Елімізде соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалақ өзгерістермен қатар, саяси жақтарда да үлкен жаңалықтар, тың бетбұрыстар байқала бастады. Биліктің бейбіт жолмен ауысуы, жаңа президенттің бір қыдыру реформалау жүргізуге күш салуы Қазақстан қоғамының жаңа беталысқа бағдар түзегенін аңғартты десек, елдегі елеулі жаңалықтың бірі ретінде Батыс елдерінде қалыптасқан саяси дәстүр ретінде қолданылып келе жатқан партиялық праймериздің Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отырғанын атауға болады.
Праймериз туралы елбасы Н.Назарбаев биыл наурыз айында: «Праймериз – партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын»,- деген болатын. Осылайша, халықаралық сахнада әбден мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғаш рет «Нұр-Отан» партиясы қолданысқа енгізді. Қазақстандағы көшбасшы партияның жаңа әрі батыл қадамы қоғамда үлкен қолдау тапты. Себебі бұл әр сала, әр кәсіптің мамандарының халыққа, қоғамға қызмет өтеудегі өз мүмкіндігін көрсетуге берілген үлкен орай болды. Өйткені праймериз арқылы партияда білек сыбана іске кірісетін белсенділер іріктеледі. Праймериз ел өміріне елеулі серпіліс әкеліп қана қоймай, халықпен бетпе-бет жұмыс істеуге қабілетті жаңа толқынын саясат сахнасына шығаратын ізашар бастама.
«Нұр-Отан» партиясының дерегіне сүйенсек, осы реткі іріктеуге тіркелгендердің 40 пайызға жуығын әйелдер ұстаса, 30 пайызға жуығын 35-ке дейінгі жастар иеленеді екен. Міне, бұдан праймериздің әйелдер мен жастарға да үлкен мүмкіндік беретін аңғаруға болады. Оның үстіне, халық та ел өміріндегі аталған саяси бастамаға елеңдеп отыр. Олар өздері сенім артатын, Қазақстан қоғамына тың өзгерістер әкелуге қабілет-қарымы жетеді дейтін білікті азаматтардың осы додадан жеңіп шығуын үміт етеді. Осы қатарда біз де өз үміткерімізге тілеулес болып, қолдау білдірудеміз.
Біздің үміткеріміз –«Тұран-Астана» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова. Еңбек жолын оқытушылықтан бастап, «Тұран-Астана» университетінің ректорына дейін көтерілген Гүлжамал Әлкенқызын біз өз ісінің білгірі, білікті басшы, еліне адал еңбек етіп келе жатқан нағыз ұлтжанды қазақ қызы ретінде танимыз. Оның басқаруындағы білім ордасының құрылғанына20 жылдан астам уақыт болған,«Тұран-Астана» университеті жыл сайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап, білім саласына үлесін қосып келеді. Аталғаноқу орны республикалық рейтингтерден де ұдайы бірнеше жыл бойы алдыңғы 10 университеттің қатарында келеді.
Үміткердің ұсынып отырған бағдарламасы да елі мен жерінің көркеюін қалайтын әр азаматтың көкейіне қонады, көңілінен шығады. Себебі профессор Г.Ә.Жапарова білім және ғылым саласының қызметкерлерінің жалақысын арттыру, мәртебесін көтеру, қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын ұсынады.
Өзінің сайлау алды бағдарламасында, ең әуелі, жалақысы төмен және орташа көлемдегі жұмыс істейтін халық мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салаларында шоғырланғанын алға тартқан профессор Г.Ә.Жапарова орташа және ортадан төмен жалақы арасында айтарлықтай алшақтық барын, еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалақ қызметкерлері беделінің түсуіне, кадрлық әлеуеттің «шайылуына», білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің нашарлауына алып келетінін атап көрсетіп, оның шешужолдарынкөрсетеді. Біздің ойымызша, Г.Ә.Жапарова осы орайда еліміздегі барлық ұстаздардың өзекті мәселесін көтеріп отыр.
Ұстаз – адам жанының инженері. Ұстаз ұрпақты тәрбиелесе, ұрпақ – ұлттыұстайтын уық. Ендеше, уықтың өзегіне дақ түспесін десек, ұстаздардың білімі мен біліктілігіне, сондай-ақ олардың еңбегінің өтеуіне де баса назар аударудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында келер жылы қаңтар айынан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға дейін көтеруді тапсырды. Бұл – ұстаздар үшін, әрине, қуанарлық жаңалық. Алайда, білім саласында бұдан басқада түйіткілді мәселелер аз емес. Оны шешуге білікті басшы, білім беру саласына шынайы күйінетін азаматтар керек. Үміткер Г.Ә.Жапарова осы талаптың үдесінен сүрінбей шығады.
«Тұран-Астана» университетінің ректоры Г.Ә.Жапарованың басқа үміткерлерге ұқсамайтын тағы бір бағдарламасы білім экономикасы секторларын дамыту. Шынын айту керек, бас қаламыз Нұр-Сұлтанда бұл саланың дамуы көңіл көншітерлік деңгейде емес. Мәселен, ақылды және технологиялық өндірістер секторының көлемі Нұр-Сұлтан қаласында ЖҚҚ-ның (жалпы қосылған құнның) 1%-ын және жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 1,5%-ын құрайды. АКТ саласы Нұр-Сұлтан қаласының жалпы өңірлік өнімнің 5%-ын алады, бұл Алматыға қарағанда 3 есе аз. Міне, осы көрсеткіштерді алға тартқан Гүлжамал Әлкенқызы шетелдік табысты тәжірибелерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту және инновациялық бизнес жобалармен интеграциялау, әлеуетті шетелдік инвесторлармен қала әкімшілігінің бизнес коммуникасияларын жолға қою, қала брендін жылжыту бағдарламасын қабылдау бастамасын көтеріп отыр.
Қысқасы, Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова сөзі мен ісі сай келетін, айтқан уәдесін орындайтын, өз кәсібінің білікті маманы. Егер ұсынып отырған үміткеріміз праймеризден өтіп, ертеңгі күні ел ісіне араласуына мүмкіндік беріліп жатса, халық баса назар аударып отырған білім саласына аянбай тер төгетіні анық. Ендеше, білім саласының білікті маманы Г.Ә.Жапарованы сіздер де қолдап дауыс беріңіздер, қолдаңыздар!
Жазира Искакова
6alash ұсынады