" Арқада қар жауып тұр "   Сәкен Ризабекұлы

Арқада қар жауып тұр


Сәкен Ризабекұлы


Арқада қар жауыптұр қапалақтап,
Ақмамық құс жүніме?!
мақтама әппақ.
Қабады қарыс түскен көбік қарды ,
Астымда ақтұлпарым ашқарақтап .

Ат жарау, арқа жазық , келем жортып .
Жатқандай әппақ әлем, ғалам көшіп.
Суыққа бой алдырмас атты қазақ ,
Қазысын ту биенің жеген кертіп.

Ақ бұрқақ жалы ойнап жоталардың ,
Асаудай ауа райы осы араның .
«Ат үсті әулие» – деп, аитушы еді,
Ақылгөй абыздарым аталарым.

Аспанмен аймаласып жер өбісті,
Ойанды махабатым өңірге осы.
Далада ақпарақтай қалған ізім ,
Секілді Баитұрснов емілесі .

Ойнаған көз қарлығар ақшыл сағым,
Дірілдеит ақ мұрттары тал-шыршаның.
Атымнан аударылып түстім бір сәт,
Себебі ат бусанып, мен шәршадым.

Үлпілдек үкісіндеи қамыс қыздың ,
Барады қалыңдатып қар ұшқынын .
Жазуға жүрек сөзін әппақ қарға ,
Жып-жылы саусағымды малып тұрдым.
* * *
Арқада қар жауып тұр ақнесібе ,
Келтіріп тіршілікті тәубесіне .
үйіріп торғайбастап оңды-солды,
Алтайда жауған қарды салды есіме.

Түседі ақ шәшулар саулап көктен ,
Ағаштар тосыпаптұр аумақта өскен.
Ақ бұлттар ақ әжемдей ақ матамен ,
Ойпаң-дөң жер жыртығын жамап кеткен ,

Қаратпас қыс ашуы қал күйіңе ,
Қарайды жас келіншектей талда иіле.
Желдірме жел азынап тартады күй ,
Қобызын келтіріпап зар күйіне .

Жұлдыздай қар ұшқыны жамыраған,
Қайтарып несібесін жаз ұрлаған.
Бұлт кетіп баражатыр қара қошқыл,
Сауылдап күміс теңге балағыннан.

Әлжуаз жылымықтың мысын басып ,
Ашушаң айаз келер тісін басып.
Арқада қар жауыптұр қарашада,
Аққарды кетіп барам сықырлатып .

2022-жылы 17-қараша