Құрақ құрау - өнердің сарқыламас қайнар көзі
Кіріспе
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.
Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй "тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Қазақ халқының қолөнерінің бірі –құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларды бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін мұғалімнің ұсынысымен бойыма сіңіре отырып,ғылыми жобамды ұсынамын.
Негізгі бөлім.
1. Құрақ құраудың шығу тарихы.
Әжелер киім тіккенде,
Тастамапты қиықты.
Әр алуан қиық түскенде,
Дорбаға салып жиыпты.
Көп киім тігіп біткенде,
Қиыққа дорба толыпты.
Қиықты сәндеп тіккенде,
Құрақ көрпе болыпты
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.
Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі "сегізжапырақ”, "қызғалдақ”, "ботакөз”, "құдық”, "жұлдыз”, "шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.
Құрақ дегеніміз ерте заманнан келе жатқан жан өнер Каирдің Булат мұражайында қарақұйрық терісінен құрап тігілген өрнектер әрі күнге дейін сақталған, ал Токио мұражайының бірінде Майома Әдонің (1569-1867) асыл тастар мен түрлі маталардың қиындыларынан құрап тігілген киімі әлі күнге дейін сақталған. Демек құрақтар тек кедейлер емес байдың, ханның үйінде де одан жамылғы көрпелер, киімдер тігіп киген.
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра.
Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Бұл құрақ өнері бүкіл елге белгілі өнердің бірі болып табылады. Құрақ құрау көптеген халықтарға бұрыннан белгілі өнер. Ең көне бұйым болып табылатын пэчворк техникасы, ең алғаш рет шыт отаны – Индия елінен табылған. Ерте заманда құрастырылған киімдерді кедей, нашар тұратын адамдар киген. Ал қазіргі таңда құрастырылған киімдерді авангард стилінде пайдаланады. Орта Азия халықтары қазақпен қырғызда – "құрақ”, Ресейде – мозайка немесе "ляпочка” деп, ал ағылшынша «квилт» деп, Жапон халқында «сашико» деп аталады. АҚШ, Германия, Швеция сияқты елді мұражайларында құрақ бұйымдарының коллекциясы бар.
Ал қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бір қатар бұйымдар Ә.Қастеев мұражайнда сақталған.
Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.
Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады. Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.
Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау,қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатындаҚазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат» деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын.
Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті.
Салонның негізін салушы Күспанова Мария Райыпқызы. Өзінің күш-жігерінің арқасында кішкене ғана жерде 1-2 тігін машинасымен өз ісін бастаған Мария апайдың еңбегі жанып, ел ризашылығына бөленді. Іскерлігі бағаланған ол «еліміздің ең үздік кәсіпкері» атанып, Ел Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталып, « Іскер әлем» журналына енгізілді.
Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
2. Құрақтағы бояулар сыры
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді.Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.
Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігі.
Матаны түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының ішінен алдымен түсі ақ, ұсаү суреттері бары таңдап алынады. Бұлар басқа түстерге қарағанда, сирек және аз мөлшерде қолданылады.
- С ұр түс – кез келген гамманы жақсартады.
- Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ компазицияны нәзік етіп көрсетеді.
- Бір бұйымға өте көп материал қолданудың қажеті жоқ, 3- 5 түрі жеткілікті.
- Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек .
Мата түстерін таңдағанда – ашық түс пен күңгірт түстерді , матаның реңіне қарай қарама –қарсы түстерді (контрасные ), топтық түстер гаммасын жасауды басты назарда ұстау қажет.
3. Қолөнердегі қазақ символы
Қолөнер, құрақ құрау, ою-өрнек,
Атты баптап, айып тұрман, қамшы өрмек.
Салт-дәстүрі ешкімге ұқсамаған,
Қазақта қолөнерден кереметті,
Оюлап шығарған сырмақ пен текеметті.
Қаңдай шебер қазақ қыздары,
Құрақты, оюларды дөңгелетті.
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм, белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді...
Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:
1.Табиғат.
2.Жануарларға.
3.Геометриялық.
4.Аспан әлемі.
4. Құрақ маталары.
Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
5. Құрақ тігу технологиясы.
Туған халқым, өнерің ұрпаққа үлгі,
Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі,
Салт-дәстүрі мирас болып бізге жеткен.
