Меден КАМАЛИҰЛЫНЫҢ күйі "Қара айғыр"

"Қара айғыр" күйі 

Әңгімелеп, шерткен: Меден Камалиұлы


Меден Камалиұлы (10.06.1945ж. - 10.06.2009ж.)

1945 жылы 10 маусымда Қытай халық республикасы Шинжиаң Ұйғыр автономиялы обылысы, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қаратүнке (қазыргі Қызылшілік) ауылында, Тұрғын елді мекенінде діни отбасында дүниеге келген. Әкесі Кәмали, анасы Зүпіранның тәрбиесі мен өмір кеңістігіне қанат қағады. Қатал тағдыр 12 жасында әкеден, 25 жасында анасына айырады. 11 жасына дейін әкесінен толықтай діни сауат алып шығады, кейін мемлекеттік емтихан сынақтарынан сүрінбей өтіп, үздік нәтижемен «дипломды молда» дәрежесін алады. Ұлы әкесі Әбдыразықтан жалғасқан қасиетті Құран ілімімен халыққа қызмет көрсетеді. Тепсе-темір үзетін жастық шағы Қытайдың «Мәдениет зор төңкерісі» деп аталатын солақай саясатына тұспа-тұс келеді. Он жылдық аласапыранда еңбекқорлығы мен, зеректігі мен тепкіде жүрседе асыл дінін ұмытпай, тектілігін көрсетіп, атадан бойға дарыған өнері шебер ұсталығын, ақындығын, дарынды күйшілігін жалғастырып дамыта береді. Кейін заман жақсарғанда халықтың діни сауатын ашып, бала тәрбиелеп ауылдың силы молдасы атанады. Сол кездері ауыру-сырқау, көмекке мұқтаж жандарға халықтың ұйықысы болып, көмекқолын созып отырған.

Меден Кәмәлиұлы жұбайы Әсемхан Хақанқыз

Әнші, сазгер Ырғынбек МЕДЕНҰЛЫ

«Қытай қазақтары» деп аталатын кинода қазақ күйшілік өнерін көрсетеді. Сонымен бірге аудан көлеміндегі ақындар айтысында ақындық қырымен халыққа танылса, «Қызқуар», «Қарайғыр», «Бұлбұл» қатарлы күйлері Шыңжаң телевидениесінің «Алтын қорында» сақталған. «Ауыл мекені», «Арнау», «Не ыстық», «Қанат суылым», «Арман», «Үміт», «Аға ақынға арнау», «Сәлемдеме» қатарлы көптеген өлеңдері және «Жота қажы», «Марқадық батыр» туралы тарихи еңбектері бар.

 

6alash ұсынды