бар. Ол үқсамтықтар өнер өрісінен өрілген, өрмек сөздердің өзеккті өр бйігніен табысады. Жан жақындығынан жарасады, жарқылдап келіп қабысады.
Неге дейсіз ғой.
Бір жазушы, бір ақын екуі де қап- қара түнді сұлу , сымбатты әйел бейнесінде суреттейді. Ғашық жар ретінде сомдайды. Көз қыдыртыңыз, қадала қарай қалыңыз. Мұқағалй "қап- қара түннен уыз үиқысын қандырып оиянады. Қап- қара түнге жолығады да, жап- жарық таңды көреді". Тіпті қарасыз ақтың нарқын мүлде сезбейді. Сол түнде жолыққан айдай аппақ аруының да, жарқылдаған ашшық ажары,қап- қара қасының, қара мөлдір көзінің қүдіретімен құнды ,қара қасы, қара шәші , қара көзі арқылы ажарлы болып көрінді. Ал Тагордың сомдаған қап- қара түн образы " Шамды өшіріп келе жатқан әйелге " балайды.
Ғажап , ғаламат салыстырма.
Екі қап- қара түнге де сыйқырлы сыр дарйды , ару бейне қонады, жан қүпияңды қытықтайды. Түнге іңкар етеді, ой түбін түріткілейді, қалғып жатқан ойды оиятады.
Тәбйғат суретіне мүндай ағыл- тегіл сыр дарытып, адамдық мінез бітіріп, қалқып қасйет қодырып, қонақты образ жасау , түйсікті тұрткелейтін суретпен көз арбау, көңіл аулау деген үлкен шеберлік. Символ деген осы.
Осы ғана емес.
Оқырман жүрегін жаулау,сезімді жаһұттау, образды даралау, ойды даналау деген де осы. Осының аржағында жамбастап жабық жатқан астарында ақын мен жазушы санасына- ана сүттіндей нәр беріп, жылқы майындай сіңіп кеткен, өнер туындысының эстетикалық түнық түнбабасы жатыр.
Ары қарай Мұқаң жайлы айялдай берейік:

Шып терлеп дала бусанған,
Сағымы қайнап шымырлап.
Боз торғай үшты жусаннан,
Сүйінші сұрап шырылдап.

Сағынып нөсер жаңбырын,
Аулақта қалғып бақ тынды.
Ақ бұлттар мамық жаулығын,
Аспаннан төмен лақтырды.
( Мұқағалй Мақатаев)