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі ,
Халқымның мүрасы ғой құрақ құрау
Ғасырлардан қалыспай бізге жеткен.
Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
1.Матаның қиындыларынан іске ұқсату (Кәдеге жарату).
2.Үлкен сәнділікке баулу,матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып,қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.
Құрақ техникасы немесе пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда құрақ құрау, құрастыру) қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер.Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы қайта бүтін мата жасау.
Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Жұмыс барысында түс үйлесімділігі, қиындылардың симметриялылығы, дәл қиыстыру .
Құрақты құрау кезінде қойылатын талап – ол мата бөлшектерінің симетриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдалынатын мата жұқа, қалыңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тігіске кететін қосымшаны 0,5-1см артық алып, матаның шығымдылығын ескеру керек. Матаның үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайынаған матаның үстіне үлгіні қойып, бормен немесе сабынмен шетін сызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, бормен белгіленген жерін қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы біріктіреміз, одан соң тұрақты тігіс машинаға саламыз. Құрақтың сәнді болуы сызбасымен үлгісіне тікелей байланысты. Машина тігістерін қолмен тігу арқылы орындауға болады. Қол тігістері: тепшіу, көктеу, жөрмеу, қайып тігу, т.б. солардың ішінде қайып тігу әдісімен тігеміз. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларынан тұмаршалауға шашақтауға немесе өзге түсті матамен жиектеп сәндеуге болады. Көрпенің астына лайықтап астар қиып алып беттестіру кезінде екі жағының да оң беті ішіне қарайды. Арасына корпешенің немесе бұйымның барлық жақтауларына олшеніп алынған тұмарша қосыла көктеледі. Мықты болу үшін машина тістерін пайдаланамыз. Құрақ бұйымның оң бетін аудару үшін 8-10 см көлемінде астардың дәл ортасынан ашық тігілмеген жер қалдырамыз. Арасына тұмарша салынып астарланған құрақтың ішіне мақта саламыз да көрпешені көктейміз. Көктеу жұмысы мақтаның түйдектеліп, көрпешенің бір шетіне жинақталып қалмауы үшін қажет. Көктеп болған соң корпешені сулы дәкемен үтіктейтін болсақ тігістің кейбір кемшілігі білінбей кетеді.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі – қолданбалы қолөнерімізді зерттеу, оны ары қарай дамыту қолға алынып жатқан осы сәтті пайдаланып, өзіміз тәлім-тәрбие үйретіп жүрген жас ұрпаққа он саусағынан өнер тамған шебер ата-бабаларымыздың өз саусақтары арқылы өлшем алу жолдарын еске түсірсем деймін..
Үлгісі көптің өнері көп,
Өнері көптің ермегі көп.
Қорытынды.
Құрақ құрау өнерін дымытуды насихаттауымыздың мақсаты қолөнерді сақтап қалып, дәстүрімізді жалғастыру кешегі қажеттіліктен туындаған өнерді бүгінгі жастарды тәрбиелеуге пайдалану, өнерге баулып тәрбиелеу.
Жұмысты жасау барысында көптеген зерттеме жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның ерекшелігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер туындыларын зерттей отырып, құрақ өнерін меңгердім. Жалпы, құрақ өнерін зерттеу барысында, оның түрлерін, жасалу жолдары, тарихы айтылған. Адам, қоғам үшін құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық, әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс. Шын шеберлікке қоса табандылықты талап етеді.
Қазақ халқының қолөнерінің аса қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақ өнерінен көреміз. Ғылыми жұмысымды қорыта қеле, түйген ой-пікірім:
–құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін білу.
–құрақ өнері – есте сақтау, жобалау, шамалау, түстер жарасымдылығын жақсы айыра білуге
–құрақ өнері - өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, шеберлікті талап етеді.
Адамдар молшылықты - дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды.
Мен құрақ құрау өнерін зерттей келе, бұл өнердің арнасы мен мүмкіндігі өте кең екеніне көзімді жеткіздім. Сол себепті бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімін, мінез-құлқын, өзінің тілін, дәстүрін жоғалтпау керек деп түсінемін.
Құрақ маталары.
Құрақ құрау үшін қажетті құрал - жабдықтар
Құрақ қөрпелердің түрлері
Нұртай Аида Қанатқызы
Ағарту сайтынан алынды
6алаш