Аушадиярға аз түсінік

Сан қилы өмір үрдесінен желкенін жықпай бізге жеткен, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жетелілікке жетелеген, салт-сана, ғұрып-әдеттеріміздің көп сандысы, бүгінгі таңда табиғи жеміріліп, тіпті кейбірі жоғалуғада айналды.

Бүкіл еліміздегі ұлт мұрасына, ұлт мәдениетіне даңғыл жол ашып, жаңа мәдениет құрудың ұлы жорығына шеру тартып отырған тұста, ұлттық салт-сана, ғұрып-әдет мұраларын жинау, зерттеу, саралау, кәдеге жарату әр бір есті азаматтың борышы саналмақ.

Ардақты аналар мен аруларымыздың өткені мен бүгінне ой көзімен қарасақ, әдеп-ибадан аттамайтын, салт-дәстүрінің кейбірі бүгінгі мына дәуірде есімізден көтеріліп, арамыздан ізі суый бастағаны шындық. Соның бірі саласы, қыз ұзатыларда айтылатын сарын, аужар, аушадияр сынды тәрбиелік, эстетикалық құны аса жоғары тұрмыс – салт жырлары.

Сарын, аужар, аушадияр айтулардың тойдың соңында ұзатылатын қыз бен ауылдағы ысылған қыз-жігіттердің айтатын қоштасу өлеңі. Мұнда терең, тамаша, ақылялық жүйемен тыңдарманды тебірентіп, таңдайларын қақтырады әрі тойдың тамашасын асырып, ұлтымыздың асыл дәстүрін әйгілейді. Ал, бүгінгі мынау дамыған заманда бұл мәдениетіміздің сыны кетіп барады.

Қазақ баласы шыр етіп дүние есігін ашып, паниден бақиға аттанғанға дейінгі аралықта бүкіл өмірін тоймен өткізеді. Шілдеханадан тартып, үйлендіру, отаулауға дейін бәрі де той-думанмен өткізіледі. Сондықтан, ұлы ақыны абай: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен қара жерге кірер денең» деп тұжырымдаған. Міне, осындай бірінің салтанатынан бірі асып, біріне-бірі ұласып жататын тойлардың әрқайсысындағы өзіндік жосын-ереже, тәртіп-қағидалары ғасырдан ғасырға жалғаса келе ұлттық салт-сананы қалыптастырған, әрі оны дамытып, кемелдендіріп отырған. Сондықтан той салты қазақ этнографиясында аса мол білімді қамтыған мәуелі саланың бірі.

Аушадияр - той жыры. Дәстүрі үйлену, қыз ұзату тойында орындалатын ән-жыр. Белгілі ырғақпен, әдемі безендірумен, көркемдікпен, ерекше салтанатпен орындалады. Өкінішке орай қазір аушадияр мүлде ұмытылған. «Аушадияр» қыз ұзату, үйлену тойларында жастарға арналады. Жаңа отбасын құрғалы отырған жастардың жаңа өмірлеріне арнап айтылады. «Аушадияр» аса бай, ұлттық дәстүрмен таза ниеттерімен ұрпақ жалғастыруды білдіреді.

Аушадияр – қыз ұзатыларда айтылар нақыл өлең. Қалыптасқан дәстүр бойынша той үстінде де, той тарап той аяғы саябырлаған сәтте де және қыз аттанар мезгілдерде айтылады. Қазақ ішінде бірнеше түрі бар. Мысалы: санамақ түрі былай айтылады.

"Аушадияр - бір болар,

Жаманның көңілі кір болар.

Ата-анасын сыйлаған,

Ақ шалмалы би болар.

 

Аушадияр - екі дер,

Ер жеткеннің еркі дер.

Омырауы толған он түйме,

Қыз баланың көркі дер.

 

Аушадияр - үш болар,

Атан түйе күш болар.

Екі жаман қосылса,

Өле-өлгенше өш болар.

 

Аушадияр - төрт болар,

Қыздың қойыны өрт болар.

Екі жақсы қосылса,

Өле-өлгенше серт болар.

 

Аушадияр - он төрт-ты,

Бұл жалғанда не текті?

Басына күн тусада,

Сертте тұрған қыз текті"

- деп жалғасып отырады. Аушадиярдың өн бойында өмірдің өзекжәрді сағыншы, мұң, қимастық, талым-тәрбие, ғибырат бәрі қмтылып жатады.

Сонау әлмисақтан бері, кең сахарада еркін тұрмыс кешіріп келген халқымыздың әдет-ғұрып, салт-саналарының үйлесімді болып келгені баршаға аян. Алайда, заманның дамуына сай бұл салт-саналарымыздың тұрмыс талабына үйлесетін де, үйлеспейтін де жерлері болуы мүмкін. Бірақ қазақ мәдени мұрғаттарын толықтау және кемелдендіру, оларды жатсынбай, шетке қақпай қажетымызге қарай орын беріп, ұлттық мұрамызды әшекейлеуге боршты екеніміз хақ.

Адамдықты сонау ертеден тани білген халқымыздың тамаша таңдаулы дәстүрлерін заман талабына, заманның даму заңдылығына үйлесітірсек, жалғасты дамытуға әрі ұлттық салт-дәстүрлерімізбен жаңа дәуірге жол тартсақ қандай ғанибет.

Қуаныш ІЛИЯСҰЛЫ

6alash ұсынды