Ит жейде жаға-жеңсіз, кең-мол етіп, тігісі сыртынан тігіледі. Олпы-солпы бейнесіне қарап осылай атайды, жаңа туылған нәрестеге жаман болсада аман болсын деп алғашқы кимін кійгізіледі. Ит жейдінің жаға жеңі тар қысқа болса бала кедей болып қалады, таршілік көріп қалады деп ырымдаған. Ерекше ескеретін іс, ит жейде сөзсіз көк реңді бұлдан тігілген. Ит жейде атанудағы бірінші себеп, ит жеті қазынаның бірі, солайда көзге көп түсе бермейтін күйсіз-күтімсіз жүріп ұзақ жасайды, көп дүниеге сезімтәл, қайсар, өте адал. Халқымыз, арық айтып семіз шығу мақсатында балаға деген ақ тілекті астар еткен.
2-көк бұлдан тігүдегі мақсат көк көне түрік тілінде тек, тұп-тұқиян деген мағынаны білдірген, сонымен қатар көк реңді дүниелер өткізгіштігі әлсіз баланы суықтан-ыстықтан қорғайды әсіресе көк бұл, реңі жұғымды болған сайын нәресте шетпе болмайды деп қарап баланың денсәулығы үшін осы реңді бұл істетілген.
Үшінші, бала қырқынан шыққан күні ит жейдесінеАналарымыз дәмді-құжыр түйіп, оны түбет иттың мойынына байлап, содан ауылдың қалың баласы жинап алып, жейде мойнына байланып, ерігіп әрең тұрған итті қоя берген, балалар соңынан тым-тырағай қуып жөнеледі, ит қанша ұзаққа шығандап кетсе, баланың ата-анасы баламның, жүрер жолы ұзақ ғұмырлы, қадамы құтты, ақ жолды адам болады екен деп қуанады. Балалардың қайсысы итты қуып жетсе, мойынындағы жейдені шешіп, ішіндегі дәмді құжырды балалар бөліп таласып жегеннен кейін, жейдені бастарына асыра бұлғап үлкендердің шоғырына жетеді, итті қуып жетіп, жейдені алған баланың анасы, қырқынан шыққан баланың анасынан көрімдік алып, ит жейдені қайтарып береді. Міне осыдан кейін баланы тұңғыш сыртқа алып шығып кең дүниені көрсетеді, қырық шелпек пысырып, қырқынан шығу қуанышын тойлайды, осындай жосындарға байланысты баланың алғашқы жейдесі ит жейде аталған деп қараймын.
Мақпал МӘУЛЫХАНҚЫЗЫ
6alash ұсынды