Халық әні "Баян-ай"
Орындаған: Мағауия Баймұхаметұлы
Әнші, сазгер, ақын, термеші Мағауия Баймұхаметұлы 1956 жылы 9 маусымда Қытайдағы Іле аймағы Тоғызтарау ауданы Жырғалаң ауылында дәулеті отбасында өмір есігін ашқан.
1977 жылы мектепті тамамдап 1978 жылы қызмет сапарын оқытушылықтан бастаған. 1985 жылдан 1995 жылға дейін Жырғалаң ауылдық мәдениет отауында, 1995 жылдан 2011 жылға дейін Тоғызтарау аудандық мәдениет сарайында жұмыста болған.
Мағауия Баймұхаметұлының орындауымен, 1984 жылдан бастап Қытайдағы радио-телевиденің алтын қорына жүзден жоғары ән-терме жазылды. ‹‹Сыйламасаң болама›› ‹‹Қарғаш-ай›› ‹‹Айдай›› ‹‹Елу ердің жасы›› қатарлы үн таспасын шығарған. Көптеген өлең толғаулар жазған. 2006 жылы Шинжияң үкіметі таңдаулы халқ өнерпазы атаған берген.
2011 жылы Іле қазақ облысы Халық үкімет еңбегі сіңген терме мұрагері атағын берді. 2012 жылы Шинжияң әдебиет-көркемөнер бірлестігі жағынан өмірлік үлескер термеші атағын алды. Мағауия Баймұқаметұлы өз ауласынан ‹‹қайнар бұлақ›› атты өнер класын ашып, домбыра, халық әні, терме өнеріне ұрпақ тәрбиелеген үлескер.
2017 жылы жылы 17 шілде науқастан қайтыс болды. Мағауия Баймұхаметұлы қазақ ән, терме өрнерінде өзіндік орны бар тұлға. Әсіресе, дәстүрлі халық ән, термелерді орындауда дара дауысы, орындау мақамы мәңгі мектеп!
6alash ұсынды