Айтулы айтыс ақыны, арқалы жыр жүйірігі, дәуіріміздің айтыс көшінің көш басшыларының бірі Бердіхан Абайұлының есім-сойын ес білгеннен-ақ естігемін. Әсіресе Жібек жалды жыр жүйірігінің:
– Соққан желдей,
Толқын көлдей.
Болмайды-ау,
Той-мереке ақын келмей аху-ай.- деп келетін мақамы көптеген құлақтарға таныс.
Бердіхан Абайұлы 1940 жылы наурыз айында Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Бала Бердіхан семьясының қиыншылғы себебінен орталау мектепті бітірер-бітрместе қоғамдық ұсақ-түйек жұмыстарға араласады. 1957 жылдың ақпан айында армия қатарына алынады. 1976 жылдан бастап оқытушы болады.
Бекең 1959 жылы армия қатарында жүргенде қосын өнерпазыі сипатымен жаңа Қытай құрылғандығының 10 жылдық торқалы тойына қатынасып, астана-Бейжың сахнасында «Қараторғай» әнін шырқайды. 1979 жылы мемілекет құрылғандығының 30 жылдық тойына тағы да уакіл болып қатынасып, даңсалы ақын Сұлтан Мәжітұлы екеуі қазақтың дәстүрлі ақындар айтысынан таңдаулы өнерлер көрсетті.
Осы екі реткі сапарда да орталықтағы партия Мен үкімет басшыларының ықыласты қабылдауында болған.
Жай отындай жарқылдаған өнер иесінің ғұмыры да сондай қысқа болыпты. Бір демде сіркіреп барып басылатын жайлаудың жауыны мінездес ақын 1990 жылдың 7 наурызында айықпас ауырудан не бары 49 жасында жарық дүниенің есігін жапты.
Бұл күндері жыр жаңбыры Бердіхан Абайұлы ортамызда жоқ болсада әр бір тамшысынан көктеген өскіндері өркен жәйып мәңгіліктің шынарына, аңызда айтылатын алып самұрық қонар бәйтерекке айналып мәуесін алысқа төгіп тұр.
Бекең тап бермеде сөзге ұста, әнін де құйқылжытып сала білетін, актерлік өнерден де өзіндік орынын алған, он беске тарта ән жазған сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі.
Оның отырған жерін қызық-думанға бөлеп жарасымды сөз таба білетін, айтыста әріптесін жетелеп, жебеп сөз сайысын биікке көтеретін қасиеті тыңдаушысын сүйіндірмей қалмайды.
Ақын атақты әріптесі Жамалхан Қарабатырқызымен бір айтысында:
– Жамалхан менде өзіңдей елігемін,
Өрге сап тұлпарымды тебінемін.
Өзіңдей жыр алыбы жаралмаса,
Мен кіммен әріптес боп көрінемін.- десе Жамалхан:
– Бір мезет жыр жазасың бұрқыратып,
Айтысың-онан соңғы дамығаның.
Осы елге түсіндіріп айтып берші,
Ақындық қашан, қалай дарығанын!- деп сауал тастайды. Сонда Бекең:
– Жамалхан, ой түседі сөзіңізден,
Тұрғандай от шашырап көзіңізден.
Жасымда өз анамынан естігенмін,
Онан соң өнеге алдым өзіңізден.- деп қысқа ғана уақытта бір жағы әріптесін биікке көтерсе, енді бір жағынан анасын ауызға алу арқылы халықтық фолклорымыздың бір биігі болған ақындар айтысының аналарымыздың бесік жырынан бастау алатын ауыз әдебиетіміздің қайнарына қосылар қасиетін әйгілеп, аналар еңбегін аспанға көтереді.
Бердіхан ақын айтыс сахынасында ғана емес күнделікті тұрмыстада сөзге шешен болыпты. Оған Жамалхан апамыздың мына бір әңгімесі мысал:
«1983 жылы жазда Сауанның Ұлужан жайлауында өткізіліп жатқан ақындар айтысы кезі еді. Тәңертең ертерек далаға шықсам, анау бетте «Тарбағатай газетінің» бас редакторы, ақын Ақан Бейқұтұлы мен Жұмағали Құйқабайов отыр екен. Мен де оларға жетіп жай сөзбен отырғанымызда анадайдан бізге қарай Бердіхан Абайұлы беттеп келе жатты. Той болғансоң азырақ ұйқы көрген бе, ажары бәсең. Сонымен жанымызға таяи бергенде:
Бердіхан ақын едің қаусырма жақ,
Амал не? Бұзып жүр ғой даусыңды арақ.
Соңына бұл құрғырдың түсе берсең,
Бейшара, ғұмырыңның таусылғаны-ақ,- дегенімде Бердіхан:
Ат болып кетеді-ау деп айғыр басым,
Жолдастар ішкеніме қайғырмасын.
Әйтеуір дос-жаранның көңілі ғой,
Әйтбесе арақ менің қай құрдасым.- деп, қатарымызға отыра кетті. Маңайымдағылар «Әй Беке, жарайсың!» деп жатты. Бұл шынында нағыз ақынға тән тәпбермедегі жауап еді. Іштей жеңілгенімді мойындадым әрі қатты сүйіндім.- дейді.
Бердіқан ақынның бұдан басқада тәп бермеде тауып айтқан әзіл өлеңдері аз емес. Бірде ақ қой пирмасында тойлатып жүрген Бердіхан Абайұлы, Жамалхан Қарабатырқызы қатарлы ақындарды сол жердің бір азаматы қонаққа шақырыпты. Қой уанналанып кеткен үй иесі бір ту ешкісін әкеліп ақындардан бата сұрайды. Сонда Бекең:
Қозы да емес, қойда емес ешкі келді,
Анадайдан дауысы естіледі.
Бата қылмай отыру тағы қиын,
Уақытың созылып, кеш кіреді.
Ақ қойдың азаматы қой әкелмей,
Ешкіменен алдады-ау естілерді.- деп бата жасап отырғандарды ду күлдіріпті.
Бұл қысқа ғана мақалада айтулы ақынның «Тоқсан саласы тоғысар, тоғыз өзені түйісер» тылсым қырларының барлығын ашу мүмкін емес. Десе де қысқаша өмірбаяны мен ақындық өнерінің азғана мысалын алдарыңызға тарттық.
Қанатбек Зайтоллаұлы
6alash ұсынады