Бұғалық салу – асау жылқыны бұғалық тастап ұстау. Бұғалық үшін ертеде қайыстан ұзын етіп жалғап, басын өріп жасаған қайыс арқандар пайдаланылған және оны ердің қасына асыра, көпшікті айналдыра салып алып жүрген.
Бұғалықты немесе арқанды тастау үшін иіріп қайырылған жылқыны байырқалата отырып, арқан тастаушыға жақындата өткізеді. Оңтайлы сәтте арқанды иіріп лақтырып, аттың мойнына түсіруге тырысады. Кей өңірде бұғалық тастауды шалмалау, арқан тастау деп те айтады. Бұғалық арқанды тәжірибелі, епті қарулы жігіттер ғана салған. Жылқыны бұғалықтағанда құрықты да пайдаланған.
6alash ұсынады