Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат -10 қазан күні«Астана» концерт залында жас әнші, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, Дәстүр Асылханұлының "Арманыма хат" атты жеке ән кеші өтеді. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Дәстүрдің тұңғыш ән кеші тосын тыйларға толы болмақ. Әнші бұл концертін қол созған үлкен армандарының алғашқы баспалдағы екенін айтады.
«Бұл менің өнер жолымдағы бірінші есеп беру кешім. Жалпы әнге-күйге әуестігім акенің қанымен ананың ақ сүтімен келді десем артық айтпаған болар едім. Арғы аталарым да өнерге жақын адамдар. Әкем Асылхан Наурызханұлы термеші, дәстүрлі әнші кісі. Сол үшін де болар менің атымды Дәстүр қойғаны өнердегі дәстүрлі жолымызды жаңғыртып жүрсін деген болар. Өнер жолымда азды-көпті нәтижелерге қол жеткіздім. Соның барлығы өнердегі ұстаздарымның және мені қолдап-қуаттаған халқымның арқасы деп білемін. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының қолдауымен кешімді ұйымдастырп жатырмын. Алла бұйырса осы кеште тыңдармандарымды жаңа әндеріммен қуантсам деймін. Концерт жанды дауыста өтеді. Өздеріңіз білесіздер биыл Қазақстанда «Жастар жылы» мен сол жастардың жалынын еліме көрсеткім келеді»,-дейді әнші.
Айта кетейік, Дәстүр Асылханұлы 1989 жылы Қытай Халық Респуликасы Тарбағатай аймағы Шаушек қаласында өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі термеші бір өмірін мәдениет саласына арнаған. Ал анасы болса медицина саласының қызыметкері. Дәстүр - 2008 Астана қаласы Сәкен Сейфулин атындағы қазагро техникалық университетіне оқуға түседі. Қазір Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясында классикалық және эстрадалық ән бөлімінің әншісі!
- 2009 жылы Астана қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жұлдесін жеңіп алған.
- 2010 жылы Республикалық «жасқанат» байқауының финалисті.
- 2012 жылғы «Ақмола жұлдызары» байқауының лауреаты.
- 2016 жылы Шымкентте өткен «Шәмші Қалдяқов атындағы менің Қазақстаным халықаралық ән фестивалі» арнайы әкім жүлдесін алған. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің финалисті.
- Ұлттық арнамыз Қазақстан телеарнасының арнайы жобасы «Қазақстан дауысы» байқауының финалисті.
Ризабек Нүсіпбекұлы
6alash ұсынды