Омарғазы айтан ұлы 1931-жылы 20-қарашада Тарбағатай аймағы, Толы ауданының майлы тауында дүниеге келген. 1957-жылы шынжаң университетінің филология факултетін бітірген.
Артына «Құс жолы», «Түйе», «Сәукеле» қатарлы жыр жинақтарымен бірге «Аң шадырын оқ табар», «Таразы» романдары және көптеген драммалық шығармалар қалдрған үлкен ұлы қаламгер. 1997 жылы 26 мамырда Үрімжі қаласында қайтыс болады.
Сағынып келдім
Айтшы сен, жасыл табиғат,
Есіңде ме,
Арнап жасаған едің ғой бұл жерді
Ту баста маған.
Сен өзің емес пе едің
Қарағай саясында уатып,
Жетелеп өткізген
Су аққан жылғадан.
Ақын боп кел деді ме екен сонда,
Қас суы
Тар қысаңда ақ көбік шашып.
Сонан бері – Мінеки
Әрең таптым мен сені
Арада көп жыл адасып.
Кешірер өзі құз-сеңгірлер
Құс емес едім кеткен ауып
Жылы бір жаққа.
Сағынып келдім
Ұқсайды терең шатқалдар кәрі әжеме.
Қалсам деймін мен мәңгілік
Осы мейірбән құшақта.
Таныдың ба, ақыныңды,
Бір түп қайың беттегі
Сарғыш қабығыңа уысымның табы батқан?
Айрылмаймын мен енді сенен
Жұлып ала алмас ешкім
Арық қолдарымды тастай қатқан.
Тастап кетіңдер достарым,
Өз өңіме келіп,
Адамы боп қалайын осы таудың.
Тыныстайын сонан соң
Таза бояуымен жасыл қойнаудың.
Арманым – Осы.
Айтар өзі табиғат өз арманын.
Екеуіміз қосылып –
Туған жер,
Оятайық осында
Ата-баба аруағын.
Осы таулар – Менің тауларым
Атамыздан қалған ақ сауыттай
Осы таулар – Менің тауларым.
Жантайып жатамын кейде
Жатқанындай бір жолаушы
Басына жастап
Алтын-күміс асыл қазыналарын.
Құз мұнаралары мұз кристәлдәрімен
Шоқиып тұрғанында,
Айтпаймын ешкімге
Нендей сыр жатқанын
Терең сай, адыр, қырқаларында.
Осы таулар – Менің тауларым,
Майлы сүрі жамбас секілді
Бір ұқыпты қол мейіздей баптаған,
Көктемге – Сиқонағына арнап
Тарих – Кемпір кебежесінде сақтаған.
Осы таулар
Пешеті бұзылып – Беті ашылмаған.
Бейне бір қымбатты бұйымға ұқсайды
Су жаңа қыры басылмаған.
Боғданың қасиетті үш шыңы,
Ерен таудың ұзын жүлгесі ;
Бәрі менікі осы таулардың
Алтайымның алтын іргесі.
Әр рет қарағанымда осы тауларыма,
Ақша бұлттай желпініп сол тау басындағы,
Есіме түсіремін:
Әлде кімдердің бір қитұрқы сандырағын
Өткен ғасырдағы.
Мазақтап күлген екен олар онда:
– Осы таулар,-деп-
Сендерді мешеу қалдырған,
Есіріп тұрған кезі ғой бұл –
Ұзын-ұзын жөлдәрімен
Тегістіктегі түп-түзу тартылған.
Күлкім келеді енді ойлағанымда:
Мұнай құбыраларының қаңсып жатқанын.
Еш айыбы жоқ шығар
Қалжыңға қалжыңмен жауап қатқанның.
Ойламаған ғой олар онда
Дәл бүгін мойнына қоржын салып
Қайсы есіктің алдында тұратынын.
Жұғыны да жоқ қазір
Жылмақтай беттерінде
Жай бір қайыршылар мен тонаушылар ұятының.
Коргендерің бар шығар
Ашылаған бір өгізді
Тұрғанында шілде де
Атан түйенің сортаң тірсегін жалап.
Ұқсайды осыған сол мырзалар
Сілекейін шұбыртқанда
Қомағайлана қарап.
– Болады,-дейді бұрынғылар,-
Бір жақсылықтың да бір жаманы.
Осылай айтқым келеді кейде
Болмасам да сұңғыла пәлсәпәнің тақуа маманы.
Қақтығыспай ма қошқарлар да мүйіздесіп
Таусылғанда жем-шөбі оқырдағы.
Қандай болушы еді бір кәрі дойбышы
Ең соңғы жалғыз тәсімен
Заходқа отырғандағы? !
Құдайға шүкірлік,
Өкінбеймін кенже қалғаныма.
Жетіледі кенже қозы сүтпенен.
Не тарығу бар маған
Қабат-қабат осы тауларым тұрғанда
Ешкімнің маңдайына бітпеген.