Жа, мына өлеңді оқыдық та қызық дүниеге еніп кеттік. Дала шып- шып терлеген, сағымы қайнап шымырлап, боз торғай сүйінші сұрап, жусаннан үшып жалпақ далаға жар салады. Жаңбыр мен нөсерін сағынған бақ алыста қалғйды. Ақ бұлттар мамық жаулығын аспаннан жерге лақтырады. Әйтеу, дүние сан тұрленеді, мың қүлпырады. Әнеу , сүйінші сұрап шырылдаған боз торғай қүмарлықпен әсем үндескен аспан мен жердің сырын шерте ме, жоқ, асау қүмарлықпен қомағай сұйіскен басқа бір құштарлықтан сыр үрлап үшама , кім білсін, бұл жай сурет емес. Адамдық қасйетке оранған , сүйіспеншілікке тоғытылған , құлпырып құбылған көркемдік атмосферасы секілді. Көзді арбайды, көңілді толғайды ,қарашығыңызды қадап қарап тұрғыңыз келеді. Көзді көркемдікке суару , көңіл лаззатын көкжеиек ойдан алу, теңіз тереңінде жатқан сырды табу, жаңылмай жазбай тану деген де оыс.
Мұқағалй өлеңдеріндегі тәбйғат суреттері адамның махаббат сезімдерінің жаратылыс күйімен терең қау үшып астарласады. Ғажайып гармония тілімен сөйлеседі. Үмітті дүниені уілдеп , дірілдеп келіп елестетеді. ырғақты тербеліспен жүрекке жеткізеді. Сол арқылы дархан даланың сұлу саздарын ойнатып жатады, ойлантып жатады.
Ол да емес, одан сұлуы , одан да жылуы бар.
Мұқағалй жалпақ жаһанға, апай төс далаға бара қалса болды, көзі шалған жасыл орманға да, жайнаған гүлге де, төгілген нүрға да, тау мен тасқа да, тіпті аспан мен жерге де тіл бітеді тіріліп тұрегеледі. Бәрі жамырап, бәрі жадырап жабыла сөйлеп кетеді. Сөйлегенде де жай сөз емес, өлеңдетіп , әндетіп ,әуендетіп кетеді. Бәрі таласа- тармаса Мұқағалй қүлағына сыбырлайды. Керек болса , адындағы көлелең жатқан қара тасқа да тіл бітеді, сілкініп түрегеледі. Сезім толқынына балқып , шабыты шалқып бйлей жөнеледі.
Йа, осы мылқау қара тасты өлең өнерімен ойната алмаған, оията алмаған ,ой дарытып , сыр қарытып ойланта алмаған ақын- ақын емес. Ақын сезімі -лазер сәулесіндей. Қара тасты ойнатқанды қойып, балбыратып балқытып та жібереді. Күллі дүниені көз қаршына сыйғызғандай , қалам үшына сыйғызады.
Жа, бұл жерде бір ұғымға баса назар аударумыз керек. Жасанды тәбйғат пен жасанды кейіпкерді ойдан ойып жасап алып,өлең етіп ,дүрілдетіп жаза беру емес , ақ қағазға тұскен төрт тармақ қыйсынды сөздің бәрі өлең бола бермейді. Өлең ермек емес. Өлең- ұлы өнер. Сөз - патшасы. Ой данасы, сезім сарасы. Әсіресе, бүгінгі талғамы бйік оқырман тым терең оймен қабылдайды. Әрі сол бйіктен жаңылмайды, барлап барып бағалайды.
Мұқағалй өлеңіндегі тағы бір қатпар сыр- дала көрністеріне өз сезімін сіңіре жырлайды. Сол тәбйғатқа балдай батады, судай сіңеді. Сол арқылы өзі де лирикалық кейіпкерге айналып кетіп отырады . Айналып кетіп отырады да, тәбйғатты оқшау образ ретінде суреттейді . Өзі онымен сырлас , туыстас болып алады. Сөз дәлеліне ақын өзі жырласын. Біз , қүлақ тұрейік:

Жалғыз аияқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қыйыны екен өмірдегі қыйынның.
Жалғыз аияқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шыймай- шыймай сызығындай жүрегімен мыймның.
Бұл соқпақпен әкем менің қан майдаға аттанған,
Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам.
Бұл соқпақпен баламды да ұзатып сап мезгілсіз,
Бәрінің жүрген ізін ескеріткіш қып ап қалғам.
Сол соқпақпен жүріп келем, бір жығылып, бір тұрып,
Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып,
Жол шіркіннің жарының да ,орының да ,көбін- ай,
Сүрінемін, жығыламын , қайта жұрем ұмылып.

( Мұқағалй Мақатаев)

