" Қазағымның әндері-ай"  Ардақ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Қазағымның әндері-ай

Мәтіні: Мұрат нұсыпұлы


Әуені: Ермантай нұсыпұлы


Орындаған: Ардақ Асылбекқызы

Қазағымның әндері-ай

Асқақтығы асқар таудың басындай,
Аппақтығы ақ төбенің тасындай.
Нәзіктігі аналардың жасындай,
Көріктігі жаһұт тектес асылдай.

Шарықтаған тәтті үндер талықпай,
Абай атын алып ұшқан ғарышқа-ай.
Қазағымның айхой,
Қазағымның Айхай қой,
Әндері-ай,
Әндері-ай.

Мұңлылығы бөзінгеннің үніндей,
Зарлылығы сыбызғының күйіндей.
Нәрлілігі туған жердің күзіндей,
Өткірлігі ақсемсердің жүзіндей.

Ә…ә…ей…
Тұраларма тыңдаған жан сүйінбей,
Әсет әні мұра болған үзілмей.
Қазағымның айхой,
Қазағымның Айхай хой,
Әндері-ай,
Әндері-ай.

Сұстылығы зеңберектің оғындай,
Өктемдігі батырлардың тобындай.
Қызулығы сексеуілдің шоғындай,
Мөлдірлігі ақ бұлақтың суындай.

Ә…ә…ей…
Қасиетті біздің Алтай тауындай,
Біржан әні нөсерлеткен жауындай.
Қазағымның айхой,
Қазағымның Айхай хой,
Әндері-ай,
Әндері-ай.

6АЛАШ ҰСЫНДЫ