Осыны ойлағанымда –
Өзімнің ақылды ата-бабама қанағат етіп,
Отырамын алаңсыз өз төрімде
Өз мүлкім өзіме жетіп,
Қайта-қайта айтқым келеді сонда
Осы бір сөзді:
– Осы таулар – Менің тауларым!
Биік шыңдарда тұрып
Салмақтағандай боламын
Асыл қазына – Байлығымның аумағын.
Көкшіл мұнар емес алқаптарда жатқан,
Қаймағы ғой ол қоию мұнайдың.
Құз жартастардың жақпар сынығына үңіліп,
Көмір жатқан қырқаларды топырағынан-ақсынаймын.
Күн нұрымен шағылысып сарғыш бу көтерілсе,
Лебі тыйгендей сезінемін денеме
Таза алтынның.
Коргендей боламын
Қып-қызыл жаңқа керіштер арасынан
Әлде бір кен тасының құпия жарқылын.
Асығысы не игіліктің,
Қазанда болған соң
Ілінеді шөмішке ақыр бір күні.
Қылдай сызық – Тарыдай Нүктелергежан бітіріп
Қайтарамыз біз де әлі күлкіге – Күлкіні.
Таулар, өзімнің тауларым,
Өлшеймін мен осы тауләрмен
Өлеңімнің салмағын.
Жер қыртысы қатып,
Пләнетә дәл осылай мүсінделгенде
Маңдайыма біткен
Осы таулар – Менің тауларым!
Тас ілгек
Ақ тамақ сол қарғамның асыл жері,
Тезірек бейітім бол, жасыр мені!
Сол менің құлыптасым хат жазулы
Көк мәрмәр алтын балдақ тас ілгегі.
Кім көріп қызықпасын көзі түсіп,
Тұрса бір сұлу сурет-сезім пісіп.
Қоздырып елітеді әсем камзол,
Көрсетіп қуыршақтай белін қысып.
Не деген тап-таза тән келісті еді
Топ-толық көкірегіңнің еңіс жері? !
Сол жер ғой бекітілген тас ілгекпен,
Нәпсідей бекітілген бейістегі.
Көк мәрмәр тас орнатқан есіміме
Әлде сол Зиратымның есігі ме?
Құшақтап жылайыншы босағасын
Бір бақыт болар ма екен несібеме?
Құдай-ай, ете көрші өзің нәсіп,
Ағытып ақ ихрам төсін ашып,
Бас қойып ақ тамағы сәждесіне
Азырақ жатар ма едім бетім басып!
Емес пе көр топырағым бір төмпешік,
Әлде осы жас кеуде де толған өсіп.
Аймалап қиналам сол әппақ тәнді,
Махаббат мехрабы-қайда есік?
А, құдай, ашыла гөр тас ілгегі,
Тезірек мәйітімді жасыр енді.
Келгендей бейіс лебі тұрсын келіп,
Сол жерге көкірегіңнің асыл лебі!
Қара өлеңім
Ежелгі аңқау, момын қара өлеңім,
Томсарып тамыршыдай табар емін.
Ыстығым аса қалса жалбызға орап,
Тигізген тынысыма жылы демін.
Кәрі әжем тағып қойған тұмар қайда?
Беиюақыт жас төсімді ашып айға.
Жатқан жыр тепкішектің кестесінде,
Байланған қос қолтырмаш ашамайға.
Жазғырма, жат емеспін, анам мені,
Қозыдай құлағына салған ені-
Жоғалып кетсем егер жаңа жұртта,
Ақ сүтің сол белгіме табар мені.
Азырақ болса да егер, жын-шалығым,
Болар-ау, қанғандықтан жыр сарығым.
Жоғалмас қыл ұйқасың мойнымдағы
Жалғыз тал көгеніңнің бұршағының.
Уақыт
Уақыт жақсы жолаушы тау айналып,
Күн қызуын күтеді жер табаны.
Таулар ауыр ұйқыдан ерте оянып,
Аспан-теңіз бетіне нұр толады.
Өмір-тамшы, ғасыр бір қызық елес.
Кім мезгілді ұйықтап ойлайтұғын?
Жыл ешкімнің балдызы, жездесі емес,
Етегінен тартып қап ойнайтұғын!
Бір-ақ секунд не бары: өлсең егер,
Төгіледі Нсыбек ырыс толы.
Тірлігіңде қадамың күнде өлшенер,
Ертең қайта тігілер уақыт тоны.
Тастап артқа ғасырды тау тұлғалы,
Жыл зуылдап барады болашаққа.
Мезгіл-жүйрік арғымақ астыңдағы,
Талып белі көрмейді, тасырқап та.
Тоқтата алмас бүйірден жанай шапқан,
Соғып өтер жылдардың никел төсі!
Қозғалыстың заңы бұл-су боп аққан;
Уақыт-тентек мезгілдің бір еркесі.
6alash ұсынды