Әне, ақынның үйінің іргесінде жалғыз аияқ соқпақ жатыр. Ол соқпақты жұрт күнде көріп, сан рет қайталап жүрген жол ғой. Оған таңданатын, таңғалатын дәнеңе жоқ. Бырақ осы соқпақ Мұқағалй өлеңіндегі өнер соқпағына айналғанда ,Мұқағалй өмірінің шар айнасындай өткен күндерінің , қасіретті түндерінің " Әжесін қабіріне апарған жол", " Баласын мезгілінен бұрын жерлеген жол", болып , ақынның жүрегі мен мыйының шыймай сызықтарын тұп - тұнық көрсетіп тұрған жоқ па? Осы соқпақта ақынның Элегиялық еңіреген езілген сыры жатқан жоқ па? Осы соқпақта ақ йықтың жалыны сөнбеген үміткерлік рухы жалындай лаулап жатқан жоқ па? Жол қанша ұрып жықса да " Қайта жүрем ынтығып" деген азаматық ар- ұжданны жатқан жоқ па. Осы ұшқынан жалынға айналған отты, тәтті сезімнің жібі мықты , тігісі берік өзекті сөзі өмірге өзгеше құштарлық сенім бағыштап жатқан жоқпа?
Йа, әрйне, солай.
Солай болғанда да, қасіретті де бейнетті жол; Қуанышы мен қайғысы бірдей ортақ жол; Өмір жолы. Өмір жолы ахиқат жол ;Бүраңы көп, қалтарысы қалың ,шыймайы көп шытырман жол; қараңғысы мен жарығы алма кезек ауысып тұратын түрақсыз жол ; Ақихаты айнымалы айғақты жол ; Тарылып - кеңіп тұратын тайғақты жол. Оны ақын бір өлеңінде:

Отыз бес күз,
Отыз бес қыс,
Отыз бес жаз,
Осал өмір емес-ау, отыз бес жас.
Отыз бес жыл өткердім,
Отыз бес жыл қуарып,
Отыз бес жыл көктедім.
( Мұқағалй Мақатаев)

Жа, жұртым, мына өлеңді талдаудың орына жасытып алмайық. Мұқағалйдың әр өлеңі, бар өлеңі ұлы тәбйғатқа тартып туған , жаратылысқа жарып туған өлең. Көркемдік әлемі кең, шабыты шалқар, ойы бйік , сезімі шүңет, қиялы қыдыр , айтары айдарлы, пікірі анық , ойы өткір, нілі қанық өлең. Мазмүны жарық жарқырап жаннып тұрған отты өлең. Сезімі балдан да тәттөлең. Мұқаң не жазса да, не айтса да бүкпелемейді. Ашық айтады, жарйя жазады, жайдары міезбен жеткіеді.
Мұқаңның өлеңдерін малшы - дихан, жүмысшы, қарапайым адам оқыса да , университет бітірген оқымысты оқыса да, дана , бала оқыса да бірден тұсіне кетеді. Бөтен бөгде сөз де ,жат танымас ой да жоқ. Бәр өлеңі шам - шырақтай жанып жан- жағына жарығын тұсіріп тұрады. Оны Мұқаң , мына өлеңінде өзін де, өмірді де тасқа басқан таңбадай тантып таңбалап кеткен:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емес,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім,
Будан жасап бидай мен тары егемін.
Қазан-миым бәрін де қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

( Мұқағалй Мақатаев)

Міне ,өзін ұлымын, таумын , тасқынмын ,тұлғамын деп дәріптеген жоқ.Керек болса , ақынмын деп атаған да жоқ. Халықтың азаматымын. Қасиетті қара өлеңін қайталаушымын деп ғана өтті, мақтанға бой үрмай кетті.
Рас- ау, алтын -топыраққа, ұлылық -қарапаймдылыққа жасырынады. Мұқаңның барлық ұлылығы өзі өрген өлмес өлеңіне жасырынып , өлеңімен бірге өмір сүріп келеді. Мұқағалй халықты қайталады. Қайталағанда да, Қазақ қара өлеңін қайталады. Енді Мұқағалйды ешкім де қайталай алмайды. Тек өлең қалпында қаз қатар жаттап алып, мазмүнын жойып, жоғалтып алмай , әдемі мәнермен оқып берсең , ақынды да өлең тыңдаушыны да дән риза етесің...
Абай атамыз айтқан" Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынан " жаралған нағыз шынайы өлең адам санасына дәл осындай із қалтырады демекпін.


(Шінжаң жоғры оқу орындарына арналған ғылымй мақалала жыинағы журналының 1991 жылы 3 санда жарық көрген ).
02.02 .1991 жыл. Ұрімжі қаласы.
Болат Бопайа

6алаш ұсынды