Сұлубай арман

Әуеле, әуелей бер, «Сұлубай арман»!

Кейде бір ән үшін ұзақ жасағың келетін сәттер болатыны ғажап. Өмір сол әндей ғана сезіледі. Әлгі әннің иірімінде жасап, қым-қуыт дүниені ұмытып та қаласың. Көңіл жетпеген кеңдікке ән жетеді. Өмір жетпеген биікке ән жетеді.

Серік Әбіл ұлының өлеңіне жазылған, Халық Ризабектің «Сұлубай арманы» бізді осындай бір ыстық сезімге бөлегені бар. Бұл әнді Шаба Әденқұлқызы «Тәттім-ау» -дан да тәтті, сағнышты орындапты. Батыр баба ғасырлар безбенінде ән болып шырқалып, күй болып күмбірлей берері хақ! Әуеле, әуелей бер, «Сұлубай арман»!  

Сұлубай Сапиұлы 1906 жылы Сарсүмбенің (қазіргі Алтай қаласының) Шірікши ауылдығында туған. 1929 жылы тамызда аға-бауырларын ертіп Шіңгілге кеп қоныстанады. 1937 жылы Ырысхан ауылында почташылық істеп, 1940 жылғы ақпандағы көтеріліске дейін атқарады. Осы жылдардан бастап қытайға қарсы атойлап алға шығып ерен еңбек көрсетеді. 1944 жылы сәуір айында Бұлғын өзені бойындағы шайқаста жау оғынан қаза табады. Мүрдесі Бұлғын өзенінің бас жағындағы Құмқарын деген жерге жерленеді. 

Сұлубай ел қорғаған батыр, қарымды балуан, суырып салма ақын. Ол елі үшін қан кешіп, жерін қорғаумен бірге туған халықына, жауынгер серіктеріне рухани күш бағыштаған әйгілі әнші. Оның қазірге дейін бізге жеткен туындылары: «Сұлубай батырдың әні», «Сұлубай мен Гүлсімнің айтысы» қатарлылар.

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ

6alash ұсынады