Он сегіз жас

Он сегіз жас сырым – жыр,

Он сегіз жас бұрымдым...

Бәрі қазір қашықта,

Қой шулайды қырылғыр, 

Жерме өзімді ашықса.

 

«Ас болады» алты айда,

Жанымды жеп семіріп.

Шар саулықтар қартайған,

Ғұмырымды кеміріп.

 

Алты ай жазым Алтайда,

Шілдесінде қар жатқан.

Алты ай қысым Құбыда,

Сексеуілі зар қаққан.

 

Тықыршыса кер бесті,

Жарқылдап күміс пстаны.

Қара таудан ел көшті.

Барар жері қыстауы.

 

Жоқ... Түліктен түңілмен,

(бабам өмір өткізген).

Тарихымды бүгінге,

Нар арқалап жеткізген.

 

Ақ сарбастың қанында,

Арғымақтың жалында,

Қара нардың қомында,

Қара таудың жонында,

Көк бөрінің ізінде,

Ақ семсердің жүзінде,

Жатыр менің тарихым мен тағдырым.

 

Бақытым мен байлығым, 

Қуаныш және қайғы мұң...

 

авторы: Әділбек ЖӘКЕЙҰЛЫ