Әшім Дөңшіұлының күйі "Кеңес"
Орындаған: Камал Мақайұлы
Белгілі күйші Әшім Дөңшіұлы 1896 жылы ҚХР, Іле аймағының Күнес ауданында туып, 1962 жылы дүниеден өткен.
Әкесі Дөңші ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытайдың ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. Өзі де "Ақерке", "Ақ толқын", "Таң бұлбұлы", "Сыбызғы үні", "Аққу келді", "Күй қайтарма", "Арман-ай", т.б. күйлер шығарған. 350-ден астам халық күйлерін тарта білген. 60-тан астам төл шығармасын Іле халық баспасы "Әшім күйлері" деген атпен басып шығарған.
6alash ұсынады