Үйренудің машақатынан өкініштің азабы ауыр!

Адамның кеудесін керіп жүргенімен кеудесін иіп жүргені тек дене әрекет формасы ғана емес. Ол бір түрлі өмірге деген позиция. Кеудеңді асыра көтере берсең, ешкім маңыңа жоламауы мүмкін, кеудеңді асыра ие берсең, басқалар көзге ілмеуі де ықтимал. Егер кемелді адам болғың  келсе, кеудеңді қай кезде қалай ұстауды біліп ал. Басыңа қиындық туса кеудеңді көтер, батырлық пен қайсарлық деген сол. Ал ойлағаның іске асып, табысқа табандап болса да жақындаған сайын кеудеңді ие түс. Тектілік деген сол.

***

Бұл өмірде мүлде түзу жол жоқ, мүлде дұрыс талғам да жоқ. Біз тек құлшыну арқылы талғамымыздың дұрыстығын дәлелдеп шығамыз. Егер бір қыз (немесе жігіт) сізге қарамай қойды. Соған бола ақылсыз шешім қабылдап, өзіңізді жараласаңыз, соның талғамын дұрысқа шығарған боласыз. Ал,  керісінше оны өкіндіру үшін құлшынсаңыз, шешіміңіздің өте дұрыс болғанын күндер өте келе сезінесіз. Өмір дегеніміз бейне ABCD-ны таңдау. Тек емтихандағыдай таңдаумен ғана жұмыс біте салмайды. Өмірде талғам жасалған соң бағыттамалы құлшыныс басталады.

***

Дүниеде ең қымбатты екі ауыз сөз бар. Бірі мұқияттылық, екіншісі табандылық. Біріншісімен өзіңді өзгертесің, екіншісімен дүниені өзгертесің. Дүниедегі ең жұмсақ нәрсе бір тамшы су ғой, бірақ табандылықпен тама берсе, сол тамшылар тастың өзін тесіп кетеді.

***

Адам өмірінде екі түрлі азап болады. Бір түрі құлшынудың азабы, екінші түрі өкініштің азабы. Бірақ, екінішісі алдыңғысына қарағанда неше мың есе ауыр.

Құлшынған жетер мұратқа! Дүниедегі қиын істер «Менің қолымнан келеді»  деген сөздің арқасында істелген. Егер осы сөзді қайталай жүріп құлшынсаң, он жылдан кейін қазіргі өзіңе қатты алғыс айтар едің.

***

Сен үнемі табысқа жетуді ойлайсың, әлде бір музыка аспабын үйренгің келеді, шетел тілін меңгергің келеді, жеке кәсіп жаратқың келеді, бірақ әлі күнге кешіктірумен келесің.

Шындығында уақыт жоқ па?!

Шындығында соншалық мүмкіндігіміз жар бермей ме?!

Бізден де қарапайым отбасыда туылып дүниеге әйгілі болғандар баршылық қой…

Сонда бізге не тұсау бола береді?!

Сөйтсек біз тек ойдың адамы екенбіз. Ойлаймыз бірақ нақтылы іске кіріспейміз. Уақыт ұзара келе кіріспеген арманның барлығы жел үйірген жапырақтай топыраққа сіңіп тозып жоғала береді.

Сондықтан сіз қазір бір ғана іс істеуге тистісіз, ол тәуекел етіп бірінші қадамды аттау.

Табалдырықтан аттаңыз, табалдырықтан биік тау жоқ, одан асқан соң жол өзі жетелейді.

Ықылас ОРАЗБАЙ

6alash ұсынады